Бұл үйлесімділік күйі дәл «осы жерде және осы сәтте» жатыр және ол басқа еш жерде жоқ.
Осы сәтті тереңірек түсіну үшін мен оған жаңа тарау арнадым. Мүмкін, сол үшін өзіңізбен жұмыс істеуге тырысу керек болатын осы кітаптағы ең «негізгі» тарау шығар.
5 ТАРАУ. МӘҢГІЛІК ҚАЗІР ЖӘНЕ ТЕК ОСЫНДА. МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҚОРҚЫНЫШТАР
Егер сізде мәселе болса еске түсіріңіз!
Оның шешімін табу үшін дәл осы сәтте, осы минут, осы секундта не жасай аласыз? Ойлау емес, жасау?
Жасаңыз!
Ешқандай сылтаусыз, шайға, теледидарға, сөйлесуге алаңдамай. Отыра қалып жасаңыз, немесе ұшып тұрып, барып шешіңіз немесе қоңырау шалып бірдеңе анықтаңыз. Бастау үшін бізге тек бір қадам қажет. Бұл туралы «ойлау» емес, тек іс-әрекеттер ғана біздің мәселемізді шешетін оқиғалар тізбегін «іске қосады».
Егер мәселені ақылмен ойлап тауып, қандай да бір мәселелерді шешу үшін осы сәтте бірдеңе жасай алмасаңыз, онда оны шешу үшін ең жақсы нәрсе «ештеңе» жасау, сол сәтті «қабылдаңыз» және мәселе туралы ойламаңыз.
«Сәтті қабылдау» дегеніміз бұл сол сәтті саналы түрде сезіну, айналаңызда және ішіңізде не болып жатқанын көру, не істеп жатқаныңызды түсіну. Не ойлап отырғаныңызды бақылаңыз. Және бұл ойдан шығыңыз. Мұны енді ойланбастан жасаңыз.
Өзіңізден: «Егер мен мәселені шеше алмасам, осы сәтте не істей аламын?» деп сұраңыз. Бұл оны шешуге қадам болады.
Иә, дәл солай. Біз қазір өзімізді осы сәтке қуанышпен және ризашылықпен арнағымыз келетін кез-келген қадам біздің проблемаларымызды, міндеттерімізді, тілектерімізді шешуге әкелетін оқиғалар тізбегін бастайды.
Бұрын біз бұл толқынды, ағынды, бізді мақсатқа жетелейтін оқиғалар тізбегінің басталуын ұстай алмайтын едік, өйткені біз «осы жерде және осы сәтте» болмадық. Біздің ақылымыз біздің санамызбен бірге басқа жерде жүрді.
Бірақ біздің барлық мәселелеріміз бен міндеттерімізді шешудің жолы тек осы сәттен басталады. Тек толық қатысуыда.
Біз осы сәтті түсініп, «осында және қазіргі сәттегі» өзімізге көз жүгірткеннен кейін, біз өз өмірімізді қалпына келтірдік. Біз өзімізге қайтарған өміріміз бізге бәрін шешуге көмектеседі.
Басқа уақытта өмір жоқ!
Ол тек осы сәтте ғана бар. Және де бұл өмір мен біздің болмысымыздың жалғыз сәті.
Себебі біз «өмірдің өзіміз».
Күліңіз, сосын өзіңіздің сол сәтте күн мен бұлттарды бақылап отырғаныңызды немесе құстарды тыңдап тұрғаныңызды немесе салатқа пияз турап жатқаныңызға қарап тұрғаныңызды байқаңыз.
Мен сіздің дәл қазір не істеп жатқаныңызды білмеймін. Бірақ сіз өзіңіз не істеп тұрғаныңызды, осы сәтті саналы түрде қалай сүріп жатқаныңызды түсіну керексіз. Дәл сол кезде сіз өзіңізді өмірге қайтардыңыз. Егер біз осы сәтте жоқ болсақ, біз өліміз, ал өлі күйде біз ештеңе жасай алмаймыз.
Тек осы сәтте өмір сүріп, «жасай алатын» және «шеше алатын» нәрселерді ойлаңыз және шешіңіз.
Мәселе бұл біздің санамыз ойлап тапқан иллюзия.
Біз өзімізді ақылмен байланыстырамыз. Біз өзімізді «ақыл» деп шештік, бірақ біз «ақыл» емеспіз. Көбісі автоматты түрде: біз ақылмыз деп санайды.
Осылай ойлаған кезде, біз ақылға бізді басқаруға рұқсат береміз. Біз өмірді бақылаушы екенімізді, ал ақыл бізге өмірдегі орынымызды табуға көмектесетін аудармашы және интерфейс екенін ұмытып кетеміз.
Ақыл басшы, деп шешкен сәтте, біз өзімізді жоғалттық.
Ақыл бізді қазіргі сәттен, жалғыз шынайы өмірден әдейі шығарып тастайды және бізді өткеннің ойлары мен болашаққа деген қорқынышқа сүйрейді, өйткені ақыл өзімін және өзінің «эгосын» біздің жеткіліксіз екендігіміз туралы идеялармен қолдап отыруы керек.
Ақыл осылай шешкендіктен, біз бақылаушы ретінде басқару тізгінін ешбір жағдайда қайтарып алмауымыз үшін ол осы идеялардан айырылмайды.
Біз әрқашан бір нәрсені қалап тұрамыз және бізге әрдайым бірдеңе қажет болады да тұрады. Тапшылықтар мен кемшіліктер шексіз. Және бұл бізге бірдеңе жетпегеннен емес. Шындығында, бізде бәрі жеткілікті.
