Алпамыс Аскарович Сырманов - Сарман алты таңба кітабы стр 10.

Шрифт
Фон

 Не таптыңдар?  деді ол тағатсыздана.

 Соңында біз мұнараның қираған бөлігіне келдік, ары қарай жол жабық болды үйінділермен бекітілген, менің ойымша біз мұнараның тек бір бөлігін ғана қарап шықтық. Сол жерден ғана біз бүтін қаңқаны таптық, бірақ оның адамдікі екеніне менің күмәнім бар,  деді де, Жақып Нұрланға қарады, Нұрлан оған басын изеп, қоржынның ішінен екі мүйізі шошайған, үлкен бас сүйекті алып Ерұланның алдына қойды, әлгіні көрген Ерұлан кішкене артқа қарай шалқайып:

 Бұл не?  деп сұрады үрейлене.

 Көріп тұрған жоқсың ба бас сүйек! Жағымсыз иісіне мән берме, біз қалаға кірер кезде қақпадағы сарбаздар тексермес үшін, кәріс құбыры арқылы кіруге тура келді,  деді Нұрлан.

 Бас сүйек екенін білемін ғой, бірақ кімдікі?

 Ол жағын біз де білмейміз, одан бөлек оның жанында мына заттар жатты,  деп Нұрлан қоржынның ішінен: төрт бұрышты сұр түсті қорап, бойтұмар мен жартылай сынған қанжарды алып, Ерұланның алдына тізіп қойды.

Сұр түсті қораптың сыртында түсініксіз руналар болды. Ерұланды қызықтырған да сол, себебі руналар оған таныс көрінді. Оларды бұрын бір жерде көргеніне сенімді, алайда қайдан екенін есіне түсіре алмады. Нұрлан әлгі сұр қорапқа қолын тигізген жоқ, ол қорапты асқан мұқияттылықпен ұстады, құдды қорап өте нәзік зат болғандай, Нұрлан қолындағы қоржынын шетке қойған кезде Ерұлан:

 Ал мынау не?  деп ол қорапты ұстай бергені сол еді, Нұрлан мен Жақып:

 Жо-жоқ!  деп оны тоқтатып үлгермеді, Ерұлан қорапты ұстай бергені сол, қолын қойған орын қызып-қызыл түсті жарық шашырай, Ерұланды шалқасынан құлатты. Ол есінен танып, Нұрлан мен Жақып екі жақтап оны орындыққа қайта отырғыза, сезімге келтірді.

 Қалайсың, досым? Неге айтқан тілді алмадың?  деді ол.  Не көрдің? Сен мынаны ұстаған кезде бірдеңе көрдің бе?  деп Нұрлан тағатсыздана сұрады. Ал Ерұлан отырған орнында ойын жинақтай алмай кішкене кідірді, оның өне бойы дірілдеп, өңі қаша, маңдайы терлеп, қабаған иттен қашқан адам сияқты ентіге тыныс алды.

 Сен де оны көрдің бе?  деді ол Нұрланға.

 Иә, оның бейнесі менің ойымнан кетер емес,  деп Нұрлан орындығына қайта жайғасты, олардың әңгімесіне Жақып араласа:

 Сен де құбыжық көрдің бе?  деп сұрады.

 Иә, үлкен, өте үлкен және ол аспанда қалқып тұрған таулардың алдында тұрды, айналасы қып-қызыл отқа оранған, тұрқы бұлыңғыр, анық көрінген жоқ, дегенмен оның көлемін аңғару қиын емес, оның не екенін білесіңдер ме?  деп оларға кезек-кезек қарады.

 Жоқ, оның тек сол бейнесінен басқа ештеңе көрген жоқпын және ол туралы ештеңе білмейміз.

 Сен оның артындағы аспанда қалқып тұрған тауларды көрдің бе?  деді Ерұлан.

 Иә, менің ойымша, ол Алтаһир таулары,  деді Нұрлан.

 Бұл нені білдіреді?

 Менің ойымша, мына қораптың ішінде бірдеңе бар, оны тек белгілі бір адам немесе мынау сияқты біреу аша алады,  деп Жақып бас сүйекке қолын қойды.  Ал сендер көрген Алтаһир тауының алдындағы құбыжық сол аймақтан пайда болатынын білдіруі мүмкін. Арада үнсіздік орнады, сосын Ерұлан:

 Мына бас сүйектің кімге тиесілі екенін білетін сияқтымын,  деді оларға қарай.

 Кім деп олайсың?

 Бастақ Бабадүр деген зерттеушіні танисыңдар ма? Мен соның кітабынан сендерге берген жолсызбаны алдым, кітапта Тұманды аймағында бұрын Марда атты мемлекет болғандығы жөнінде жазылған Бабадүр оларға кітабында нақты сипаттама бермеген, мүмкін мынау солардың бірі шығар және хан сарбаздарының онда бірдеңені іздеп жүргені жөнінде жазған,  деді Ерұлан.

 Ол қазір тірі ме?  деп сұрады Нұрлан.

 Жоқ, сендерді Тұмандыға жібермес бұрын, мен онымен кездесуге тырысқанмын, бірақ оның аяқ асты қайтыс болғанын естідім, ал оның отбасысы көшіп кеткен, қайда екенін ешкім білмейді; тіпті жақындары мен достары да, ал оның кітаптары мүлде жоғалып кетті.

Міне, осыдан кейін сендерді Тұмандыға жібердім Ал енді бізде барлығы бар, Бабадүрдің кітабында шындық жазылғаны анық, сонымен қатар ол «Марда мемлекетінің жоғалып, Тұмандыда тіршіліктің жойылуы ол адамдардың кесірі»,  деп жазған, анығырақ айтқанда, бір топ адамның және оны ол хан мен билеушілердің кінәсі дегенге келтірген, бірақ оларды Бабадүр ашық кінәламаған. Менің күдігім расталып келе жатқан сияқты.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3

Похожие книги

Кейд
4.8К 42