Анар Мешимбаева - Өмір сынақ стр 3.

Книгу можно купить на ЛитРес.
Всего за 349 руб. Купить полную версию
Шрифт
Фон

Алайда қайтадан реорганизация басталып кетті.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Біздің елде мемлекеттік органдардың реформасы үздіксіз жүріп жатады. Мемлекеттік органдар жасақталады, сосын таратыла бастайды. 2001-жылдың күзінде кезекті реформа болды. Стратегиялық жоспарлау агенттігін жойды. Ел үшін жеткілікті стратегия жасалды деп есептесе керек.

Экономикалық жоспарлау мен бюджеттік жоспарлауды біріктірді. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін құрды. Екі министрліктің қызметін бір ізге түсіру үшін бір жыл уақыт кетті.

Экономикалық жоспарлау қызметі мен мемлекеттік қаржыландыру қызметтерін біріктіруге тырысты. Бюджеттік жоспарлауды үш жылдық жылжымалы графикке көшірді. Бір жағынан экономикалық жоспар мен бюджетті бір министрлікте есептеген логикалық тұрғыда дұрыс сияқты. Бірақ, онда салалық министрліктерді қайтпек Өндіріс, Энергетика, Ауылшаруашылық, Еңбек министрліктері не болмақ?

Мен Министрлікте Өңірлік саясат пен бюджетаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары болдым. Сол жылдағы басты міндеттің бірі Азия даму банкімен әлеуметтік салаға қатысты келісімге дайындық жасау еді. Біздің департаментте осы келісімді дайындау жұмысына менімен бірге өте білімді, елгезек жас қыз атсалысты, ол да баяғы мен секілді мемлекеттік қызметті ішпыстырарлық жұмыс деп ойлайтын. Бір жылдан кейін ол өз жұмысы туралы: «Жұмыста тек сол бір Келісім ғана қызықты болған еді»,  деді.

Экономикалық зерттеулер институты

Министрлікте бір жыл істедім. Сосын мені Алматыдағы Экономикалық зерттеулер институтына ауыстырды. Кеңес заманында бұл Мемжоспарлау институты болған. Қазақ КСРО-ның басты экономикалық институты еді.

Мен Алматыға келгенде институт орналасқан сұр ғимарат жарым-жартылай бос тұрды. Институт Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сараптамалық тапсырыстарын орындайтын (баяғы замандағы Мемжоспарлаудың тапсырыстарын жүзеге асырғандай).

Жыл аяқталып қалған. Үш күн ішінде 120 қызметкермен сұқбаттасып үлгеруім керек болды. Келесі жылғы жұмыс аясында қызметкердің не бітіретінін, қандай лауазымға лайық екенін білуім қажет еді. Менің он жыл мемлекеттік қызметтегі ең ауыр үш күнім болды. Әрбірімен жекелей сөйлестім. Бірімен келісім шартты создық. Кейбірімен қоштастық. Себебі, ол қызметкерлердің институт жұмысына еш пайдасы болмады. Әншейін уақыт жоғалту үшін келіп-кетіп жүргендерден құтылдық. Қызметкерлер саны екі есеге азайды.

Жыл соңына қарай қызметкерлердің бір жылдық келісім шарты тоқтайтын. Жұмыс ары қарай үздіксіз жүруі үшін салалық орталықтар бойынша құрылым жасап, осы орталықтарға сол саланы жетік білетін әрі мықты сарапшы бола алатын адамдарды тағайындамақшы болдым. Бөлім басшылары (ескі құрылымда) негізінен зейнеттегі кісілер екен. Олардың білімі мен тәжірибесін ескере отырып, әрбіріне институтта өз саласы бойынша сарапшы болып қала беруді ұсындым. Бөлім басшылары ұсынысыма түрліше жауап қатты.

Бір бөлім басшысы: «Жоқ. Рақмет. Мен кетемін»,  деді. Екіншісі ақжарқын, ақкөңіл адам, ол жұмысқа шын көңілмен берілген, білгенімен бөлісіп отыратын, хас майданда жүрген жастарға ақыл айтатын, қолдау білдіретін, өзі де экономикалық сараптаманың бүге-шігесіне дейін қанық адам еді. Сол кісі: «Әрине, мен сарапшы болып қала беремін. Анар Ертөлеуқызы, сізді жақсы көремін, жастарды да жақсы көремін»,  дегені. Жанға медет болған сөздер еді.

Тағы бір бөлім басшысы тым күйгелек екен. Ол орнынан атып тұрып: «Мен өмірбақи осында жұмыс істедім»,  деп ұзынсонар ренішін айтты. Артынша есікті тарс жауып шығып кетті. Кабинетіне жеткенше дәліз бойы мені боқтап барды. Шаруашылық басшысы есі шығып, жетіп келіп, мына бөлім басшысынан мені қорғау керек дегенді айтып еді. Мен түк етпейді десем де, ол үш күн бойы мені көлікке дейін жеткізіп салып отырды. Ол жерде маған қауіп төнді деп ойламаймын. Бірақ, мені шығарып салуы ұжымның татулығын көрсетті деп есептедім.

Түрлі мекемеде жұмыс істеп көрдім, әркез көзім жеткен бір шындық бар: егер бір командада тілеулес, ниеттес, жағдайды сараптай алатын алғыр, тапқыр адамдар жұдырықтай жұмылса, сонда ғана нәтижеге қол жеткізуге болады.

Институттағы қол жеткізген негізгі жетістігім Қазақстанның Өңірлік даму бағдарламасы болды. Қай өңірде экономиканың салаларын дамыту қажет, тұрғындардың ел ішіндегі көшін қалай жоспарлау қажет, қандай экологиялық қауіпті аймақтарда адамдарға тұруға болмайды, соның бәрін зерделедік.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3

Похожие книги

БЛАТНОЙ
19.2К 188

Популярные книги автора