Анар Мешимбаева - Өмір сынақ стр 6.

Книгу можно купить на ЛитРес.
Всего за 349 руб. Купить полную версию
Шрифт
Фон

2007-жылы ол Премьер-министр болды. Ақпанның соңғы күндері мені шақыртып алды да, жартылай салтанатты түрде: «Сені Статистика агенттігінің төрайымы етіп тағайындаймын. Қарсы емессің бе?»  деп дауысы жарқын шықты.

Кабинетіме оралдым. Телефон шырылдады. Президент:

 Анара, Статистика агенттігіне барғың келе ме?

 Премьер: «Бару керек»,  деді.

 Премьер не дегенін өзім де білем. Статистикаға реформа жасау керек. Бірақ, барғың келмесе, Әкімшілікте қала бер.

Содан соң тура осы сұрақты қойып, өзіне Президент әкімшілігінің басшысы шақыртты. Оған Президент тапсырса керек. Себебі, Президент әкімшілігінің басшысы кеткеніме қуанбаса, ренжімейтінін өзім анық білетінмін. Алдыңғы Премьер кезінде қызметтік хаттарымның кесірінен Президент Үкіметті сілкіп алатын. Сондай сәттерде басшылық: «Кім кінәлі?»  деп мәселе көтермейтін.

Осылайша мен ең соңғы мемлекеттік қызметіме келген едім.

Мәскеуде оқып жүргенімде Ресей ғылым академиясына қарасты Экономика институтының Макроэкономикалық стратегиялар орталығында жұмыс істедім. Орталық басшысы еркін ойлауды қолдап отыратын. Егер жаңа идеясы туа қалса, ол дәлізде өтіп бара жатқан адамды тоқтатып алып, кабинетіне кіргізіп талқылайтын. Оның есігі әрдайым ашық тұратын. Ол кез келген қызықты тақырыпты талқылауға дайын болушы еді. Мен студент, ол ғылым докторы, артынша академик бола тұра талқылауға, пікір алмасуға да қарсы емес еді.

Шынымды айтсам, есігі ашық тұрған Владимир Иванович Маевскийдің кабинетіне бас сұқпай өтіп кеткенім, ал оның «Ресейді қалай дамытамыз?» деген классикалық тақырыптағы жаңа идеясының болмай қалған кезі жоқ. Тек 1990-жылдары бұл сұрақ: «Анара, инвестицияны қайтеміз? Түсіп барады. Инвестициялық банктерді дамыту керек»,  деген сыңайда болатын. Келесі жолы: «Анара, отын-энергетикалық стратегияны жасайық. Газға көшеміз бе? Әлде бұл жай ғана газды үзіліс пе?»  дейтін. Осылай әркез Университет бітіріп, сосын аспирантураны тәмамдап, Астанаға кеткенше жалғасты. Ол сапалы, әрі креативті ойлай алатын. Бізге де соны үйретті.

Мәскеу мемлекеттік университетінің Экономика факультеті еркін шығармашылық патшалығы еді. Екінші курс студенттеріне Ресейді дамытудың стратегиясын жасауды тапсырды бұл тапсырма тек миды дамытып қоймай, ол сені өмір бойы еркін ойлы болуға бейімдейді.

Бірінші курста біз әлі СССР-да оқыдық. КПСС тарихын оқыдық. КПСС өзінің көшбасшылық қалыбынан ажырап, советтік құрылым құлап, артынша күллі СССР күйрегенде мен екінші курста оқып жатқанмын.

Экономика факультетінің кітапханасындағы Пол Самуэльсонның «Экономикс» кітабының жалғыз данасына ұзын-сонар кезек болатын. Өндірістің нарықтық экономикасын газеттерден оқыдық. Біздің факультетте оқыған, ыдыраған республикадан келген жігіттердің бәрі дерлік келешекте өз елінің Президенті болатындығына сенімді еді. Еркіндік пен үміттің туған сәті. Әзірге олар өз елінің Президенті болған жоқ. Бірақ, біразы компания президенті болыпты.

Мен мұны сол кезде анық түсінгенмін: ауқымды міндет қойып, қызметкер мен шәкірттерге сенім арту қажет. Сол кезде олар тау қопарып, мүмкін еместі мүмкін етеді.

Дәл осындай принциптермен жұмысымды үйлестіретінмін. Басшылыққа келгенде де ауқымды, тиянақты міндеттер қойып, мүлтіксіз сенім білдіретінмін.

Екі жыл сайын мені жаңа жұмысқа ауыстырып отырды. Әркез бір саты жоғары, әрі неғұрлым жауапты жұмысқа ауыстыратын. Әркез жаңа басшылыққа тап болатынмын. Басшылардың бәрі мен туралы ойларын жұмысыма қарап түйіндейтін. Стратегиялық жоспарлау агенттігі, Экономика мен бюджеттік жоспарлау министрлігі, Экономикалық зерттеулер институты, Президент әкімшілігі, Статистика агенттігі. Әр тағайындау «бару қажет» деген сөзден басталатын. Модернизация жасау қажет, реформа жасау қажет, жаңарту қажет

Он жылым мемлекеттік қызметте өтті. Маған бәрі сенім артатын. Ел басшылары бәрін дұрыс істейтініме сенетін. Қиындықтың бәрін еңсеретініме сенімді еді. Он жыл ішінде Президент те, Премьер-министр де бірде бір рет маған дауыс көтеріп, жекіген жоқ, ескерту де айтқан емес. Он жылдан кейін Қаржы полициясы мен ҰҚК артыма түседі деп кім ойлаған? Мен қорған іздемедім. Уайымдамадым да. Бәрін дұрыс істегеніме сенімді едім. Бұл жай ғана жоспарлы тексеріс деп қабылдадым.

ҰҚК мен Қаржы полициясы

2009-жылдың сәуірінде шекарада тоқтатқаннан жарты жыл бұрын біздің мекемеге Қаржы полициясы келген. Маған Бюджет департаментінің директоры Бинұр кіріп, Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері келіп, Халық санағы бойынша құжаттарды көрсетуді талап етіп жатыр деді. Ойымда ештеңе жоқ, еш күдік тумады. «Сұрағанын көрсет. Бұл қалыпты жағдай. Үлкен іс-шара өтті. Тексергендері дұрыс»,  дедім.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3

Похожие книги

БЛАТНОЙ
19.2К 188

Популярные книги автора