Баянғали Әлімжанов
Деген екен
Аяғыңды тоса қоймадың ба?
Баянғалидың әкесi Тақан ақсақал – ұлы Отан соғысының екiншi топтағы мүгедегi, соғыстың басынан аяғына дейiн қатысып, Берлинге дейiн барып қайтқан. Екi рет ауыр, бір рет жеңіл жараланған. Бір жолы танк снарядының жарықшағы шекеден тиіп, әрең аман қалған екен.
1996 жылдың жазында соғыс мүгедектерiне жеңiл автомобиль берiлетiндiгiн естiп, ауырып жатқан ақсақал Баянғалиға: «Менi комиссияға апар,» – дептi. Аудан мен облыстағылар әрлi-берлi қарап, ақынға: «Анда барып өйтiп жiберсеңiз, мында барып бүйтiп жiберсеңiз, бiреу-мiреулер көмектесiп жiберсе, атай машина алуы мүмкiн,» – деп ақыл берiптi. Сонда ақын: «Менiң әкем қанын блатпен төккен жоқ, машинаны да блатпен алмайды! «– деп, дёрiгердiң әдiл шешiмiне жүгiнiптi. Дәрiгерлер дұрыстап қарап: «Әкеңiздiң сырқаты бiр емес, бес кiсiге жетерлiк екен, он машиналық еңбегi бар екен!
Мұндай ардагерлер қазiр өте аз қалды ғой, бәрiне де машина берсе артық емес,» – деп жылы сөзбен шығарып салыпты. Сөйтсе, заң бойынша, аяғынан ауыр жараланған кiсiге машина берiледi екен де, Тахаңның жарақаттары ол заңға жатпайды екен. Ақсақалды үйiне әкеле жатып, Баянғали: «Ал, ендi мазаны алмай тыныш жат үйде. Осының бәрін әуелде ойламаған өзіңнен көр! Оққа басыңды тосқанша, аяғыңды тоса қоймадың ба!? «– деген екен.
Қара шалдар
Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған айтыста (Алматы, 1997ж.) шымкенттік Әселхан Қалыбекова Баянғалиға әкесі Тақан ақсақалдың қазасына көңіл айтады. Сонда сөз кезегі келгенде, Баянғали былай жырлаған екен:
Содан Әселхан сөзді бір кезекте бүгінгі ел байлығын тонап алған ұры-қарыларға бұрып, «сырттай қарасаң бәрі әп-әдемі, галстук тағып, тап-таза, сып-сыпайы боп жүреді, ал өз құлқындарын ойлағанда керемет! «– деп ашына жырлайды. Сонда сөзді іліп әкеткен Баянғали былай депті:
Елбасымен кездесу
1994 жылдың жазында Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Көкшетауға келгенде облыс басшылары Баянғалидан Қарасуға барып, өлең айтып беруiн өтiнедi. Келесi күнi қой бағудың кезегi келiп тұр екен, оны әкесiне тапсырып, ақын Бурабайға барады. Президенттiң қайықпен жүзгенiн көрген адамдар: «Мықты адам екен, соңынан жүзген екi адамға жеткiзбедi,» – дейдi. Бiраз уақыттан соң дастархан басында кезек ақынға келедi:
Нұрекең рахмет айтып, демалуға кеткен соң, көмекшiсi Иманғали Тасмағамбетов қасында отырған тұлғалы кiсi – Амангелді Шабдарбаевтың президенттi қорғау бөлiмiнiң бастығы екенін, Колбиннiң тұсында Қонаевқа қарсы арыз жазбағаны үшiн қуғын көргенiн айтады. Оның ерлiгiне риза болған ақын:
Содан елге келсе, аудан активi президент ауданға келiп қалар ма екен деп күтiп отыр екен. Ақынның әңгiмесiн тыңдап, мән-жайға қаныққаннан кейiн, аудан әкiмi Кеңес Мұқатов: «Бiзге де бiрдеңе айтсаңшы,» – дейдi. Сонда Баянғали:
Елбасымен әзіл
1995 жылдың тамызында Нұрсұлтан Назарбаев Еңбекшiлдер ауданына келедi. Ол кісіні қарсы алуға дайындалып жатқанда аудан әкімі, түбі кеңащылық Кеңес Шәмшіұлы Мұқатов Баянғалидан: «Президентке не айтасың?» – деп сұрапты. Сонда ақын:
«Ойбай, бізді жұмыстан шығарасың, айта көрме!» – депті әкім.
Нұрекең келген соң, Ғабдiсәләм қажы атындағы жаңа мешiтке кiрiп, кiлем сыйлайды, Бiржан салдың басына барып, құран оқытады. Степнякты аралап, аудан жұртшылығымен кездеседi. Кездесу барысында зайыбы Сара Алпысқызының Степняк маңында туғанын айтады. Жұртшылықтың сұрақтарына жауап берiп, Меке мен Мәдинаға барғанын, пайғамбарымыз Мұхаммед ғәләиссәләмнiң қабiрiне тәуәп қылғанын әңгiмелейдi. Ақсақалдардың Еңбекшiлдер ауданына Бiржан сал атын беру жөнiндегi тiлегiн құптайды.
