Конфликтілі жағдайларда адамдардың мінез-құлық типтерін бейнелеу үшін Томас конфликтіні реттеудің екі өлшемді моделін қолдануды ұсынады. Мұндағы негізгі өлшем кооперациялар, яғни адамның конфликтіге қатысушы басқа адамдардың қызығушылығына назар аударумен және өз қызығушылықтарын қорғаумен байланнысты табандылық. Бұл негізгі екі өлшемге сәйкес Томас конфликтіні реттеудің келесі тәсілдерін бөледі.
1.Басқаның қызығушылықтарына зиян келтіріп, өз қызығушылықтарын қанағаттандыруға ұмтылу ретіндегі бәсекелестік.
2.Бәсекелестікке қарама-қарсы, яғни өзге адам үшін өз қызығушылықтарын құрбан етуді білдіретін бейімделу.
3.Мәміле.
4.Қашу, кооперацияға ұмтылысының және өз мақсаттарына жетуге үрдісінің болмауы тән.
5.Бірлесу, яғни қатысушылар олардың екі жақты қызығушылықтарын толық қанағаттандыратын балама болып келеді.
Конфликтілі жағдайдан қашуда Томас екі жақ та жеңіске жетпейді деп есептейді. Бәсекелестік, бейімделу және мәміле сияқты мінез-құлық формаларында қатысушылардың біреуі жеңіп, екіншісі жеңіледі немесе мәмілеге жол бергендіктен екеуі де жеңіледі. Тек қана бірлесу жағдайында екі жақ ұтыста болады.
Мінез-құлықтың типтік формаларын анықтауға бағытталған сауалнамасында Томас конфликтілі жағдайдағы индивидтің мінез-құлығының бес нұсқасын 12 сөйлеммен бейнелейді. Олар 30 жұпқа топтастырылған. Олардың әрқайсысынан сұхбаттасушыға оның мінез-құлқына сәйкес келетін сөйлемді таңдау ұсынылады. Бір қарағанда жалпылама сияқты көрінгенімен, Майерс-Бриггс тесті бизнесте, басқару, білім беру саласында, әсіресе, Батыста жаппай қолданыста. Америка оқушыларының көпшілігі (кейбір деректер бойынша жетпіс пайызы дейді) болашақ мамандықты анықтарда осы тестке жүгінеді. Көп компаниялар жұмысқа қабылдамас бұрын ізденушіні осы тестен өткізеді. Шығармашылық сала дұрыс па, техникалық сала дұрыс па, басшылық қызметке икем бар ма, бағынушылық басым ба, детальдармен жұмыс істейсің бе, стратегиялық тұрғыдан ойлайсың ба, миыңның оң жақ жартысы
билей ме, сол жағыма... сол сияқты ерекшеліктерден тұлғаның портреті анықталады.
Өзіміздің қандай қабілетіміз барын айқындай білуіміз керек. Бұл өте қиын нәрсе, бірақ, қабілетіңмен бар істі жасасаң, жеңіске жетуің оңайлау.
Өз қабілетіңді анықтағаннан кейін таңдаудың келесі сатысы алдыңнан шығады. Ол «Саған не ұнайды?» деп аталады.
Айталық менде халық алдында сөйлеу, ұйымдастыру қабілеті бар дейік. Қандай мүмкіндіктер бар? Жақсы тренер болуым мүмкін, мұғалім, журналист, бәлкім, имам болуым да мүмкін еді. Осы мамандықтардың әрқайсысы туралы ойландым, өзімді сынап көрдім де. Тілші болам дедім, «Алаш айнасы» газетіне мақалаларым да шыққан. Футболдан мектеп командасында ойнадым, тренер болып та көрдім. Сонда Оливер Каннға27 қызығып, қақпашы болам, спортшы болсам деп армандайтынмын. Мұғалімдікке бейімделіп, колледжде сабақ бердім.
Икеміне қарай қолымнан келеді-ау дейтін дүние көп болады. Он бес, жиырма кәсіп. Солардың ішінен біреуін таңдау керек. Бұл таңдауға өзіңнің сезімің негіз болады. Сенің қолыңнан көп нәрсе келуі мүмкін, бірақ оның бәрі бірдей қуаныш сыйламайды делік. Саған ең көп қуаныш сыйлайтын іс қана ең үлкен жеңістерге жеткізеді. Бір саладағы жеңіс пен сенің сол саладағы қызығушылығың тура пропорционалды. Нені қалайсың?
Біріншіден, сыртқы факторлар, қоғамдағы қасаң қағидалар мен стереотиптерден ойыңды босат.
Бізде балалардың көбі әкімшілікте, Министрлікте қызмет істегісі келеді. Бірақ оның арғы жағында қандай ауыртпашылық жатқанын білмейді. «Акимат» деген аты ғана емес, мемлекеттік қызметтің құндылықтары үшін бармаған адам, ол жерде бақытты бола алмайды. Немесе заңгер, экономист болам деу мода болды. Талай мектеп түлегі, ешбір ойланбастан «юрфак» пен «экономфактарға» лап қойды. Сол қаптаған экономистер мен заңгерлердің біразы дипломдарын алған соң таксист пен күзетші болып кетті. Солардың ішінде қаншама археолог, дизайнер, шаштараз не тігінші «өліп» кетті...
Мәселе мынада, болашағын таңдайтын кезде ол балалар «не нәрсеге икемім бар?», «не нәрсе маған қуаныш сыйлайды?» деп ойланған жоқ. Қазір менеджер деген «жақсы» сөз бар, «менеджментті оқып жатырмын» деп мақтан көріп айтады. Бірақ менеджментті оқыдың екен деп саған ешкім отырған орнын, атқарып отырған қызметін бере салмайды. Қай салада менеджер болғың келеді? Ненiң менеджері болғың келеді? Ең бастысы, ол саған ұнай ма? Менеджерлік сені бақытты қыла ма?
Соны анықтап алып қана алға жылжуға болады. Таңдау жасаған кездегі ұран, «престиж үшін» емес, «маған ұнайтыны үшін» болуы керек.
Екіншіден, «нашар кәсіп, не сала болады» деген ойды санаңнан өшір. Нашар пән болмайды, нашар оқушы болады. Менеджментті, заңды не экономиканы оқуың міндетті түрде жеңіске жеткізбейді. Есесіне өзің қалайтын кез келген сала, басқалар дұрыс бағаламайтын, менсінбейтін болса да, жаңа есіктерді ашуы мүмкін.
Өмірдің өзі дәлелдеді, адам өз ісін тапса, оның жетістігіне ешкім кедергі бола алмайды. Мысалы, Стамбұлда Нұсрет Гөкче28 деген ресторатор тұрады. 34 жасында оның Түркия мен Дубайда бірнеше мейрамханасы бар.
Жақында Абу-Дабиде, Маямиде тағы мейрамхана ашқалы жатыр. Оның жеңіс жолына қарасаң, бес сыныптық қана білімі бар. Он үш жасында таныс қасапшыға келіп, «білгеніңді үйрет» дейді. Содан бастап еттің барлық түрін зерттейді, еттің білгіріне айналады. Біртіндеп сол төңіректегі белгілі қасапшы болып шығады.