Шонбай Қуаныш - Екінші болма стр 7.

Шрифт
Фон

Колледжде оқығанымда, бәрі орысша зyылдап тұр, менің тілім ойқы-шойқы. Жазғанда да сауатым жетісіп тұрған жоқ. Қате жазамын. Содан қалай да орысшамды түзетуге бел будым. Ол үшін не істемедім десеңші.

Жалғыз кетіп, орысша мәтіндерді айқайлап оқыдым. Оны тағы тығылып істейсің. Біреу естіп, көріп қойса ұят. Қате жазбау үшін бір емес, екі кітапты қатар көшіріп шықтым. Шамиль Аляутдиновтың дәрістерін тыңдайтынмын.

mp3-те музыка болмайтын, тек қана Шамильдің лекциялары. Бір жағы рухани демеу, екінші жағы орысшамды байытуға әсері болды.

Әрине, бұл мен ойлап тапқан әдістер емес. Бенджамин Франклин12, он алты балалы отбасында өскен, он жасында мектептен шығып кеткен адам ғой. Жазушы, журналист, әлем таныған тұлғаға қалай айналды? Өмірбаянын оқысаң, мынаған көзің жетеді. Ол, сауаты шамалы болғандықтан, өз бетімен білімін жетілдіре бастайды. Грамматикасын түзеу үшін «Көрермен» («The Spectator») журналының мақалаларын көшіріп жазады. Одан кейін осы әдісті өзінің стилін түзеу үшін пайдаланады. Өлеңді прозаға, прозаны өлеңге айналдырып, тіл ұстартады. Солай сауаты мен жазу машығын шыңдайды.

Брайан Трейси кітап оқу аздық ететінін, кітапты оқуға мүмкіндік жоқ кезде «тыңдау» керегін айтады. Осындай тұлғалардың қолданған әдістері, өзін дәлелдеген, сүйенуге тұратын тәжірибе.

Комплекспен күресу әдетте адамды белгілі бір мүмкіндіктерден шектейді.

Кері итереді.

Кемшілік деген сөздің өзі шартты. Біреу үшін кемшілік, басқа біреу үшін артықшылық болуы да мүмкін. Бірақ осы «кемшіліктің» сенің еркіңе бағынатыны бар, бағынбайтыны бар. Мәселен, бойым 175 см болса, мен 190 см болып өзгере алмаймын. Әншілік қабілетім жоқ па, ешқашан Димаш Құдайберген бола алмаймын.

Комплекс сенің ойыңда ғана. Адамға көбірек нұқсан келтіретіні де комплекс, бірақ оны жеңу де логикаға салғанда оңай. Өйткені, Сократты13 тағы қайталасақ, «мен өз ойымды басқара аламын». «Ауылдың баласы» деген комплексті «Онда тұрған не бар екен? Еш жерім кем емес» деген оймен ауыстыра аласың. «Тіл білмеймін» дегенді «тез-ақ үйренемін» деген оймен ауыстырасың, комплекске таптырмас қазына ретінде қарасаң, сол кезде алға қойған мақсатыңа, жеңісіңе бір қадам жақындайсың.

СЫЛТАУ

Өмірде ұстанатын қағидаларымның бірі сылтау айтпа. Бір іс қолымыздан келіп жаста, «мен істедім», «мен мықтымын» деу, ал болмай жатса, оны жұрттан көру біздің қоғамға тән. Орынды-орынсыз екеніне қарамастан, әркім өте көп сылтау айтады. «Ата-анам бай емес», «көшеде пробка», «ұйықтап қалдым», тағы да басқа.

Осы сылтауға қатысты бір мысал келтірейін. «MEGA Silk Way» орталығында үлкен «Rumi» мейрамханасын аштық. Сол жердегі галереямен өтіп келе жатқанда, қарсы жағымызда орналасқан кофеханада адам өте көп көрінді, ал бізде адам аз секілді. Операциялық директорымыз Қарақат ханымнан: «Неге оларда адам көп, ал бізде аз?» деп сұрадым. Қарақат ханым болса: «Олардың мейрамханалары кішкентай, сондықтан адам көп секілді көрінеді.

