Тайыр Күзекұлы Назханов - Адвокатпен сұхбат стр 13.

Шрифт
Фон

Яғни, осы адамды ұстау туралы хаттама рәсімдеу, жеке тінту жүр- гізу, қалтасынан оның қатысы бар екенін дәлелдейтін заттай айғақтар алу, сондай-ақ бәріне мұқият хаттама жазу. Айталық, адам терезеден шығып бара жатып, сынған әйнекке бір жерін кесіп алды. Әйнекте қан іздері қалды, ал күдіктінің алақанында, шынтағында немесе бір жерінде кесілген жарақаттың ізі бар. Әрине, бұл жерде Сізге қан үлгілері мен әйнек сынықтарының сынамаларын алып, оларды зерттеуге жіберу керек саусақ іздері, биологиялық, химиялық және т.б

ДАНИЯЛ Яғни, менің түсінуімше, тергеуші, былайша айтқанда, жалқаулыққа салынып істің басынан бастап «бәрі түсінікті» деп күтпеуі керек

ТАЙЫР Әрине, ол келешекте судьяның барлық тергеу әрекет- терінің толық заңдылығына және сәйкесінше сотталушының кінәсіне күмәнданбайтындығына бірден көз жеткізуге міндетті. Алдында кез кел- ген ұсақ затты өзінің клиентінің мүддесі үшін пайдалану міндеті тұрған қорғаушы мәні жағынан да, формасы жағынан да ешнәрсеге мін таға алмауы үшін Яғни, дилетанттар қарапайым іс деп ойлайтын, ұрлық жағдайларында да көптеген нюанстар бар екенін көруге болады.

ДАНИЯЛ Ал егер, бір адам бірнеше ұрлық жасаса, тергеу әрекет- терінің ерекшеліктері бола ма?

ТАЙЫР Егер қастық ойлаушы адам ұрлықтар сериясын жасады деген күдік туындаса, онда олардың әрқайсысы жеке эпизод болып та- былады. Олар бір ғана ниетпен қамтылмайды, сондықтан да, әрқайсысы жоғарыда сипатталған схема бойынша жеке эпизод ретінде қарастыры- лады және қайталанған қылмыс болып саналады.

ДАНИЯЛ Ал, қарақшылық пен тонауды тергеудің ерекшелігі неде?

ТАЙЫР Өзіңіз білетіндей, мысалы, пәтер тонау үшін қылмы- скерге сіздің қатысуыңыз мүлдем қа- жет емес.

ДАНИЯЛ Ия, әрине, ол керісін- ше, осы сәтте менің жоқтығымды, бір жерге барып, оның, былайша айтқанда, «сүйікті» кәсібіне араласпағанымды жөн көреді деп ойлаймын.

ТАЙЫР Егер қалта ұрлығы ту- ралы айтатын болсақ, әсіресе сәт- ті болған, қылмыскердің әрекетін байқамай қалуыңыз мүмкін ол бұл үшін қолынан келгеннің бәрін жа- сауға тырысады Былайша айтқанда, сізді қажетсіз мазаламау үшін

ДАНИЯЛ Қандай сыпайылық десеңізші!

ТАЙЫР Мысқылыңызды түсініп отырмын, бірақ бәрі де осылай. Негізінде, тонау немесе қарақшылық кезінде қылмыскер сыпайы бол- майды. Ол сіздің мүлкіңізді иемдену үшін физикалық күш, тіпті қару-жа- рақ қолданып, тек материалдық ғана емес, сонымен қатар физикалық зиян келтіруі мүмкін.

ДАНИЯЛ Сондықтан да, бұл қылмыстар ұрлықпен салыстырғанда ауыр деп саналады ма?

ТАЙЫР Алайда, бұл жерде тергеудің кейбір артықшылықтары бар. Негізінде, тонау немесе қарақшылық кезінде, әдетте, жәбірленуші шабуылдаушыны көреді

ДАНИЯЛ Бұл дегеніміз, ол оны танып, анықтай алады деген сөз бе?

ТАЙЫР Иә! Трасология нәтижелеріне жәбірленушінің тікелей идентификациясы сияқты маңызды фактор қосылуы мүмкін. Әрине, тану да, одан кейінгі көзбе-көз кездесу де олардың нәтижелеріне кейін дау айтуға болмайтындай заңды тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы керек.

ДАНИЯЛ Жалпы, менің түсінуімше, мұндай жағдайларда да сотқа дейінгі тергеу оңай емес.

ТАЙЫР Менің сөзме сеніңіз, бұл нағыз өнер!

ДАНИЯЛ Ал сол «өнертанушылар» неге ерекше назар аударулары керек?

ТАЙЫР Егер «өнертанушылар» деп тек тергеушілерді ғана емес, қорғаушыларды да айтып отырсаңыз демек, дәлелдемелерге (айғақтарға)!

АЙҒАҚТАР: КЕРЕМЕТ ӨЗГЕРІСТЕР

ДАНИЯЛ Неліктен айғақтарды мұқият құжаттандыру маңызды? Оларды алмастырулары мүмкін бе? Кім және қандай мақсатпен?

ТАЙЫР- Дәлелдерді кім және не үшін алмастырады дегенге сіздің де, менің де өз болжамдарымыз бар. Бірақ, оларды жай шатастырып алулары мүмкін екенін де мойындаймын. Немесе шығарып алу кезінде қате сипаттаулары және рәсімдеулері мүмкін. Алайда, егер олар алмасты- рылса немесе шатастырылса, бұл жазықсыз адамның сотталуына әкеліп соғады, ал дұрыс емес сипаттама күмән тудырады. Тергеуші қылмысты ашқан күннің өзінде де, «дұрыс емес» дәлелдемелердің пайда болуы, егер айыпталушының жақсы интуициясы бар қорғаушысы болса, бұл істің бұзылуына алып келеді.

ДАНИЯЛ Мысалы?

ТАЙЫР Айталық, айғақтардың ішінде 5 мың доллар пара беру мақсатында біреуге берілген конверт пайда болды. Актте конверттің мөр- ленгендігі туралы айтылған, ал тінту кезінде түсірілген бейнежазбада біз конверттің жабылмағанын көреміз. Бейне жазба мен хаттама арасында сәйкессіздік бар. Ал енді, мұнда қандай болжамдар жасауға болады?

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3

Популярные книги автора