Джан Амании - Қызыл Бәтіңкенің басынан кешкендері

Шрифт
Фон


Қызыл Бәтіңкенің

басынан кешкендері

Кішігірім ғана аяқ киімдер қалашығында екі ағайынды бәтіңке өмір сүріпті. Оң Бәтіңке және Сол Бәтіңке. Олардың түсі қып қызыл екен.


 

Бəтіңкелердің қожайыны Диас атты балақай екен. Ол көбіне Оң Бəтіңкені барынша күтіп ұстапты. Сол Бəтіңкені көп елей бермейді екен.

Сол Бəтіңке үнемі өкпелеп қала береді. Ол: «Қожайыннан қашып кетем бір күні. Ол мен туралы тіпті ойламайды. Күтіп-баптап, тазаламайды Тіпті ит екеш ит Ақтөс пен ерке мысық Сырбаз да маған күн көрсетпейді. Мені тістелеп, қажап, мазамды алады.

Осы дұрыс па?.. Не жазығым бар?», деп ренжиді.

«Болды! Енді төзе алмаймын! Кетем!. », деп, Сол Бəтіңке бір күні үйден шығып кетеді.


Ол көптеген аяқ киім жұптарын көріп таңданып келеді: біреулері сəндене басып, маңғазданып жүр. Енді біреулері секіріп немесе ойнақтай басып келеді. Кім жоқ дейсіз?! Əдемі былғары Бəтіңкелер мен сүйкімді Туфлилер. Сəнқой Балеткалар, Спорт Кроссовкалары мен жеңіл резеңке аяқ киімдер Түстері де сан алуан: қара, ақ, қызыл сары, көк, күлгін Əртүрлі өлшемде, қалағаныңыз табылады!

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3