Шонбай Қуаныш - Екінші болма стр 16.

Шрифт
Фон

Майерс-Бриггс типологиясы бойынша ситуациядағы ориентир жасау шкаласы Sensing/Сезіну мен Intuition/Интуиция (SI): біріншілер өздері сезіп, білген дүниелерден әлем туралы ақпарат жинайды: тәжірибеге, фактілер мен детальдарға сүйенеді. Екіншілер теориялар, схемалар мен әсерлерге, болашақ мүмкіндіктерге көбірек мән береді. Шешім қабылдауға негіз Thinking/Oйлану мен Feeling/Сезіну (TF): біріншілер логика мен объективтілікке көбірек мән береді, екіншілер сезімге сүйенеді.

Шешімді қабылдау әдісі жағынан Judging/Пайымдау мен Perseption/Қабылдау (JP): біріншілер өз пікірі жөнінде салмақты да берік, екіншілер иілгіш, жұмсақтау, бейімделгіш келеді. Осы төртеудің әр түрлі комбинациясынан адам мінезінің сипаттамасы шығады.

ESTJ реалист, администратор, ENT командир, кәсіпкер, ISTJ организатор, инспектор, ESEJ оқытушы, тәрбиеші, энтузиаст, ENTP өнертапқыш, армандаушы, іздеуші, т.т.

TOMAS тесті. Біз «Rumi»-де әр адамның жеке қабілетіне анализ жасау үшін «Tomas тестін» қолданамыз. Ол төрт фактордан тұрады, әрбір фактор адамға жеке өзіне ғана арналып жасалады.

БІРІНШІ басымдылық «D» деп белгіленеді. EKIHШІ басқа ортаға әсер етуі, «І» деп белгіленеді. ҮШІНШІ тұрақтылық, «S» деп белгіленеді.

ТӨРІНШІ аналитиктер, «C» деп белгіленеді.

Төрт фактор диск ретінде жазылады. Осы 4 фактор бойынша 24 сұрақ қойылады. Осы сұрақтар арқылы адамның жеке қабілеті анықталады, жеке анализ жасалады. Оны белгілі бір шкала арқылы анықтайды. Егер шкала жоғары болса, ол жоғары фактор, шкала төмен болса төменгі немесе қосалқы фактор деп аталады. Бұл тест жұмысқа адам алар кезде өте тиімді, мысалы, саған менеджер керек болса, тұрақты және беделді адам алған абзал, егер бізге белсенді сату маманы немесе мотиватор керек болса өз дегенін істете алатын беделді адам керек, ал егер орындаушы керек болған жағдайда тұрақты адамды жұмысқа алу қажет.

1-Басымдылық қасиеті(D) ол адамдарды басқаруды ұнататын, өз сөзін жүргізе алатын және ойын үнемі айтқысы келіп отыратын адамдар. Ол адамдардың жұмыс орындары ретсіз жатады, өз дегендерін басқаларға істеткісі келеді. Көбінесе шапшаң қимылдайтын, шыдамсыз адамдар. Адамдармен қарым-қатынаста бірбеткей. Адаммен сөйлескенде көзіне қарап тұрып сөйлеуден қысылмайды, конфликтіні жақсы қабылдайды, бірақ тұрпайы. Басқа адамдардың көңіліне қарамайды, өзгелердің жұмысы іш пыстырарлық болса, тура айтудан тарықпайды.

Нақты мақсаты бар адамдар. Бұл адамдардың ең үлкен қорқынышы өздері қойған мақсаттарына жете алмай қалуы. Басқа ортамен жұмыс істеген кезде, өз ойларын ашық айта алады, сонымен қатар бұл адамдармен жұмыс істеген кезде оларға қатты бақылаудың керегі жоқ. Жұмыстарын жақсы істейді, тек шамалы биліктің болғанын қалайды. Сіздің компанияңызға бұл адамдардың әкелетін пайдасы жаңалық енгізетін болсаң тез қабылдап, жақсы нәтиже шығара алады.

