Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз  қазына. 2-кітап стр 16.

Шрифт
Фон

Бүгінде мәні ескірсе де, бұл тіркестердің мән-мағыналарын ұғын-дыра кеткенді жөн көрдік.

Ноқта ағасы  ел ішінде жол, жөн бастауға құқылы деп, олардың орнын ерекшелеп, көтермелеп, арнайы сый-сияпаттар көрсетіп отырған.

Оған С. Мұқановтың мына түсіндірмесі дәлел: «Ат басына ауыз-дықсыз кигізілетін тұрман  ноқта. Оған шылбыр бау ғана тағылады да, тоқтағанда, атты онымен байлайды. Қазақта (ноқта ағасы»  үлкен, басшы мағынасында қолданылады. Олай дейтіні, көне заманда әке балаларына енші бергенде, көш алдында жүретін ноқталы түйені үлкен ұл жетектеген.

Содан «ноқта ағасы» атанған». (С, Мұқанов, 77. 125-б.).

Аға баласы  үлкен (қара) шаңырақтың үлкен ұлынан тараған ұрпақ. Жасы үлкен-кішілігіне қарамай, жолы үлкен деп ерекше құрмет көрсетіп, көтермелеген.

Шаңырақ иелері  үлкен (қара) шаңырақтың кенже ұлынан тараған ұрпақ. Әдетте қара шаңырақ кенже ұлға мұраға қалған. Жасы үлкен-кішілігіне қарамай, келген кісі, қонақтар алдымен солардың үйіне түсіп, үлкен шаңырақ деп құрмет көрсетіп, дастарқандарынан дәм татуды міндет тұтқан.


АРҚАЛАНЫП КЕТТІ


«Соңғы кездерде, әсіресе, өнер адамдары туралы айтылғанда немесе жазылғанда, «аруақтанып кетті», домбыраны немесе қобызды «біраз тартқаннан соң аруақтанып шыға келді» деген сөз тіркестері жиі айтылатын болды. Мұндай кезде «арқаланып кетті», «арқаланып шыға келді» деу жөн. Тегінде өнер адамдарын «арқасы бар екен» демейтін бе еді?

Шынында «аруақ»* деген сөз өлген адамның рухы деген ұғымды бермей ме? Дәріптеп отырған адамымыз «аруақтанып кетсе», өліп қалғаны ма? Осы тіркесті тек адамға ғана емес, малға да қолданатын болдық.

Қазақ үлкен бір іс бастарда аруаққа сыйынатын, медет сұрағанда, аруаққа табынатын, жапа шеккенде аруақ шақыратын. «Аруақ» деген сөзді орынсыз қолданбайық, аруақты сыйлайық, аруақпен ойнамайық, ағайын». (Е. Бейсенбек. 9. 18.11.1993).

Иә, расында да «Аруаққа сиынды, табынды», «аруақ аттады», «аруақ (ұрды) атты», «аруақ қысты», «аруақ қолдады», «аруақ (демесін, жебесін) қолдасын», «аруаққа шет болма», «аруақ жар бола көр» және т.б. тіркестер ата-баба аруағын меңзеп тұрған жоқ па.


Аруақ*  араб сөзі, «рух» дегеннің көпше түрі: діни сенім бойынша, көзге көрінбейтін, табиғаттан тыс күштер, өлген кісінің, ұлы адамның (әулиенің) «жаны» мағынасында қолданылады. Ата-бабамыздың аруағы, аруақ қонған кісі тәрізді тіркестер де бар.


АРМЫСЫЗ!


«Біздің қазақта да, меніңше, әр заманда әрқалай амандасып жүрді. Мәселен, Ислам діні біздің даламызға жайылмас бұрын бізде «ассалаумағалейкум!» «уағалейкумассалам!» деген амандасу түрі болған жоқ, әрине. Өздеріңізге мәлім, «ассалаумағалейкум!» деген сөз «саған Алланың нұры жаусын!» деген сөз. «Уағаллейкумассалам!» дегені «сізге де Алланың нұры жаусын!» дегенді білдіреді. Демек, бұл  таза дінге байланысты амандасу. Ал оған дейін көшпелі халықтар, оның ішінде қазақтар: «Армысыз!» деп амандасқан екен.. Сіз ақсақалға: «Армысыз, ақсақал!» деп амандассаңыз, ол кісі сізге: «Бар бол, балам!» деп жауап қайтаратын болған.

Ал енді мына кеңес дәуірінде дінге тыйым салынды да, мұсылманша амандасу, кітаптардағы, кейбір өлең, ауыз әдебиетінің нұсқаларындағы «Алла» деген сөзді алып тастады. Соның ықпалымен қалалықтар «сәлеметсіз бе» -ге көшіп алды. Ал Қытайдағы қазақтар қытайша «ниң хау маның» қазақшасын қолданып («хау ма»  сіз жақсымысыз» дегені), «жақсымыз» дейді. Қазір «ассалаумағалейкум!» деп те, «топ ортаға бір сәлем!» деп те амандаса береміз». (Қ. Жұмаділов, 31. 15.10.2014).

«Армысың» деген амандасу сұрағына адам «бармын» деп жауап беріп амандасады. Сонда қазіргі «ассалаумағалейкум» мен «уағалейкумассаламның» орнына өткен ғасыр қазағы осылай деп амандасып, әңгімені «ардан» бастағаны ғой.

«Армысың ба» деген сұрақты «сен арсың ба» деген сұрақ екендігін білеміз, оған «ия, бармын», яғни «арым бар» деп жауап береді. Қарап отырсақ, «ар» деген бейне бір «киелі зат, нәрсе» сияқты, адам өзін адаммын деп есептеуі үшін оның осындай «қасиетті бұйымы»  ары болуы керек екен, әлгі амандасу сұрағы адамның ең басты нәрсе ретінде осы ардың бар-жоғын анықтау болып тұр. Қазақ нашар, ұяты жоқ, көргенсіз, ең алдымен намысы жоқ адамды арсыз адам дейді, адамның ары болмауы  адамды хайуан деумен бірдей. Қазақтағы «жаным  малының садағасы, арым  жанымның садағасы» (басқа айтылу варианттары да бар) (Мысалы, «Малым  жанымның садағасы, жаным  арымның садағасы»  К.О.) деген ұран боларлық сөздің мәні  жан үшін, жер бетінде тірі болып, өмір сүру үшін барлық мал мен байлық-дүниені құрбан етуге болады, ал ар  жаннан-өмірден де қымбат, сондықтан ар үшін өмірімді қиюға бармын дегенді білдіреді. Арлы болу да, арлану да жақсы қасиет екенін де білеміз». (С. Қондыбаев, 62. 140-б.)

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3