Егер біз өз өмірімізді молшылық қөзқараспен бақыласақ бізде әрдайым барлығы бар.
Бұл ақыл тойымсыз. Біз өзімізге қажет болған нәрсеге қол жеткізген кезде кішкене мерзімге, тіпті 5 минутқа болсада, бақыт пен қуаныш сезінетінімізге ұйреніп қалған. Ол осы сәттерде қуанады: «Мен қандай ақылдымын, мен сезімдерге қуаныш әкелетін нәрсеге қол жеткізудің жолын таптым!»
Ақыл бізге қуаныш әкелуге басқа қалай көмектесетінін білмейді. Ол үшін жалғыз қолайлы нұсқа қол жеткізу, 5 минуттық бақытқа қол жеткізу үшін кез келген жолмен бір нәрсеге қол жеткізу. Ол солай үйренген. Ол басқа жолды білмейді.
Әрқашан жетістіктер процесінде болу үшін ақыл тапшылықты және қажет емес нәрсенің елесін ойлап табады. Бізге жетістіктер мен затқа ие болу бақытының қысқа сәттерін әкелсе, бар билік менде, деп шешті ақыл.
Осы иллюзияны бұзбау үшін, өз билігін ұстап тұру үшін, бізде бәрі бар екенін байқап қалмауымыз үшін, ақыл бізді әрдайым қазіргі сәттен шығарып тастап отырады.
Не істеу керек? Бізбен осыны жасап отырған ақылға билік тізгінін беріп қойып, өз өмірімізді өзімізден қалай тартып алмауға болады?
ЕСКЕ ТҮСІРІҢІЗ:
Біз ақыл емеспіз, оны бейсаналық деңгейде әдетке айналғанша үнемі еске түсіріп отырыңыз және өзіңізді ақылға теңемеңіз.
Өзіңізді «осы» сәтке қайтарыңыз, осы сәтті бақылаушы ретінде толығымен сүріңіз.
ҰҒЫНЫҢЫЗ:
Осы секундта сізде ешқандай проблема жоқ. Осы секундта сіз орындықта шұлық тоқып отырсыз.
Мысалы, сіз орындықта шұлық тоқып отырған сәтте «несие қарызы» сізге қауіп төндіріп тұр ма?
Неліктен өзіңізді қорқынышпен қоректендіріп жүресіз? Сіз мультфильмдегі «Гав» мысық сияқты қорқып отыруды ұнатасыз ба?
Ал сен не істеп отырсың?
Қорқып.
Онда бірге қорқайықшы, деді күшік.
Енді өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Қалай?»
ЕШҚАЛАЙ!
Сіз жәй ғана шұлық тоқып отырсыз, болды. Дәл «осы сәтте» сізге шұлық тоқуға еш кедергі жоқ. Сіз жай ғана тоқып отырсыз.
Сіз, бәлкім, қарыз барғой, оны бірдеңе қылып шешу керек, деп айтатын шығарсыз. Келісемін, бірақ тараудың бірінші сөйлемін есіңізге түсіріңіз егер сіз тура осы уақытта бірдеңе жасай алсаңыз, жасаңыз, бірақ мүмкіндігіңіз болмаса, ойланудың да қажеті жоқ, осы сәтте қолыңыздан келгенді жасап, өзіңізге осы сәтті кешуге ерік беріңіз.
Дәл осы секундта несие мәселесі жоқ. Осы секундта сіз несие мәселесін шеше алмайсыз. Мұнда және қазір сіз тек шұлық тоқи аласыз.
ОНДА ТОҚЫҢЫЗ
Және осы сәтте жіптің ілмекке қалай түсетінін бақылаумен өмір сүріңіз.
Неліктен осы секундта шешілмейтін мәселе туралы ойлау керек? Және де бұл мәселе мүлдем жоқ болса. Мәселе елес секілді, ойдан шығарылған. Бұл секундта тек шұлық бар.
Біздің мәселеміз тек ақыл-ойдың бізді жаулап алуында, және біз, шындықты айтсақ, шынайы өмір сүрмейміз, біз өз өмірімізді қиялдаумен өткіземіз.
Тоқтаңыз және осы секундта саналы түрде өмір сүрген кезде «бізде проблема жоқ» екенін түсініңіз.
Біздің өміріміздің әр секунды осылай өтеді. Бұл секундта, осы сәтте, ешқандай проблема жоқ және келесі секундта да болмайды.
Тек осы сәтте өмір «бар», біз де «бармыз», егер сіз болашақтың иллюзиясына немесе өткен шаққа түсіп кетпесеңіз.
Өткеннен келе жатқан немесе болашақта пайда болатын проблемалар бұл ақыл ойлап тапқан «иллюзия». Қазір, осы сәтте ешқандай проблема жоқ. Ол бізге билік жасау үшін ақылымыздың ойлап тапқаны.
БІЗ АКЫЛ ЕМЕСПІЗ
Дәл қазір біздің өміріміге қажет нәрсе осы сәтті не істей алатынымызды шешу. Осыны істеу және оны бақылау. Біз бақылаушылармыз. Біз тіпті мұны істейтін дене де емеспіз.
Барлығы өте тез шешіледі, тап қажет кезінде өзіміз ойлап тапқан проблеманы «шынайы» шешу үшін бірдеңе жасауға дайын болғанымызда.