2-Әсер ету факторы (I) олар сырттан қарағанда тәртіпті, ұқыптылықты ұнатады. Ортаға тез сіңіп кетеді, ойын ашық жеткізе алады, үнемі болмаса да өзіне көңіл бөлгенді қалайтын қызметкерлер. Басқа факторларға қарағанда қозғалыстары өте ширақ. Жылы шырайлы адамдар, мотивацияны көпшілік алдында да немесе жеке мақтау сөз естігенде алады. Олар негізі белсенді сату маманы, бұл жұмысты оңай атқарады, шартты оңай жасасады, тендерге жұмыс істейтін адамдар. Оларға

жұмыс беретін болсаң көп нәтиже күтіп қажеті жоқ. Себебі, олар жоқ деп те, істеймін деп те айтпайды. Негізінен бұл адамдар арманшыл келеді, көп сөйлегенді жақсы көреді, ортада ерекшеленіп жүргенді ұнатады.

3-Тұрақты адамдар (S) жайлы аймақтарда жүріп үйренген адамдар. Алға ұмтыла бермейді, өзгерістерден қорқады, баяу сөйлейді, бірақ ойын анық жеткізе алады. Бір орында 20-30 жыл жұмыс істеп жүре беру де мүмкін. Бұл адамдарға үлкен сеніммен ұзақ уақытқа жұмыс тапсыруға болады. Олар үшін ең маңыздысы отбасы. Киген киіміне көп мән бере бермейді. Қорқынышы өзгерістер. Өзгеріс болған жағдайда, көбі стреске түсіп кетеді, конфликтіге жақын емес, жақсы ұйымдастырушылар, жақсы қызметкерлер, егер айтқаныңды ұзақ уақыт бойы екі етпей орындайтын қызметкер керек болса, дәл осы фактордағы адамдар лайық.

4-Бейімделу факторы (С) олар бір жаққа бару үшін бүге-шігесіне дейін дайындалатын, бірақ көзге тік қарауға қорқатын, дегенмен, өзінікі дұрыс екенін білсе, өз дегенінен қайтпайтын адамдар. Негізінен қағазбен жұмысты жақсы жүргізетін заңгерлер, бухгалтер. Бірақ өздеріне сенімсіз, ойларын ашық жеткізе алмайтын адамдар. Фактор S және С олар бір нәрсе істесе оны толық зерттеп барып шешім шығарса, қалған екі факторлар өзгеріске тез үйренеді.

PPL тұлғаның сұлбалық анализі. Төрт фактор бойынша сипаттама береді.

Конфликтілік құбылыстарды зерттеу бағытында К. Томас26 конфликтілерге деген дәстүрлі қарым-қатынасты өзгертуге көңіл бөлген. Оларды зерттеудің алғашқы кезеңдерінде «конфликтілерді шешу» термині кең қолданылатынын көрсете отырып, Томас бұл термин конфликтілерді шешу немесе жою мүмкін және қажет екенін түсіндіретінін айтқысы келеді. Осылайша конфликтілерді шешу мақсаты адамдар толық үйлесімде жұмыс істейтін идеалды конфликтісіз күй болып есептеледі.

Бірақ соңғы кезде конфликтілерді шешу аспектісіне мамандардың қарым-қатынасы өзгерді. Томастың ойынша, бұл екі жағдайға байланысты: конфликтіні мүлдем жою мүмкін емесiн саналы түрде түсіну, конфликтінің жағымды қызметтерін көрсететін әдістемелер санының артуы. Осыдан автор ойы бойынша конфликтіні мүлдем жоюдан оны басқаруға екпін жасалуы тиіс. Осыған сәйкес, Томас конфликтіні зерттеуде келесі аспектілерге назар аудару керек: конфликтілік жағдайларда адамдарға мінез-құлықтың қандай формалары тән, олардың қайсысы тиімді және тиімсіз; қалайша тиімді мінез-құлыққа жағдай жасауға болады.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Похожие книги