Ал біздің мейрамхананың аумағы үлкен. Негізінде адам саны бірдей сияқты» деп сылтау айта бастады. Мен біздің және қарамағымыздағы жаңағы мейрамхананың адамдарын санап шығуға ұсыныс жасадым. Сөйтсек біздің «Rumi»-де

отыз сегіз, ал оларда елу адам отыр екен. Сол кезде «неге оларда адам көп?» емес, «бізде де адамдардың санын қалайша көбейтуге болады?» деген сұрақ туындады. Әріптесім Айдос мырза кез келген сұрақтың жауабын таба алатын адам. «Неге оларда адам көп, біліп келіңізші, Айдос аға» деп, сол кофеханаға оны жібердім. Бұл жағдайда, менің «Несіне уайымдаймын? Олардың кофеханасы 50 адамға арналса, біздің «Rumi» 150 адамға арналған» деп өзімді ақтап алуыма болатын еді. Негізі бұнда ешқандай «проблема» жоқ, бірақ мен оны өзіме өзім жасап алдым. Айдос мырза 27 минуттан соң қайтып келді. «Қуаныш, біріншіден олардың қызметкерлері баяу жұмыс жасайды, сол үшін 20 минутта шығып кетем деген адам 40 минуттай отырады. Бірақ, ол жер жарық екен, сонысы жақсы» - деді. Өзіміздің мейрамханаға қарадық, шынында да оларға қарағанда қараңғылау. Сылтау айтқан жоқпыз, мәселені шешуге кірістік. Сол күні Қарақат ханым мамандарды шақырып, қалай болу керек деп сұрап, қажетті жарықты қосты да, барлығын тәртіп, яғни заң бойынша жасады. Келесі күні саудамыз өсті.

Сылтау айтудың қажеті жоқ. Жалпы, ешқашан сылтау айтпаймын, сені де соған шақырамын. Бұнда мен сылтау туралы үлкен трактат немесе сылтау айтпаудың жолдарын жазбаймын. Тек бір мәселені түсінуге және қабылдауға, өмірде қолдануға шақырамын, ол сылтау айтпау.

НЕГЕ БАТЫС КІТАПТАРЫ БІЗГЕ КӨМEKTЕСПEЙДІ?

Бойымыздағы проблемалардың барлығын тізбектеп шықтық, анықтап алдық. Мақсат қоя алмаймыз, эго, сенімсіздік, тағысын-тағы осының барлығы адам өмірінде бір дискомфорт (жайсыздық) туындатады. Бұл сезімнен адамның құтылғысы келіп тұрады. Сол кезде, бас сауғалап Батыс методикасын (әдістеме) іздейді. Батыс авторларының бұл туралы «Мақсатқа жетудің елу бір жолы», «Өзіңді дамытудың сексен сегіз жолы», «Арман табудың он алты жолы» сияқты кітаптары өте көп.

Триггер14 деген түсінік бар, мысалы, адам өзін кедеймін деп сезініп жүрсе, сол кедейлік туралы әңгіме естice, ойында ұстап, бірден оны миына қабылдап алады. Адам триггерлерге ілініп қалады да, сол триггерлерді іздей бастайды. Тура солай, адамдар Батыс методикасын іздестіре бастайды. Әрине, Батыс кітаптары мен методикалары жұмыс істейді және олар пайдалы, бірақ олар сол жақтың азаматтары үшін, сол қоғамға бейімделген. Ал бізде, өзіміздің қоғамға тән, осы ортадан шыққан ауруларымыз, проблемаларымыз немесе әке-шешеміздің бойымызға сіңірген аурулары бар. Батыс кітаптары көмектеспейді емес, көмектеседі, егер біз қойған талап соған сәйкес болса. Ал біз қойған талаптар, күнделікті өмірдегі қателіктеріміз бен кемшіліктер болғандықтан, Батыс реалиясы (өмір салты) бөлек, ал біздің реалиямыз бір бөлек. Біздегі дизельді автокөліктер нашар, дұрыс жұмыс істемейді дейді, өйткені бізде дизель нашар. Ал ол автокөлік шетелдік жолдар мен солардың дизеліне арналған. Байқасаңыз, Батыс көліктерінің сипаттамасында сегіз литр бензин «жейді» десе, бізде шамамен он бір литр бензин кетуі мүмкін. Себебі, бізде жанармай сапасы нашар. Қайтадан батыс реалиясы мен біздің реалияның екі түрлі екеніне көз жеткіземіз. Сол сияқты, Батыс кітаптары да, солардың ішкі дүниесіне арналған.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Похожие книги