Шонбай Қуаныш - Екінші болма стр 5.

Шрифт
Фон

антикейс: @aina_doskyzy

ФОРМАҢНЫҢ ЖОҚТЫҒЫ немесе БАРЫҢ МЕН ЖОҒЫҢНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

«Егер бір сөйлеммен адамның кім екенін анықтай білмесең, онда ол адамнан ақыл сұраудың қажеті жоқ».

Нассим Талеб, «Черный лебедь» теориясының авторы

Бізде бір мәселе бар адамдарда форма жоқ. Мысалы, мен тендермен айналыстым, бірақ кетіп қалдым. «Неге?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Себеп форманың болмауы. Тендермен айналысатын адамдарға, «Не істеп жүрсің?» десең: «Әй, біздікі бизнес» деп жауап береді. Ал не бизнес екенін айта алмайды, себебі форма жоқ! Менің одан да, «палау сатамын» деп айтқаным жақсы.

Internet желісінде талай мықты азаматтар бар, бірақ кім екенін айта алмайсың, форма жоқ. Мысалы, біздің «Versus» академиясының директоры Мейірбек мырза кезінде блогер болып жүрген, қазір бизнес бойынша білім беретін академияның басшысы, яғни форма бар, блогер дегеннен әлдеқайда жақсы ғой.

Егер өзіміздің нақты образымызды, формамызды қалыптастырып алмасақ, өзіміздің абстракциялы жалқау, еріншек образымызды жеңе алмаймыз.

Идеал образымызға жету жолдарының біріншісі саяхаттау, ел бармаған жаққа бару керек. Егер ел қатарлы солар барған жерге барсаң, саған тың идеялар келмейді.

Мен жазда Сыктывкарға емес, барлығы сияқты Анталияға барсам, қазір «Rumi» мейрамханалар желісі болмайтын еді. Егер мен басқа рестораторлар сияқты шабыттануға Стамбұлға емес, Мәскеуге барсам, бәлкім, «Dala» мейрамханасы болмайтын еді, Нұсрет мырзаны, Мұрат Шеф пен Оғыз мырзаны кездестірмес пе едім.

Екіншісі кітап оқу. Кітапты біз алдымызға үш түрлі мақсат қойып оқимыз: шабыт алу үшін үшін; ой түю үшін және сұраққа жауап табу үшін.

Бұнда да барлығы оқып жүрген кітаптарды емес, өзгеше ойлауға жетелейтін, өзіңде қандай да бір қызығушылық тудыратын авторларды оқу. Ол «сәнге еліктеп кітаптың бетін ашу» емес, білім, шабыт іздеу, өзгеше идеяларды іздестіру болуы керек. Маған қатты әсер еткен кітап «Финансист», авторы Теодор Драйзер7. Бір жақсы әңгіме бар, осы жерде есіме түсіп отыр. Бір баланың әкесі, ұлын кітап оқуға баулудың жолын ұзақ іздестіреді. Бір күні, ұлына күнделікті қажеттілігіне беретін ақшаны кітаптың бетіне жабыстырып отыруды ойлап табады. Содан, баласы ақшаны іздеп жатып, бір кітаптың бөлімін оқиды, екіншісін оқиды, сөйтіп, кітап оқуды жақсы көріп кетеді.

Өзімізге қажет, образ қалыптастыруға көмектесетін кітапты таба білу маңызды. В контактедегі статус есіме түседі: «Өміріңді өзгерту үшін бір-ақ кітап жеткілікті, ал ол кітапты табу үшін он мың кітап оқып шығу керек».

Жоғарыда айтып өткен «Финансисттің» басты кейіпкері Френк Каупервудтың тұлғасына, іс-әрекетіне қарап, өзіңе образ қалыптастырасың, «осы сияқты болуға ұмтылайыншы» дейсің. Кітапты оқып, образ қалыптастырудың тағы бір жақсы жағы, ол образды, форманы өз көзіңмен көресің, түйсігіңмен сезінесің. Ол қатып қалған образ емес, оны өзің ойыңнан құрастырасың.

Үшіншісі телехикаялар. Қазіргі таңда телехикаялар өте көп, олармен күресудің қажеті де жоқ. Сондықтан минусты плюске айналдырамыз да, жақсы, пайдалы телехикаяларды көреміз. «Миллиарды», «Черный список», «Форс мажоры» деген сериалдарды көруге кеңес беремін.

Ричард Талер америкалық экономист, мінез-құлықтық экономика саласындағы зерттеуі үшін 2017 жылғы Нобель сыйлығын иеленген. Оның тұжырымдамасы бойынша «Сен өзіңнің миыңды, ойлау жүйеңді өзгерте алмайсың. Ол тек қана сенің әрекеттерің арқылы өзгереді». Абай атамыз мұны жүз жыл бұрын: «Болмасаң да, ұқсап бақ» деп айтып кеткен.

Бір танысым тендермен айналысады. Өзінің қағидалары бар, халыққа жақын болу, қарапайым киіну деген сияқты. Автокөлігі де соншалықты күшті емес, Жұмысы жүреді, бірақ мықты тендерлерді ала алмайды. Мәселе неде деп ойланады да, Шамиль Аляутдиновтың8 дәрісіне барады. Сол кезде Шамильдің оған айтқаны: «өзіңді табысты адам секілді ұста». Содан бері тек қана костюм киетін болды, «Land Cruiser» автокөлігін сатып алды. Нәтижесінде ісі де алға басты.

Брайан Трейсидің9 1996 жылы жазған кітабында да осыған ұқсас мысал жазылған. «IBM» компаниясы жариялаған тендерге бір айтищник маман екі есе арзан, бірақ екі есе сапалы жұмысын ұсынған және бір компания сапасы екі есе төмен, ал бағасы екі есе жоғары өз жұмыстарын ұсынады. Араларындағы айырмашылық төрт есе. Бірақ жұмысы қаншалықты жақсы, ал бағасы арзан болғанымен, айтищник жігіт ұтылып қалады. Тендер өткізген «IBM»-нің басшылығынан «неге мен ұтылдым?» деп сұрағанда: «Түріңе қарап осындай жұмыс жасай алатыныңа сену қиын. Ал әлгі компанияның адамдарына қарасаң, олардың біздің компаниямен жұмыс жасай алатынына сенесің», деп жауап береді.

Айтайын дегенім, біз жақсыға ұмтылуымыз керек.

«Ұқсап бақ» дегеніміз, сол образға жанасатындай, сәйкес жүріс-тұрыс, әдет қалыптастыру. Киім-кешекпен, шаш үлгісімен біз табысты адамдарга еліктей аламыз.

Ұшақпен көп ұшамын. Сондағы байқағаным, эконом-кластағы жолаушылардың барлығының қолында смартфон, планшет. Ойын ойнайды, кино қарайды. Ал бизнес-кластағы жолаушылар кітап, газет оқиды немесе шаршағандықтан ұйықтайды. Біз әдеттерімізбен ұқсай аламыз: кітап оқып, мағыналы сөйлеп,

ойымызды дұрыс және нақты жеткізіп, сапалы киім алып.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Похожие книги