Одан кейiн Вице-Премьер әрi әдiлет министрi Нағашыбай Шәйкеновке бұрылып:
деген екен. Содан кейiн сол жерде көрген, естiген жағдайларды әзiл өлеңге айналдырып, жырлап келiп, Жастар iсi, туризм және спорт министрi Бiрғаным Әйтiмоваға:
дептi әзiлдеп. Президент аппаратының жауапты қызметкері Оралбай Әбдiкәрiмовке арнап:
деген екен. Ақынның өнерiне риза болған басшылар қол соғып, алғыс айтыпты.
Оқжетпесте
Ғафу Қайырбеков ағамыз Бәдеш жеңгемiзбен жылда Көкшетауға келiп демалады екен. Бiр жолы сәлем бере барғанында Баянғали ақын ағасына:
Баян – сапар
1987 жылы анасы Бәтима қатты ауырып, Баянғали амалсыз Алматыдан ауылға көшетiн болыпты. Анасына қарау керек, ертең бiр жағдай болып кетсе, жалғыз қалған әкенiң халi не болмақ? Астанадан аттанарда барлық ақын, жазушы ағалары, жолдастары жылы сөздерiн айтып, қимай-қимай шығарып салыпты. Өзi қызмет iстейтiн «Жұлдыз» журналының коллективi жақсы тiлектерiн бiлдiрiп, естелiк сыйлапты. Жолдастарының атынан Серiк
Тұрғынбеков өлең жазыпты.
Ақын ағасы Ғафу Қайырбеков «Жұлдыздың» атынан, бүкiл ақын-жазушылардың, Алматының атынан арнаған өлеңiн оқып берiптi:
Баян – сапар
(Iнiм Б.Әлiмжановқа)
– Ойбай-ау, Ғафеке-ау, мынадай өлең арнасаңыз, біз де ауылға көшіп кетер едік! – деп жіберіпті бір қаламдастар әзіл-шыны аралас.
Сонда Баянғалиды қолтықтап кетіп бара жатқан Ғафекең:
– Айналып кетейін Баяшка, сен менің балам сияқтысың ғой, мен сені Бақытымнан кем көрмеймін ғой! Өлең деген жүректен туады, әйтпесе, әне біреулер көшіп жатса, мұндай өлең қайда-а! – деген екен!
Кейiн Ғафекең бұл өлеңін «Шұбалаң» атты кiтабына енгiзiптi.
Бауырлар
2007 жылы Көкшетауда, Бурабайда қазақ-қырғыз парламенттері бас қосады. Қазақстан Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған он үш депутат пен Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Марат Сұлтанов бастаған он үш қырғыз депутатының кездесуіне сол кездегі Ақмола облысының әкімі Мәжит Есенбаев Баянғалиды арнайы шақырып, сөз сөйлеп беруін өтінеді. Сонда ақын:
Бұдан соң Баянғали Манасты айтқанда, жиналғандар риза болып, қырғыз елшісі жылап жіберіпті. Қырғыз депутаттары қалтасына бір уыс ақша салыпты.
Сонда ақын:
– Құдай берейін десе, Алатауға бармай-ақ, қырғыздар Көкшетауға өздері-ақ әкеліп береді екен ғой! Как хорошо быть акыном, берешь открыто, с почетом! А акимы берут скрытно! – деген екен.
Ақынның өнеріне риза болған қос парламент тік түрегеп қол соғып, алғыс айтыпты.
Мәдениетті қойлар
Баянғали Алматыда қызмет iстеп жүргенде Москвада оқитын Монғол елiнiң жазушылары Жағдалын Лхагва, Гунсен екеуiн халық шаруашылығы жетiстiктерiнiң көрмесiне қыдыртып апарады. Сонда сарық қойлардың беттерi берi қарап түскен суретiн көрiп, екi қонақтың бiрi:
– Почему так снимали? Где курдюк? – деп сұрайды. Оның қазақтың құйрықты қойларын iздеп тұрғанын түсiнген Баянғали:
– Наши овцы цивилизованные, гостям не показывают свой зад! – деген екен.
Ғабиден мен Нәбиден
Бiр күнi Шерхан Мұртаза, Нәбиден Әбутәлиев екеуi келе жатып, Баянғалимен кездеседi. Сонда Баянғали iнiсiн «Палуан» деп еркелететiн Шерхан:
– Әй, палуан, осы сен жұрттың бәрiн сабап жүрсiң ғой, мына Нәбидендi сабап бершi, – дейдi.
Оның сөзiне наразылық бiлдiрген Нәбиден: «Неге менi сабайды, ол менiң iнiм, мен оның атасы Сегiз серiнi жазғам» – деп, өзiне тартады. Баянғали екi ағасының алдында тұрып: «Қалай сабаймын, Шераға?» – дейдi.
Сонда Шерхан:
– Мынаны сабау керек. Бұл «СҚ» – да местком болған. Сонда: «СҚ» – да не көп, салық көп» – деп отыратын. Бiр жолы картоп әкелiп беремiн деп елдiң ақшасын, қабын жинап алып, соңынан бәрi жайымен қалған. Сосын қабырға газетiне өлең шығарғанбыз:
Содан «Нәбиден құрдасымды саба» деп, тағы бiр кездескенде айтады. Үшiншi жолы топтың көзiнше Шерхан Мұртаза Баянғалиға әзiлдеп:
– Әй, палуан, сен менiң бiр тапсырмамды орындамадың ғой. Анау Нәбидендi бiр сабап бер дедiм, сабамай жүрсiң. Бiр бабыңда жүргенде қолыңа түсiп қалса, сүйкеп жiберсейшi, – деп, тағы айтады.
