«Сегіз,
он немесе жиырма мейрамхана ашамын» деп алдыма мақсат қойып, өзімді шектеген жоқпын. Кім біледі мүмкін мен елу мейрамхана аша алатын шығармын?
Ең бастысы, мақсатқа апаратын жолда жүру «Rumi Group»-ты ашқанда алдыма қойған мақсатым: «Quality to mass сапаны қолжетімді ету» болды. Сапалы Internet-ті, сапалы майлықтарды қол жетімді ету. Неге оның барлығы қымбат мейрамханаларда болады, неге біздің мейрамханада да сапалы сусабын қолданбасқа, елге сапалы тағам ұсынбасқа? Осындай мақсат пен арманның аясында, «Rumi Group»-та дамыды. Ал егер он мейрамхана ашуды мақсатым деп алсам, арманыма жетіп қойған болатын едім. Ал негізгі мақсатым он мейрамхана ашып алу емес, осы мейрамханалардың қызметі арқылы сапаны халыққа беру, оны қолжетімді ету. Ал бұл жолда, бәлкім елу немесе жүз мейрамхана ашу бұйыратын шығар. Сондықтан есте сақтаңыз, «Мақсат қою адамды шектеу» деп айттым. Яғни ол сандық немесе материалды болмауы керек, ол бір миссиямен, арманмен өрілген мақсат болуы керек. Мысалы, «XA-XA show»-дағы Ақсұлтан бауырым бар. Ол «Менің мақсатым қазақ тілін сәнді қылу» дейді. Бұл, менің ойымша, керемет мақсат. Оның аясында ол автокөлік те алуы, басқа да материалды құндылықтарға қол жеткізуі мүмкін. Ал егер де біз, өз мақсатымызды теңгемен немесе басқа бір эквиваленттермен өлшеп қойсақ, онда мақсатқа қол жеткізген кезде, әрі қарай қайда барарымызды, қалай жүрерімізді білмей, қиналып қаламыз.
Мақсатты емес, мақсатқа апарар жолды белгілеп алу керек. Ал, нысана сол жолдағы әр кезеңде белгілі бір мәселелерді шешу. Сондықтан да мақсат емес, нысана белгілеп ал, сол кезде жеңіс жолында жүресің.
Ақыл-кеңес сұрайтын, тренингке қатысатын адамдардың көпшілігі «мотивация үшін келдім» дейді.
Internet кеңістігінде мотивациялық видеолар мен мақалалардың, дүкен сөрелерінде мотивациялық кітаптардың толып тұрғанына қарамастан, халыққа мотивация жетпейді. Себебі, мотивацияның жарамдылық мерзімі үш-ақ күн. Мен әрдайым айтып жүремін, тіпті менің визитный карточкам болып кеткен шығар, бұл сөздерім:
«Есекке мотивация берсең, ол тұлпарға айналмайды, мотивациясы бар есек болады».
Мотивацияның чемпионы Брайн Трейсидің тренингінің құны 960 мың теңге. Сол тренингке қатысқан жігіттерді білемін, олар үш күннен кейін-ақ сөніп қалды. Мотивация құрал, оны мақсатқа айналдыруға болмайды. Мен сол үшін оны шабытқа алмастырдым.
Шабыт қазаққа етене жақын ұғым, бұған келісесің деген ойдамын.
Шабыттансаң, айтыскер ақындарымыз сияқты бірнеше көлікке қол жеткізесің, кітап жазасың, музыка шығарасың, бизнес жасайсың.
Батыс теориясында армандау «big dream» үлкен орын алады. Олар: «арманың бар ма?», «арманда!», «арманыңа қол жеткіз!» деп айтады. Ал бізде, көп армандайтын адамды қияли деп атайды.
Мысалы, бір жігіт кинорежиссер болуды армандап, алдына мақсат қояды. Үйдегі ата-анасы мен туыстары күліп, «одан да дұрыс жұмысқа тұр» дейді. Себебі, олар режиссерлықты жақсы, тұрақты жұмыс деп білмейді. Осылайша, жас жігітті жан-жағынан ақыл айтып, түртпектеп, алған жолынан тайдырады. Сөйтіп, шабыты жоқ жігіттің бұл арманына қол жеткізуі екіталай. Туыстары қинап тұрып, оны экономист, заңгер немесе менеджер етіп шығарады.
Осы QR -кодты сканерлеп, 2018 жылдың қаңтар айында Versus академиясы өткізген «Мақсат жоқ, нысана бар» тренингінің видео нұсқасын сатып алсаңыз болады
МОТИВAЦИЯ ІЗДEME, ШАБЫТ ІЗДE. Ол үшін қайталаудан жалықпаймын, кітап оқы, фильмдер мен сериалдар көр, музыка тыңдап, серуенде, саяхатта.
ҚАЙТАЛАУ: Сонымен,
Жетістік жоқ жеңіс бар.
Мақсат жоқ нысана бар.
Мотивация жоқ шабыт бар.
ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КITАПТАР МЕН ФИЛЬМДEPTІЗIMІ
«Несмотря ни на что» фильмі.
Вик Джонсон. «52 понедельника. Как за год добиться любых целей».
Стивен Кови. «Семь навыков высокоэффективных людей».
Бернард Рос. «Привычка достигать».
Дэйл Карнеги. «Как перестать беспокоиться и начать жить», «Как завоевать друзей и оказывать влияние на людей»
ІII ТАРАУ
ЖЕҢICTI АЛЫСТАТАТЫН АДЫРАСПАНДАРЫМЫЗ
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЖЕҢICKE ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ
«Екінші болма!» деп аталатын авторлық тренингім бойынша қазақтардың жеңіс формуласы: жеңістің адыраспандарынан, барьерлерден (кедергілерден) және жеңіске апарар жолдан тұрады.
Жеңіс жолының осы негізгі үш бөлігі, жеңіске апарар баспалдақтар секілді. Біріншісін, яғни жеңістің адыраспандарын аттап кетіп, бірден барьерлерге немесе жеңіске апарар жолға өтіп кете алмайсың. Асықпай, бір-бірлеп басқан қадамдарың ғана тұрақтылыққа, аңсаған арманға, қаржылық тәуелсіздікке алып келеді.
Осы бөлімнен бастап, санаң, өзіңе деген көзқарасың өзгере бастайды. Бірақ, бір міндетті шарт бар: сен бұны шынымен қалауың керек. Барлық кемшіліктеріңді мойындауға, менімен ашық, бүкпесіз әңгімеге, кітапты көз жүгіртіп емес, түсініп, қабылдап оқуға дайын болсаң, келесі тақырыпқа өтейік!
ЖЕҢICТІҢ АДЫРАСПАНДАРЫ
Адыраспан жын-шайтаннан, жаман нәрседен аластайтын шөп деп сенеді халқымыз. Ал сызбада көрсетілген бұл сезімдер жеңістен аластайды. Комплекс, қырсықтық, сенімсіздік, эго, сасық көкірек, жалқаулық бұл байдың да, кедейдің де, студенттің де, кәсіпкердің де барлығының бойынан табылатын жаман мінездер. Ал бұл мінездер бар жерде, жеңіс адамды айналып өтеді.