Кездесуден кейiн, дастархан басында Баянғалиға өлең айтқызады. Әуелi Елбасы ақыннан Қырғызстанға қалай барып келгенiн сұрап, содан кейiн: «Елiнде отырмыз ғой, Бiржан атаңның бiр өлеңiн айтшы», – дептi. Баянғали «Темiртасты» айтып берiптi. «Осындай адамды да керегеге байлаған-ау бiздiң қазақ!» – дептi Елбасы мұңайып. Бұдан кейiн Баянғали президенттiң келгенiне арнап бiраз өлең айтыпты:
Бұдан кейiн президент бiрге отырған ел адамдарымен әңгiмелесiп, олардың сұрақтарына жауап бередi. Әңгiме барысында кейбiр басшылардың араққа үйiрлiгi жөнiнде де сөз болыпты. Бiр кезде аудан әкiмi Кеңес Мұқатов пен аппарат жетекшiсi, Баянғалидың жиені Еркетай Жомартов мипалау әкелiп, меймандарды сыйлапты. Сол кезде Баянғали домбырасын алып:
Сонда Нұрекең: «Мына жерде арақ құйғызбады деп отырсың ғой,» – дептi күлiп. Бiрге отырған Болат Бекенов, Тасболат Алпысов сынды ақсақалдар, ауыл шаруашылығы министрi Жәнiбек Кәрiбжанов, облыс әкiмi Қызыр Жұмабаев, КНБ, милиция генералдары Мәжит Жандiлдинов, Амангелдi Жармағанбетов және басқалары да: «Ендi не айтар екен?» – дегендей ақынға қарап қалыпты.
«Бұрын өкiрткенсiң ғой!» – дептi күлiп Нұрекең. Сонда ақын:
«Милициямен онша емес екенсiң ғой», – дептi Нұрекең күліп. Сонда Баянғали:
Сәтi түссе, түрмеге де отырмаса! – дегенде, Нұрекең күлiп жiберiп, ақынның өнерiне риза болып, алғыс айтып, ағалық ақ тiлегiн бiлдiрiптi.
Бурабайда
1995 жылдың күзiнде Нұрсұлтан Назарбаев Көкшетауға аз уақытқа демалуға келгенде, Баянғали Бурабайға барып, Елбасының алдында өлең айтыпты. Президент әуелi ақынға Бiржан салдың «Темiртасын» айтқызып, содан кейiн: «Мына ағаң– Премьер-Министр Әкежан Қажыгелдин, Көкшетауға тұңғыш келiп отыр, мына ағаң – КНБ-ның бастығы, генерал-лейтанант Сәт Тоқпақбаев. Бұл кiсiлерге қош келдiң деп, бiрдеңе айтпайсың ба?!» – дептi. Сонда ақын былай деген екен:
Үш президент пен ақын
1996 жылдың шiлде айында Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев, Өзбекстан президентi Ислам Каримов, Қырғызстан президентi Асқар Ақаев Көкшетауда бас қосты. Үш президенттiң алдында жыр толғаған ақын Нұрекеңдi туған күнiмен құттықтапты.
Президенттер ақынға алғыс айтыпты. Ислам Каримов ұшып тұрып, Баянғалиды құшақтап: «Тошкенге келиң!» – деп, қонаққа шақырыпты.
Қызыл қамзол мен лампас
Қазақстанның қорғаныс министрi, Совет Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 1995 жылы жазда зайыбымен, балаларымен Бурабайда демалғанда, Степнякқа келiптi. Меймандар моншадан шығып, дастархан басына келедi. Ашық терезеден жел соғып тұрғандықтан, Сәкең қақ төрге отырмай, ықтау жағынан отырса керек. Содан әңгiме-дүкен, мәжiлiс қызған кезде, кезек Баянғалиға келiптi.
Сәкең ақынның жырларын ықыласпен тыңдап, оның Манастың мың жылдық тойына баратынын естігесін, «Манасты» айтқызыпты.
– Қырғыздарға барғанда қандай киiм киiп барасың? – деп сұрапты.
– Қара шапан, қара шалбар, қызыл қамзол!
– Жiгiтке қызыл не керек? – дептi Сәкең.
– Аға-ау, сiздiң лампасыңыз да қызыл емес пе? – дептi ақын. Батыр күлiп жiберiп, сәт-сапар тiлеп, ағалық алғысын айтыпты…
Арада бiрнеше ай өткен соң, 1995 жылдың күзiнде Сағадат Нұрмағамбетов жұмыс бабымен Көкшетауға тағы келедi. Шортанда, демалыс үйінің дәмханасында Баянғалиды: «Алимжанова надо встречать стоя!» – деп, құшақтап қарсы алыпты. Ол кісінің қасындағы бүкіл генералдар мен офицерлер де, басшылар да тік тұрыпты. Қаһарман аға ақын iнiсiн Қырғызстанның Абдылас Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты болуымен құттықтайды, жорықты жылдардан сыр шертеді. Кезекті ақынға беріп, әлгі әңгімелерін арқау еткен әзiл өлеңдерiн ықыласпен тыңдайды.
Сонда Сағадат батыр ағамыз: «Считай, что пистолет уже в кармане! Ендi Алматыға келсең, тек өзiме хабарлас!» – деп, Баянғалиды құшақтап, ағалық ақ тiлегiн бiлдiрген екен.
Үкімет пен аппарат
1995 жылдың жазында Көкшетауда идеология қызметкерлерiнiң аймақтық жиналысы болып, оның жұмысына Қазақстан Премьер-Министрiнiң орынбасарлары Иманғали Тасмағамбетов пен Нағашыбай Шайкенов бастаған бiр топ басшылар қатысады. Алматылық қонақтардың самолетi кешiгiп келiп, жерге қона алмай, көкте бiраз жүрiп қалып, көкшетаулықтар қонағасыны түн ортасында бередi. Бiраз отырған соң кезек қонақтардың әңгiмесiн тыңдап, үндемей отырған Баянғалиға келедi. Сонда ақын өлеңмен қонақтарды құттықтай келiп, Иманғалиға бұрылып, былай дептi: