Нелли Давыдова - Егер осы болмағанда сен міндетті түрде бақытты болар едің стр 3.

Шрифт
Фон

Өмір  бұл даму мен өзгерістер. Ал егер оған қоса сіз менің «Құдайға ақша не үшін қажет» кітабымды оқысаңыз, онда ақша, игіліктер  біздің өзіміз әдейі бас тартатын өзгерістеріміз екенін түсінесіз.


Біздің әрекетсіздігіміз барлық проблемаларымызды тудырады. Осы әрекетсіздік бізді ресурстар мен энергиядан айырады және барлық проблемалар тек тоқтап қалғанымыз туралы сигнал береді.


Әрқашан есіңізде болсын  егер мәселе туындаса, біз оны әрекетсіздігімізбен жасадық. Осы сәтте бізде барлық ресурстар бар, оны шешуге біздің санамыздан басқа ештеңе кедергі болмайды.


Бір нәрсені шешу немесе тілекті орындау үшін, ең алдымен, бізді қозғалыста, дамуда және іс-әрекетте тежейтін осы шаблондарды анықтау қажет. Бізге мәселені толығымен көруге және оның ресурстарын қарастыруға кедергі келтіретін  шаблондар.


Екіншіден, біз шаблондарды өзгертуіміз керек болады: не осы сенімнің абсурдтығын көре аламыз, не ондағы іс-әрекетке берілген ресурсты анықтай аламыз, не өзімізді шектеуді тоқтатып, оны қалай тиімді қолдану керектігін түсінеміз. Бұл туралы біз келесі тарауларда сөйлесетін боламыз.


Әрі қарай, бізге ешқандай күш салудың қажеті болмайды, өйткені біздің жаңаша ойлауымызға сүйене отырып, жаңа шешімдер қабылданады, бейсаналық түрде, әрине, осыған байланысты импульспен, біздің қызығушылығымыз арқылы әрекеттер жасалады және біз қазірдің өзінде бізді таң қалдыратын жаңа қуанышты салдарды көреміз.


Мұнда күштің қажеті болмайды, өйткені біздің әрекеттеріміз күш салусыз және қарсылықсыз болады.


Және бұның салдары шабыттандыратыны соншалық, сіз осылайша жаңа өмір сүргіңіз келе бертін болады.


Бізге қандай да бір ғажайыптар болып жатқандай болып көрінеді, сәттілік, фортуна қайта оралғандай, сәттіліктен кейін сәттілік, оқиғалар тізбегі біздің барлық әрекеттеріміз сағат механизмі сияқты идеалды жағдайларда қалыптаса бастайтындай етіп реттеледі  бір қарағанда біз ондай ештеңе жасамайтын сияқты көрінгенмен, біздің мәселелерімізді шешуге ұсыныстар төгіле бастайды. Шабыттандырады ғой иә?


Бұл ертегі емес, сәттілік емес, фортуна емес, ешқандай ғажайыптар жоқ, біздің миымыз, санамыз осылай жұмыс істейді және біз қандай жағдайларды бақылайтынымыз осыған байланысты. Ал оны қалай қолданатынымыз өзімізге байланысты.


Біздің санамызбен жұмыс істеу үшін және тізгінді ақыл-ойымызға бермей-ақ оны барынша тиімді пайдалануды үйрену үшін өткенді қазып жатудың қажеті жоқ. Неліктен бізде мұндай үлгілер бар, неге мұндай бағдарламалар бойынша өмір сүріп жатырмыз, бұл қорқыныштар қайдан пайда болады деп іздеудің қажеті жоқ. Мұны шексіз рет жасауға болады, және мұның бәрін тауып, қайта ойластыру үшін өмірдің өзі жеткіліксіз.


Оның оңай жолы бар  «осы жерде және осы сәтте», қазіргі сәтте біз үшін материалдық шындықты қалыптастыратын ойлау шаблондарын тауып, оларды өзгерту.


Әрине, мұндай шаблондардың миллионы бар, кез-келген нәрсе туралы кез- келген ұғым  шаблон болып табылады. Біздің масатымыз басымыздағы барлық ұғымдарды анықтау және өзгерту емес. Бұған бүкіл өміріріміз де жетпейді.


Біздің ең айқын ойлау үлгілеріміздің негізгілерін қайта қарастыру жеткілікті. Мен бұл сыни массаның қандай баламада екенін нақты айта алмаймын, бірақ өмірде «граммен өлшейтін» адамдар үшін бұл, менің тәжірибем бойынша, шамамен 300400 шаблон болады.


Біз саналы және бейсаналық өмірімізде осы үлгілерді құрастырып келеміз, және менің кеңесім  қазір осы үлгілердің барлығын тап қазір өзгертуге тырыспаңыз, кем дегенде бір-екі жыл уақыт беріңіз. Бұл екі жыл үлгілерді өңдеуге жеткілікті.


Баяу және мән-жайларға қарай әрекет етіңіз, шешу үшін бір тапсырма немесе бір тілегіңізді алыңыз, бірнеше ондаған шектеулі сенімдерді анықтаңыз да олармен жұмыс жасаңыз. Біреуімен жұмыс істегеннен кейін, сізде жанама түрде бір үлгіге байланған ондаған басқа сенімдер автоматты түрде қайта құрылады.


