Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ стр 30.

Шрифт
Фон

 Е-е, мен киіз кітаптың үстінде отыр екенмін ғой,  деп, көшпелі ауылға тиіспей аттанып кетіпті деседі.

 Қызығы сол,  деді Ер аздаған үнсіздіктен кейін жұтынып.  Ескендір бұл сақ өлкесіне жорыққа шыққанда, ғалымдары тынбай іздеген «фәлсафалық тасты» осы жақтан табамын деп дәмеленген екен.

 Фәлсафалық тас?!

 Иә, өмірдің мәні мен шексіз билікке, байлыққа сол тас арқылы жетуге болады-мыс.

 Ол сонымен бірге сақтардың алтын-күміс байлығына белшесінен батып қалам деп те ойлаған емес пе?

 Айтпақшы, оның әкесі Филипп II-де сақтардың алтынын іздеп, 20 мың қолмен Дунайдан өтпеп пе еді. Бірақ ол да сақ патшасы Атейді жеңе алмай, құр қол қайтқан екен.

 Ал, енді бауырлар, осы жерде үлкен әңгіменің кезегі келді,  деді Би екеуіне кезек қарап.  Сол әйгілі қолбасшы Александр, өз тілімізбен айтсақ Ескендір жас ханзада кезінде әйгілі ғалым Аристотельдің шәкірті болмап па еді.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3