Шонбай Қуаныш - Екінші болма стр 15.

Шрифт
Фон

QAZAQSTAN ұлттық телеарнасында өткен «Үміткер» реалити-шоуында Данияр Тоқтағұл деген қатысушы болды. Шымкенттің жігіті. Шоу барысында дарыны мен қабілетінің арқасында талай адамдарды жарыс барысында құтқарып, жартылай финалға дейін жетті. Біз оны «Rumi Group»-қа жұмысқа алдық, бәлкім, өзі күтпеген қабілеті үшін. Себебі, ол жобаға мейрамхана бизнесін меңгеру үшін келген және шоуға дейін Шымкентте пиццерияда пиццар болып жұмыс істеген. Ал біз Даниярды жақсы сурет сала алатыны үшін және де интерьерге деген қызығушылығы үшін алдық. Қазір, ол біздің жоба менеджеріміз. Енді сұрақ: «Шымкентте бір жігіттің сурет салу қабілеті мен интерьерге қызығушылығы сұраныс бойынша нешінші орында болуы мүмкін?». Меніңше он алтыншы орында болар. Ал егер, сұраныс одан да жоғары болса, осындай қабілетпен ол Шымкентте пиццерияда жұмыс істемес еді ғой. Оның бұл қабілеті екі айдың ішінде пайда болған жоқ, Даниярдың бойында бұл қабілет бұған дейін бар еді. Алайда, ол қабілет бағаланбаған. Саған жеткізейін деп отырғаным да осы. Адам өз бойындағы қабілеттерін толығымен қолданып, оны карьераға немесе бизнеске қолдана алуы керек.

Сыртқы көріністі емес, ішкі көрінісімізді ойлауымыз керек. Кішкентайымнан тез сөйлейтінім бар, оған көндік, мойындадық. Оған қоса, «көп сөйлейсің» деп те айтатын. Халық арасында бұндайларды «мылжың» дейді. Енді, ақыры көп сөйлейді екенсің, табиғатында бар нәрсе болғаннан соң, сөздің көлемін өзгерте алмасам да, сапасын өзгертуге бел будым. Сапалы, мағыналы көп сөйлесең, онда «шешен» дейді. Шешенмен мылжыңның арасындағы кішігірім айырмашылық сөйлеген сөздің сапасында болып тұр. Сондықтан сапаға көңіл бөлуді жөн көрдім. Кейде бойымыздағы бар қасиетті кемшілік емес, артықшылык деп түсінсек, оның бізге тигізер пайдасы көп болады. Минусты плюске айналдырудың бір керемет жағы осы болар.

Қабілетіңіздің басқалардан өзгеше болғанын кемшілік деп қабылдамаңыз.

Өкініштісі, қазіргі таңда адамдар қолынан келетін істі анықтап, одан ләззат алып, жақсы нәтиже көрсетуді алға қоймайды. Оны мына суреттегі «Жастарды, сонымен бірге ауыл жастарын жұмысқа орналастыру мен жұмыспен қамтылуға бағытталған іс-шаралардың барысы туралы» анықтамалықта көрсетілген 2017 жылы өткізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесінен көруге болады. Тіптен, кейбіреулері жеңіске алып баратын өз ісіңе деген сүйіспеншілігің емес, басқа факторлар деп ойлайды екен.

Керісінше бір түрлі, өзгеше болудан қорықпаңыз. Ғалымжан Молданазар алғаш таныла бастағанда, адамдардың көбі оны қабылдаған жоқ, «ыңылдап қалған» өлең айтады деп сынады да, ал қазір Молданазардың концертінде адам лық толы, жаңа бейнебаяндары мен әндерін де тағатсыздана күтеді. Молданазар бір түрлі, басқалардан ерекше болуға қорықпаған. Димаш Құдайбергенов те өз қабілетін анықтай алған ерекше адамдардың қатарында. Димаштың бір сайысқа қатысқаны туралы ютубта жүрген видеоны көрген шығарсың. «Даусың қыздікі сияқты», «Соншама шыңғыра бермеші» деген талай сынға ұшыраған Димаш, Қытай елін бір бағындырды, одан соң бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Ол да басқаларға ұқсамайды.

Белгілі психолог Каплан былай жазады: «Соңғы отыз жылда тұлға дамуын зерттеп, мынадай қорытындыға келдім: адамдардың үміті мен ұмтылысына жетуінің кілті жеңіске жету емес, одан гөрі ішкі потенциалды ашу мен пайдалануға күш салуда. Бұл жолды таңдаған соң жеңіс туралы өз түсінігіңіз қалыптасады, басқалардың жетегінде кетпейсіз, қоғам стереотиптерінің қамауында қалмайсыз. Көпшілік үшін бұл ауыр сынақ. Өйткені өзіңізді танып, түсініп, сыртқы факторлардың көбінен абстракциялануға тура келеді. Адам бұл сатыдан өтсе, бейне бір қорғаныш қабыршағына ие болғандай болады. Бұл адамды басқалардың менсінбеушілігі мен болымсыз әңгімесінен қорғайды». Демек, бәрі де ішкі потенциалға тіреліп тұр. Соны анықтап алмай, бір жүйеге де келе алмайсың. Менің байқауымша, өмірде, қоғамда жеңіске әкелетін бес негізгі фактор бар дейді. Олар: сұлулық, байлық, таныс, дарын (талант), білім. Бірінші төрт фактор адамға байланысты емес. Сұлу болып туады, бай ата-ананы,

дарынды, мықты таныстарды біз сұрап алмаймыз. Біреуде ол бар, ал біреуде жоқ. Ал бесінші фактор білім, бұл өз қолымызда.

Адам дүниеге келгенде, «барлығын жасай аламын» деген ойда болады. Мен де кезінде футбол командасының жаттықтырушысы бола аламын, мұғалім бола аламын, кәсіпкер бола аламын деп ойлайтынмын. Бірақ, уақыт өте келе «шынымен, қайсысы менің қолымнан келеді?» деп ойланасың, сөйтіп, істей алатын ісің 50%-ға азаяды.

Одан соң, осының ішінен «қайсысы шын мәнісінде маған ұнайды» деген сұрақ қоясың. «Ақша таба аламын ба, таба алмаймын ба?» деген сұрақ туындайды. Мұғалім болғым келді, болып көрдім, бірақ әрі қарай жұмыс жасаудан бас тарттым. Себебі, 60 000 теңге айлықпен күн көру мүмкін емес екенін сен де білесің.

Айтайын дегенім, өзіне ұнайтын, қолынан келетін іспен айналысатын, ол үшін жақсы ақша табатын адамға мотивация керек емес. Ал егер «Маған мотивация керек» деп айтсаң, демек, дұрыс нәрсе жасап жүрген жоқсың.

Егер саған ол ісің ұнамаса, мотивация алсаң да, алмасаң да, істеген ісіңнен ләззат алмайсың және қалағаныңша ақша таппайсың.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Похожие книги