Менде тағы бір керемет жаңалық бар  бір мәселені шешкен кезде бізде ондаған басқа мәселелеріміз қатар шешіледі, өйткені тіпті бір үлгі біздің барлық басқа мәселелеріміз бен тілектерімізге ілесіп жүреді.


Бірнеше ондаған шектеу бағдарламалары немесе ойлау үлгілерінің кесірінен біздің бірнеше ондаған тілектеріміз орындалмай қалды. Біз бір салада бір нәрсені шеше бастағаннан кейін, басқа салаларда да бәрі өзгере бастайды.


Ойыңызды кеңейту, көп нәрсені көре бастау, әлемге тар көзбен қарамай, біздің әлемге кенеттен келе бастайтын жаңа мүмкіндіктер мен біз оларды тиімді пайдалану үшін берілген ресурстарды шексіз байқай бастаудың қаншалықты керемет екенін елестетіп көріңізші.


Естеріңізге сала кетейін, бұл ресурстардың, мүмкіндіктердің барлығы бізде әрқашан болды, бірақ біз оларды шектеулі сенімдерімізге байланысты байқамадық, сонымен қатар біздің тілектеріміз де орындалды, біз оларды да, мүлдем керек емес қырларына назар аударам деп, байқамадық.


Мысалы, біздің алдымызда қабырғаға ілулі тұрған сурет бар, бірақ біз оны көре алмаймыз, өйткені оның алдындағы экран бүкіл көріністі жабады. Біз оны көру үшін экранды бір жаққа алып тастауымыз керек. Шаблондармен де, дәл солай, олар біз үшін көз алымыздағы панораманы жабатын «экран».

4. ТАРАУ. «ОСЫ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ОСЫ СӘТТЕ»

Бұл тарауда мен трансформация тақырыбы бойынша емес, бізге өте қажет және мүмкіндігінше маңызды тақырып бойынша өте маңызды ақпарат жазғым келеді. Сіз қазір бәрін өзіңіз түсінесіз.


Әңгіме «осы жерде және осы сәттегі» маңызды күйіміз жайлы және біздің санамыз бізді осы күйден қалай алыстататыны туралы болады. Ақылымыз бізді осы күйден алыстатпауы үшін біз оны өзгертуіміз керек.


Мүмкін, бұл біздің өмірімізде жасауымыз керек ең пайдалы нәрсе болар. Жай ғана проблемаларымыз бен міндеттерімізді тез шешу және өз тілектерімізді орындау үшін ойлауды өзгерту емес. Бұл міндет трансформацияның жанама әсері ретінде қосымша ғана болады.


Ал ойлаумен жұмыс істеудің басты міндеті  бір ғана тілекті орындау  тура «осы жерде және осы сәтте» бақыт, махаббат, үйлесімділік пен тұтастық күйінде болу.


Және де бұл күйден асқан әдемі және өмірлік маңызды ештеңе жоқ, оған бәрі сонша ұмтылғанымен, бұл күйді ұстап, сезінуге көбіміз үлгермей жатамыз.


Тек кейде шашыраңқы жадымыз ғана бақыттың болғанын есімізге түсіреді. Болды (өткен шақта). Біз оны тағы да уысымыздан шығарып алдық. Біз оны күтіп, тосып отырғанымызда ол өтіп кетті. Ал бұған не дейсіз?


Ойлап көріңізші, біз бірдеңе қалаған кезімізде, біз оны шынымен қалаймыз ба? Ал сіз оны алған кезде, ұзақ уақыт бойы қуандыңыз ба?


Осы сұрақтарға жауап бере отырып, біз осы тілектер мен мәселелердің шешімінің артында жатқан нәрсені қалайтынымызды түйсініңіз. Біз бір нәрсені сезгіміз келеді және бұл сезімдердің барлығы қуанышпен, махаббатпен, бақытпен байланысты. Жаңа нәрсе бізді 5-ақ минут қуантады, ал тағы 5 минут қуану үшін бізге тағы да «бірдеңе» қажет. Бұл шексіз жарыс.


Бізге тек бір нәрсе керек  бұл қуаныш, махаббат күйі, тек осылар біздің бақытымызды құрайды. Ал біз оны басқа жерден іздеп жүрміз. Біз бұл күйді заттарға, жетістіктерге, игіліктерге қарамастан сезіне аламыз.


Материалдық жарыс  ұзақ, ал қуаныш  қысқа. Тіпті бір нәрсеге қол жеткізу өзі де бізге тіпті бес минуттық болса да бақыт пен қуанышқа кепілдік бермейді.


Бақыт ешқашан «пәлен жерде» болмайды және тілектеріміз орындалып, мәселелеріміз шешілсе де біз оны таба алмаймыз.


Сондықтан бақыт пен үйлесімділіктің бір бөлігін сезіну үшін қорқыныштарыңыз бен мәселелеріңізді құшақтап алып, өз тілектеріңіздің соңынан жүгіруді доғарыңыз.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3