Даулет Арманович - Көттi қысқан бай болар стр 8.

Шрифт
Фон

1.8.1 Адамдарды манипуляциялау: нарық vs реттегіш

Алайда, көпшілік қауіпті. Америкада реттегіш нарық ойыншыларын манипуляция үшін жазалайды. «Миллиарды» атты сериалын тамашаласаңыздар, Америка прокуратурасы осы жағдайларды қадағалайтынын көресіз. Ірі ойыншы құнды қағаздың нарықта құнсызданғаны туралы өтірік дүрбелең тудыртса немесе бағасын көтеріп, ішкі көздер ақпарат арқылы өсек таратса- АҚШ-тың құнды қағаз бен қорлар бойынша комиссиясының қаһарына ілігеді. Ол үшін адамды түрмеге отырғызып, лицензиясын айырылтуға дейін барады.

Ол неге заңсыз? Адамдар соған үйір. Баяғы «МММ» немесе басқа да қаржы пирамидалары сияқты. Адамдардың көпшілігі осындай ұйымдардың әділдігін растай бастағанда, бәріміз де сене бастаймыз. «МММ» де солай басталған, алайда бір кезеңде жабылып тынды. Болды. Манипуляция деген осы. Батыста бұндай пирамидалар заңсыз болып табылады. Ертең Дональд Трамп: «Мына, мына компаниялардың акциясын сатып алыңдар, оларға қомақты қаражат салдым» десе, не болмақ? Саларын салар, бағасы да өсер. Ал халық ше? Трамп өз ақшасын шығарып алар, ал компания болса құлдырайды. Ол үшін Трампты түрмеге отырғызар. Ал біздің елде бұл іс заңсыз болып саналмайды, сондықтан бұл іспен айналысатындар саны көп.

1.8.2 Қысқамерзімді бағыт алғандардың әдеттері

Қысқамерзімді бағыт алғандардың бір ерекшілігі-сараңдық. Бұрыңғы кеңес одақ кеңістігінде 10%, 100%, 200%,, 500% табыс табуына уәде беретін «Понци сызбалары» әлі күнге дейін бар. Себебі біздің халық оған әлі сенеді. Қысқасы: қысқамерзімді бағыт сізге  жау! Сіз алданып қаласыз! Ақшаңыздан айырыласыз! Соны ескеріңіз. Оған балама  ұзақмерзімді бағыт.

Герт Хофстед деген социолог қысқамерзімді және ұзақмерзімді теориясын дамытар кезде бірнеше нәрселерді анықтайды. Қысқамерзімді бағыттағы адамдардың басымы  қарапайым жұмысшылар тобынан шықса, ұзақмерзімді бағыттағылар-орта таптағы және буржуазиялардан шыққандар. Осылайша қысқамерзімді бағыт- кедей адамдарға тән, ұзақмерзімді бағыт-байларға тән боп бөлінді. Бұл ғылыми теория өмірде қалай көрінеді? Қысқамерзімді бағыттағы адам жайбарақат өз денсаулығын ойламай, зиянды дәмді тағамды жей береді. Ол оның әдетіне айналып, денсаулығы нашарлап, күткеннен ерте қайтыс болады. Ал ұзақмерзімді бағыттағылар денсаулыққа пайдалы тағамды жеп, өмірін ұзартады. Кока-коласын анда-санда ішеді. Қорқынышты ештеңесі де жоқ. Қысқамерзімді бағыттағылар айналасына әсер етуге тырысып, ақшасын шашып, қарызға батады. Ұзақмерзімді бағыттағылар бір күнгі қуанышын ертеңнің пайдасына құрбан етіп, сырахана, ресторандардың орнына жаттықтыру залына барады.

Ұзақмерзімді бағытты болу үшін өмірдің шұғыл қажеттіліктерінен гөрі инстинкт пен логиканы пайдалану қажет. Логика бізге шылым шекпе десе де, шылым шегеміз. Ал ішкі түйсігіңізді жеңе алсаңыз, логикаға жүгінсеңіз, шылым шегуді доғарасыз. Қысқамерзімді мен ұзақмерзімді бағыттағылардың айырмашылығы осыда. Осындай нәрселер таптық теңсіздікті тудырады. Кедей жерден болсаңыз  ұзақмерзімді бағытта болу қиындау болады. Бұл сіздің нашар адам болғаныңызға емес, тәжірибеңіз бен сіздің отбасыңыз қандай әдеттер мен құндылықтарды құрмет тұтатына байланысты.

1.8.3 Зефирлі тәжірибе

Зефирмен жасалған тәжірибе туралы естіген боларсыздар. Кішкентай балақайларды 1015 минутқа зефиры бар бөлмеге қалдырып қояды да «Байқа! Сені осы зефирмен қалдырамыз. Жегің келсе жей бер, бірақ мен келгенше жемей күте тұрсаң, бір зефирдің орнына екеуін аласың. Сонда сенде басқалардан екі есе көп болады» дейді. Балалар «Окей, жақсы, түсінікті!» деп қала береді. Олардың жартысы өз зефирін жеп қойса, қалғаны жемей күтіп отыратыны белгілі.

Бұл өткізілген тәжірибесінің қулығы неде, не үшін сынаққа ұшыраған? Ең бірінші, жұмысшы таптарына деген біржақты көзқарас. Неліктен? Бұл тәжірибені алғаш рет байлардың балалары оқитын жекеменшік мектеп өткізілген. Басқа да көптеген мемлекеттерде қайталанған тұжырым: ұзақмерзімді бағыттағылардың мектептегі жетістіктері, жалақысы мен махаббатағы жетістіктері жоғары екен.

Кедей балалар оқитын мектепте өткізгендегі тәжірибе нәтижесі басқаша. Ол балалар неге қысқамерзім бағытын таңдаған? Себебі олардың жинаған өмірлік тәжірибесі басқа. Мысалы, ақшасы бар ата-аналар балаларына: «Сен мұздатқыштағы балмұздақты емес, көжені іш. Содан соң мен саған екі есе балмұздақ алып беремін, алдымен көжені іш» дейді. Қуатты жанұяда ата-ана балаларына берген уәдесін алдамай орындайды. Олар сол балмұздақты сатып бере алады, себебі оған ақшасы бар. Қысқамерзімді бағыттағы отбасындағы ата-аналар балаларын ақшаның жоқтығынан жиі алдайды. Әрине, ол оны қасақана істемес, жағдай сондайға келтіріп тұр. Бұл-кедей отбасынан шыққандардың шешім қабылдау механизмінің басқаша болуын айқындап тұр.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3