Анар Мешимбаева - Өмір сынақ стр 9.

Книгу можно купить на ЛитРес.
Всего за 349 руб. Купить полную версию
Шрифт
Фон

Миграция экономикалық және мәжбүрлі дәл көші-қон кезінде есептелмеуі мүмкін, білім мен әлеуметтік жағдайдың да өзгеруі қалыпты.

БҰҰ әр он жыл сайын халық санағы мен тұрғынүй қорын есептеу бойынша жаңа раунд бастайды. Кейбір дамыған елдер санақ көрсеткіштерін электронды есептеуге көшкен. Бұл мәліметтер ай сайын түрлі тіркеу орындарынан енгізіліп отырады. Сондықтан Дания, Финляндия, Австрия және басқа да бірқатар елдерде халық санағы деген ұғым атымен жоқ. Дегенмен басқа елдерде санақ жүргізушілер әр үйге бас сұғып, әрбір тұрғын мен қонақтың санақ құжаттарын толтырып шығады.

БҰҰ Статистикалық комитеті халық санағы бойынша әдістемені жасап, соны барлық елге ұсынады. Әр ел өзінің сауалдарын анықтап, санақ бланктерін даярлайды. Мәліметтерді жинау бойынша ұйымдастыру мен ақпараттандыру жұмысын жүргізеді. Сосын оларды өңдеп, БҰҰ мен басқа да қолданушыларға қорытынды цифрларды ұсынады.

Әдетте санаққа дайындық екі жыл бұрын басталады. Оған арнайы институттар қатысады. Біздің жағдайда Статистика агенттігінің Алматыдан Астанаға көшуіне байланысты санақты жарым-жартылай жасақталған Халық санағы департаменті әзірледі. 2008-жылы оңтүстіктегі бір қалада пилоттық санақ жүргізіп көрдік. Мен ол кезде Агенттіктің модернизациясымен басым қатып жүрген. Сондықтан пилоттық санақ сол өңірдің тәжірибесіне сүйеніп өткізілді.

Санаққа бір жыл қалғанда Санақ департаменті директорының, Санақ бойынша орынбасардың да менің кабинетіме келістері жиіледі. Жарнама үшкезеңдік болуы тиіс, ол бәрін қамтуы керек; санақ бланктеріндегі сауалдар тізімі қызықты, нақты, жылдам толтыратындай болуы керек; санақ жүргізушілер мен қызметкерлерін бланктерді өңдейтін сканермен жұмыс істеуге үйрету керек. «Керек» деген ұзақ тізім Санақ департаментінде онсыз да адам саны аз еді

Ақырында бланктерге жазылатын сұрақтар тізімін жасауға, нұсқаушылар мен санақ жүргізушілерге арналған нұсқаулықты оңтайландыруға өзім атсалыстым. Санақтың логотипі, «Әркім маңызды» слоганы таңдалып, жарнаманың барлық бөліктері мұқият әзірленді.

«Әркім маңызды» слоганын мен ойлап таптым. Артынан әлемдік санақ үшін де дәл осындай слоган таңдалғаны белгілі болды. Бірақ, ағылшын тілінде. Мен елім үшін марқайып қалдым.

Санақ бюджеті 2007-жылы бекітілген. Ол кезде Агенттікке енді келгем. Статистика жүргізушілер жұмысының бүге-шігесін әлі білмейтінмін. Сондықтан, біздің алдымыздағы Агенттік қызметкерлері жасаған бюджетпен жұмыс істедік. Бланктер бағасы 15 теңге, бұны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ұсынып, бекітіп берді. Егер Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгілі бір тауар не қызметке баға ұсынса, мемлекеттік органдар мүлтіксіз келісетін. Әйтпесе, министрлік бюджетіңізге қол қоймайды. Санақ сауалдары бұл кезде әлі жасақталмаған еді. Агенттік мысал болатын бланктің түрін ұсына алмады. Себебі, қызметкерлердің өзі бланкті қалай жасауды білмеді. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мысал ретінде Орталық сайлау комиссиясы бланктерінің бағасын алды ақ-қара түсті, жұқа қағазда, мәтіні жарты бет 18 теңге. Министрлік біздің бюджет қызметкерлеріне 15 теңгенің ішіне тасымал және басқасы кірмейтінін айтқан. Келесі жылы үстіне қосамыз дейді. Келесі жылы бюджетке санақтың жарнамасына деп тек бір телевизиялық роликке жететін сома қосылған.

Маусым Шілде Тамыз 2008-жылы бланктерге, басқа да санақ құралдарына байқау жариялау керек. Сауалдар тізімі дайын емес. Агенттік ішінде талас-тартыс жүріп жатты, біресе салалық министрліктерден тізімге қосымша ұсыныстар түседі.

Қыркүйек. Тізім дайын. Байқау жариялауға болады.

Үшеуі бірден кірді Санақ департаменті директоры және менің екі орынбасарым. «Бланктерді басып шығару үшін алты вагон қағаз керек, біздің елде мұндай қағаз жоқ. Елде бланктерді жылдың соңына дейін толық басып шығаратын типография жоқ». Үшеуі де абдырап қалған.

Не істейміз? Модернизация жасаймыз деп Санақ дейтін ауқымды іске қанша уақыт пен ресурс кететінін алдын ала есептемегенбіз. Мен Үкіметке барып көмек сұрауым керек дегенді ойламаппын. Мен басшы болғандықтан, проблеманың бәрін өзім шешуім қажет деп ойладым.

Қызметкерлерімнің Қазақстанда бланк әзірлейтін мүмкіндігі жоғын тағы бір пысықтап алып, сол кезде Ресей Федерациясы Президентінің байланыс пен бизнес бойынша кеңесшісі болып жұмыс істейтін досыма хабарластым. Ол бір аптадан кейін хабарласты. Екі ірі типография бар деді. Бірі Мәскеуде, біреуі Санкт-Петербургте. Мәскеудегісі бос емес. Санкт-Петербургтегі басып беруге дайын деді.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3

Похожие книги

Популярные книги автора