Сонда Баянғали:
– Шераға, үш айттыңыз ғой, егер официальный жағын мойныңызға алсаңыз, мен сiзге Нәбиден түгiлi, Ғабидендi сабап берейiн! – деген екен.
Жұлдыз бен арт
Жазушылар Одағы үйiнiң астыңғы қабатындағы «Қаламгер» дәмханасында әдебиет сыншысы, марқұм Төлеген Тоқбергенов Баянғалимен кездесiп қалады. Ол кезде Баянғалидың «Жұлдыз» журналына жұмысқа жаңа тұрған уақыты екен. Сонда Төлеген қарлығып шығатын дауысымен Баянғалиға: «Әй, «Жұлдызға» келдiң… «Жұлдызға» келдiң… Ендi артыңды қысып жүр!» – дептi, иығынан жұдырығымен қойғылап тұрып.
Баянғали ағасына қарап: «Ойбай, Төке-ау, жерде қыспаған артты жұлдызға шыққасын қысқан ұят емес пе?» – деген екен.
Қарауыл мен сарауыл
Қырымбет ауылында ақын Шәкен Отызбаевтың 100 жылдық тойы болғанда аудандық тұтынушылар одағы, шаруашылық басшылары (бәрi орыс екен) тiк түрегеп қызмет жасап, қонақтарға құрмет көрсетедi. Сөздiң бiр орайы келгенде Баянғали:
Шейхтың сыйлығы
1998 жылдың шiлде айында Бiрiккен Араб Эмираттарынан шейх Наиф Мұхаммед Көкшетауға келедi. Алыстан келген құрметтi меймандарды Бурабайда, Абылайхан алаңында ата дәстүрiне сай өлең-жырмен қарсы алған Баянғали араб-қазақ достығы, мұсылман елдерiнiң ынтымағы жайында толғайды.
Ақынның бұдан да басқа әзiлдеп айтқан бiраз өлеңдерiн экология министрi Серiкбек Дәукеев мәртебелi мейманға ағылшын тiлiнде аударып берiптi. Аттанарда ақынға ризашылық бiлдiрiп, «Шүкрән!» («Рахмет!») деп қолын алған шейх бiр мың швейцар франкiн сыйлаған екен.
Мешіт
1995 жылы Еңбекшiлдер ауданының тарихында тұңғыш мешiт ашылып, оған Ғабдiсәләм қажының (халық Әбсәләм қажы дейдi) есiмi берiлдi. Дұға оқылып, жиын тараған соң, дастархан басында өлең айтқан Баянғали мешiт ашуға ұйтқы болған азаматтарға ризашылын бiлдiре келiп, Шортан қаласының әкiмi Владимир Боргульге былай дептi:
Осы жиында «Васильковка тау-кен байыту комбинаты» Ашық акционерлiк қоғамының президентi, Әбсәләм қажының немересi Хасен жаңа мешiтке кiлем сыйлаған екен. Баянғали ол кiсiге:
Ақын iнiсiнiң сөзiне риза болған Қасекең: «Ретi келгенде, болады, болады!» – деген екен.
Көңіл күйі
Металлурггтер күнiнде (Темiртау, шiлде, 1992 ж.) бiр киiз үйде Баянғали Айман Мұсақожаевамен жүздеседi. Дастархан басында: «Ақын неге үндемейдi?» – дептi әйгiлi скрипкашы. Сонда Баянғали:
– деп әзiлдеп, отырған меймандарға бiраз өлең шығарыпты. Қоштасарда Айман Баянғалиға алғыс айтып, ризашылық сезiмiн бiлдiрген екен.
Стоматологтың үйінде
Бiр жолы Баянғали Степнякта нағашы апасы Бақыттың үйiнде бiр топ дәрiгерлермен қонақта болыпты. Жездесi Қайыргелдi Қиықов – тiс дәрiгерi. Қонақтар ет жеп болғасын, қалжыңдасып, кең отырады. Қыз-келіншектер: «Стоматологтың үйiне келген соң ба, тiсiмiздi тазалағымыз кеп барады,» – деп, тіс шұқығыш алдырыпты.
Кейiн өлең айтқанда Баянғали:
Сенатор мен велосипед
1997 жылы Степнякта Бiржан салдың қайтыс болғанына 100 жыл толуына орай жиналыс болыпты. Оған басшылар мен бiрге сенатор Қайролла Ескендiров қатысып, сөз сөйлеп, жұртты өзiне дауыс беруге шақырыпты. Халыққа қызмет қылатынын, өмiр бойы адал еңбек еткенiн, дача, машина жинамақ түгiлi, велосипед те алмағанын айтыпты. Содан сөз кезегi Баянғалиға келгенде, жұртшылық өлең айтуын өтiнiптi. Ақын бiраз толғап келiп, былай деген екен:
Содан ел жайын жырлап келiп, сенаторға ауысады:
Ақынның машинасы
Баянғали елге келгелi айтыстарға, жиындарға жаяулап-жалпылап, жол-жөнекей кездескен көлiкпен баратын. Ақынға бiр машина беру керектiгi туралы ел iшiнде көп әңгiме болады. Осы сөз аудан басшылары арасында да болған екен. 1992 жылы шiлде айында Кенесары-Наурызбай тойынан келе жатып аудан басшылары Жөкей ауылының iргесiндегi «Кирзуха» деп аталып кеткен тасты жерге тоқтайды. Сол жерде аудандық мәдениет бөлiмiнiң бастығы Василий Грохвадатский, ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қайрат Жұмабековке: «Ақшасын тауып берсеңiз, бiр жұмада Омбыдан жапонның шағын автобусын әкеп беремiн» – дейдi. Қайрекең «ақша болады», – дейдi. Сол «боладыдан» кейiн бiр жұма емес, бiрнеше ай өтедi – жоқ.