Джан Амании - Даниялдың ғажайып әлемі стр 2.

Шрифт
Фон

Алып Жеміс-Жидектер ғаламшары

Ол күні Даниял достарымен өзенде шомылды. Олар арлы-берлі жүзіп, тоқтаусыз сүңгіп, биіктен секіріп, күні бойы судан шықпады Тамағына суық тиіп, ауырып қалған Ай ғана достарымен бірге бара алмай қалды.

Әбден шаршаған Даниял үйге келіп, жұмсақ төсегіне жайғасып, көзін жұмды.

Тылсым сырға толы «Бір-екі-үш сиқырлы күш!» деген сөздерді естігені сол еді, Даниял ылғи жарқыраған аспаптарға толы бір бөлменің ішіне тап болды. Бұл не, ол қай жерде ешнәрсе де белгісіз.


Үлкен басқару құрылғысында жанып тұрған қызыл түймешікті көріп, баса қойып еді, алдынан ғаламшар жүйесінің картасы шыға келді. Сонда ғана Даниял өзінің ғарыш кемесінің ішінде екенін білді. Ғаламшарлардың атауын ол «Ғаламшар ойынынан» жатқа білетін. Даниял басқару тетігін өзіне қарай қозғалтты. Таңғаларлық оқиға басталды да кетті, кеме баланың дегеніне көніп, қалықтап ұша жөнелді.

Қалың әйнекті терезенің сыртындағы көрініске Даниял сүйсіне қарап, тамашалай бастады: оңынан да, солынан да түрлі-түсті оттар көрінеді, алдында тылсым сыр түйген түнгі аспан, көздің жауын алған жұлдыздар. Жұлдыздар арасымен біраз ұшқаннан кейін Даниял ғарыш картасын ашып қарап, өзінің Алпауыт Жемістер мен Көкөністер ғаламшарына жақындап қалғанын байқайды.


Ғаламшарға көзді ашып-жұмғанша жеткен Даниял жылтыр тұтас киім киген ергежейлі адамдарды көрді. Әлгі ергежейлілер тікұшаққа мініп алып, биіктен көкөністер мен жемістерді суарып жүр екен.

Қарбыздарының көлемі машинамен бірдей. Бір топ адам бір қарбызды тікұшақ алаңына әрең жеткізіп, үлкен торға салып, ұшаққа байлап қойды. Даниял тікұшқыштарды тиісті орындарына бағыттап, жалау ұстап тұрған адамды байқады.


Алыстағы тау-тау боп үйілген қарбыздарға назары ауды. Даниял дүрбіні алып, бірнеше адамның көтергіш кранға бекітілген пышақпен бір қарбызды кесіп жатқанын көрді. Міне, қызық, қарбыздың іші сары, ал дәндері қызыл.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3