Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз  қазына. 2-кітап стр 17.

Шрифт
Фон

«Сонымен арийлік  нақты айқындалған рух  арий рухы ретінде мойындалуы тиіс. Арий болудың мемлекеттік маңызы бар еді, арийліктер Қостанай қаласының жанында орналасқан Сынтаста және Арқайым қалалары өркениетін құрушылар болып есептеледі. Арийлердің рухы қазақтарға да тән еді. Қазақтардың үлкен қауымға немесе көп болып жиналған халыққа Армысыздар деп ілтипат көрсетуі тегін емес қой. Бұл яғни біз арлар арларға сәлем бердік дегенді білдіреді ғой. Радио тілшілері қазақ тіліндегі хабарларын дәл осылай бастайды. Бірақ өкінішке қарай, соңғы уақытта сәлемдесудің мұндай түрі сирек қолданылып жүр». Е. Омаров, 308-бет.

Сондай-ақ қазақ тілінде «ар» түбір тіркесін құрайтын сөздер жиілігі Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл  Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мамандарының зерттеуі бойынша, басқа әріп тіркестеріне қарағанда ең жоғары (600 мыңнан аса) көрсеткішке жетіп отырғаны көп нәрсені ұқтырғандай. Мәселен, қазақ тіліндегі ар, ар-ұят, ар-ождан, ардақ, артық, ардагер, арқау, арыс, арыстан, арғын, арман, аран, арсыз, арай, аралас, арғымақ, арда, ару, аруана, арқа, арал, арша, араша, арқан, арық, олар, бұлар және т. б. сөздерден арийлік иіс аңқып тұрған жоқ па.


АРУАҚ АТТАҒАН, ОҢБАС*


Аруақты қорлады, ар-ұятын аяққа басты, әдет-ғұрыпты бұзды, ондай адамның жолы болмайды, оңбайды деген мағынада.

«Түркітілдес халықтардың ішінде ата-баба аруағын пір тұтқан, оны сыйлап, сыйынып отырған біздің бабаларымыз екені  шындық. Аруақ сыйлау бұрынғы өткен зиялы адамдардың  ақындардың, батыр-лардың, ру, тайпа көсемдерінің аруақтары қиналған кезде желеп-жебеп жүрсін, мақсат-мұратымызға жетуге себепкер болсын деген ұғымнан туындаса керек. Қазақ аруақты айтқанда ұшатын бүркіттей қомданып, еңсесі көтеріліп қалады. Басқа уәжге тоқталмаса да, аруаққа тоқтайды.

«Мен оған аруағымды қорлатпаймын», «Аруақ аттаған, оңбас» тағы да басқа осындай қанатты сөздер халқымыздың ата-баба аруағына деген шын пейілінен, ыстық жүрегінен туған». (Ж. Бабалықұлы, 24. 305-б.).

«Аруақ қолдасын» деген сөзді аузынан тастамаған ата бабамыз тек бұл сөзді жай ғана қолдануды немесе шексіз фанаттықпен табынуды емес, өткенмен қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, ұлттық шабыт пен жігердің тұтастығынан «жіпсіз жалғанған» тылсым байланысын үзбеудің тәсілі деп айта аламыз. Міне, намыс пен жігер, ұлттық пен отаншылдықтың жауынгерлік рухы біздің ділімізде осы Аруақ шақырудан тікелей туындайды. Егер біз оны шариғатта айтылмаған деп ділімізден алып тастайтын болсақ, онда ұлттық жауынгерлік рухтан да қол үземіз деген сөз». (Берік Аташпен сұқбаттан. 47. 12.04.2013.)

Батыр бабаларымыз жауға шапқанда, жиын-тойда отырған би-шешендер бір ерек істі бастарда, «Аруақ қолдасын» деп ата-баба рухына жүгініп, бойларына рух, қуат жинайтын болған. Бұл ұран бүгінгі күндері де маңызын жойған жоқ.


АРЫСТАНБАБҚА ТҮНЕ,

ҚОЖА АХМЕТТЕН ТІЛЕ

(Екінші нұсқасы) *


«Қожа Ахметтің ұстазы Арыстанбабты 33 мың сахабаның бірі деп айтуға болатын сияқты. Өйткені, дін аңыздары бойынша, Арыстанбаб Пайғамбардың көзін көріп, оның ұлы қасиеті  Мұғжизасына куә және аманатына адал болған әулие. Ел піріне саналған кие  дана. Сондықтан халық «Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деп текке айтпаса керек. Әулиенің қасиетіне байланысты «Баптардың бабы Арыстанбаб» деп ерекше дәріптеледі. Сыр бойында көне Отырар жерінде мазары

тұрған әулиеге деген құрмет пен тағзым кеңестік дәуірде де тоқтаған жоқ. Кейбір деректерде есімі мұсылман елдеріне етене жақын әулие көптеген діндерді біліп, оларды зерттеп, дұрыс-бұрысын саралаған ғұлама ретінде танылады». (О. Қауғабаев.).

Егер Қожа Ахметтің басына барып, зиярат етіп, тілек тілегің келсе, ең алдымен оның ұстазы Арыстанбаб әулиенің алдынан өт немесе түнеп, ғибадат ет. Сонда ғибадатың толыққанды болып, тілегің қабыл болады деген мағынаны береді.


* «Арқаланып кетті» тақырыпшасын қараңыз.

* «Қанатты сөз  қазына», бірінші кітабын қараңыз.


АРТҚЫ АЙЫЛДЫҢ БАТҚАНЫН

ИЕСІ БІЛМЕС, АТ БІЛЕР,

АҒАЙЫННЫҢ АУҒАНЫН

ЖАҚЫНЫ БІЛМЕС, ЖАТ БІЛЕР


Яғни, «Сырт көз  сыншы» деген мағынаға жақын сөз.

«Екі айылдан (тартпадан) атқа көбірек бататыны  қарыннан тартылатын шап-айыл. Артқы айылдың батқанын иесі білмес, ат білер, ағайынның ауғанын жақыны білмес, жат білер деген мақал осыдан туған болу керек. Шапқанда болмаса, шап айылды қазақ бос ұстайды. Төс айыл үнемі қатты тартылады. Өйткені, ол қаусыратын тұста тынысты қорғайтын төс сүйек бар». (С. Мұқанов, 77. 125-б.).

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3