Нарша Булгакбаев - Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім стр 15.

Книгу можно купить на ЛитРес.
Всего за 0.01 руб. Купить полную версию
Шрифт
Фон

Адамдарды ренжіту арқылы бақытты болу мүмкін емес екенін біліңіз. Психикалық тəжірибе физикалық күйде көрінеді. Сіз біреуге ашуланып болмайынша қалпыңызға келмейсіз, адам ашуланған кезде ес жоғалтады. Жалпы теріс, негативті, жағымсыз эмоциялар иммунитетті төмендетеді. Есіңізде болсын: кімді ренжітсеңіз де, сіз өзіңізді ренжітесіз, өйткені біз бəріміз біргеміз. Барлығы байланысқан ортада өмір сүреміз. Жағымсыз, негативті сезімдердің орнына жағымды, позитивті сезімдерге алмастыруды үйреніңіз.

Көптеген философиялық жəне діни тезистер бір нəрсе əрқашан басқа нəрсеге қарағанда жақсырақ деген тұжырымға негізделген. «А» əрқашан «В»  дан гөрі жақсы. Бұндайға жол бермеңіз, себебі бұл тор. Басқалар сіз үшін «дұрыс» деп санайтын нəрсені ұмытыңыз. Есіңізде болсын, сіз жалпы «Шексіз Күш-Қуат» көзімен әрқашан байланыстасыз, олай болса сіз өзіңіз үшін не жақсы екенін өзіңізден артық ешкім білмейді.

БАРЛЫҒЫНА ҰНАУҒА ДЕГЕН ҰМТЫЛЫС БҰЛ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛІМ

Бұл оқиға шамамен 700 жыл бұрын болған. Ұлы ұстаз, көпті көрген, ысылған тəжірибелі, бедел-даңқымен құрметті болған екен. Одан шəкірттері мен адал ізбасарларі одан «өлімнен қорқасыз ба?» деп сұрады. «Ия,  деп жауап берді, Бірақ мен өлімнің өзінен емес, «жаратушымен кездесуден қорқамын» деді.

«Бұл қалай сонда?  деді олар. Сіз бар өміріңізді діни ғылымға арнап, Жаннатқа лайықты болатындай өмір сүрдіңіз. Сіз Мұса халқын құлдықтан босатқан сияқты бізді де надандықтан, қараңғылықтан, жарыққа шығардыңыз. Сіз Сүлейменнің даналығымен арамыздағы дауларды шештіңіз».

Бұл сөздерді естіген ұстазы ақырын ғана жауап берді: «Мен Жаратушының алдында тұрғанда, ол мені Мұса немесе Сүлейменге ұқсағаным туралы сұрамайды. Ол менен Сен өз тағдырыңа риза болдың ба?» деп сұрайды. Ал мен өз тағдырыма жеткілікті деңгейде разы болған емеспін, сондықтан қорқамын.» деген екен.

Көріп отырғаныңыздай, ақылды адамдар ежелден бері өзі болуға, разы болуға тырысқан. Неге кей адамдар əлі күнге дейін өзі бола алмай, разы бола алмай жүр? Себебі олар бəріне бірдей ұнауға тырысады. Адамның көңілін табамын деп ешқашан ойламай-ақ қойыңыз. Адамның бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Ұнаймын деп адам әртіс болады, маска тағады. Бастығына, күйеуіне емесе әйеліне, ата-анасына, балаларына ұнаймын деп артынан «қадірімді білмеді» деп әңгіме айтады.

Біз тек өзімізге жауап береміз. Сондықтан басқалардың пікірі немесе мақұлдауы (поощрение) маңызды болмауы керек. Сіз өзіңіздің өміріңіз үшін жауап бересіз. Сіз өз əрекеттеріңіздің нəтижелері мен өміріңіздің мəн-жайы үшін жауап бересіз.

Əр түрлі жалған құндылықтар мен неше түрлі ақиқаттан алыс қате сенім мен түсініктің кесірінен, отбасылар айырылысып, ажырасып, рухани біріге алмай жатады, кей отбасылар жойылып кетіп жатыр. Олардың өмір салтының дұрыс болмауы, бүкіл өмірі бұрыс ойларға негізделгенін дәлелдейді. Қарама-қарсы сенімдер соқтығысқан кезде күрес басталады. Бірақ ақиқаттың мəнін білгендерге басқалардың сенімі қауіп төндірмейді. Тек өзіне күмəнданған жəне өзінің шынайы «Мен» туралы білмейтін адамдара ғана қауіп пен қорқыныш бар.

СІЗ ӨЗІҢІЗГЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?

Сіз өзіңізді көресіз бе, (ішкі көзқарас/сыртқы көзқарас) тыңдайсыз ба (ішкі дауыс/сыртқы дауыс)? Көп адам өзін көрмейді, естімейді. Айтыңызшы, сіз өзіңізді жақсы көресіз бе? Сіз өзіңізге сенім артасыз ба? Сіз берілген уəделерді орындайсыз ба? Сіз өзіңізді жақсы адаммын деп санайсыз ба? Сіз күнделікті өмірде өзіңізбен адал қарым-қатынастасыз ба әлде өзіңіздің шынайы табиғатыңызды жасыратын адам болып көрінесіз бе? Сіздің адал достарыңыз бар ма, сатып кеткендері болды ма?

Мойындаңыз, сіз сатқындармен, «жаман» деп санайтындармен қарым-қатынасты сақтағыңыз келмейді. Өзіңізге деген көзқарас туралы ойланыңыз. Бұл өте маңызды болып табылады. Көбінесе біз бәреуге емес өзімізге сатқын, жау болғандықтан нашар əрекет етеміз, әретеміздің берекесі жоқ. Біз жанымызға (ішімізге) қарауға қорқамыз, ол жерде көргендеріміз бізге мүлдем ұнамауы мүмкін деп күдіктенеміз. Адамдардан өзін білгісі келеді, бірақ шындықтан қорқады, оны өзгертуден, жақсартудан вообще қорқады. Адамның ойлағысы келмейтіні де содан. Өзінің ішінде қандай құбыжықтар жүргенін білмейді. Сіз өзіңіз туралы шындық қорқыныш тудырмайтынын нақты түсінуіңіз керек. Бұл өмірде қорқатын еш нарсе жоқ. Тек Құдайдан ғана қорқыңыз. Басқа адамдарды сыйлаңыз, құрметтеңіз. Қаншалықты сіз ойлап тапқан қорқыныш қорқынышты болса да, Құдайдан басқаның бəрі əлсіз. Шайтан сізді қорқыта немесе ренжіте алмайды, бірақ азғыра алады. Қорқыныш себебі адамдардың ақиқатты қабылдамауы жəне оны дұрыс түсінбеуі.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3