Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ стр 28.

Шрифт
Фон

 Мені өлімнен құтқарып алғандарыңа алғысым шексіз,  деді Шырақ жүйіткіп бара жатып, жанындағы үш батырға.  Бірақ оларға бір бөшке суды тастап кеткендеріңе түсінбедім. Мен оларды елсіз, сусыз шөлге қаңтарып, діңкелетіп, сілікпесін шығарып, көздерін тұздай құрту үшін әкелген жоқ па едім!

 Шырақ аға,  деді Нар жұмбақ жымиып.  Онда бір бөшке су жоқ. Бөшкенің аузына бекітілген бір тостаған су ғана бар. Ал бөшкенің іші толған құм.

 Біз бөшкенің аузын темір қалқанмен жауып, шынжырмен құрсап, құлыптап кеткенбіз. Дарий мен Рансбат қалқан астындағы суды жіңішке түтікше арқылы сарқып ішеді де, суы таусылған соң, оның қақпағын аша алмай әуреге түседі. Ал біз сол уақытта ізімізді суытып үлгереміз.

 Бәрекелді! Тапқыр екенсіңдер!  деді Шырақ жас батырларға қатты риза болып.

 Мына торсықты алыңыз, аға. Кенезеңіз кеуіп келе жатыр ғой. Қымыз ішіп, шөліңізді басыңыз,  деді Ер жанторсықты Шырақтың қолына ұстатып.

 Рақмет, батырлар, бәрін жан-жақты ескерген екенсіңдер,  деп қатты толқыған Шырақ батыр торсықты аузына төңкеріп, ернеуінен төгіп-шаша қымыз жұтты.

«Александр Македонскийдің бұйрығы бойынша,

Сырдарияда Александрия Асхата (Шеткі Алек-сандрия) деп аталған қала салынды Сақтар өзеннің екінші жақ бетінен гректерді садақтан атқылайтын. Ал, Александр көшпелілерді ката-пультпен атуға бұйырған, оларды шегінуге мәжбүр етті, сонан соң әскерімен қуғындай түскен-ді. Алайда қуғындаймын деп жүріп жеңіліске ұшырай жаздаған грек әскерлері қалаға қайта оралды. Александрдің өзі де дәл осы уақыт-та не ауырып қалды, не жарақаттанды. Осылай-ша, Александр Македонскийдің Яксарттың (Сыр-дарияның) арғы бетінде тұратын сақ тайпаларын талқандап, өзіне бағындырамын деген ойы сәтсіз аяқталды».

«Қазақтар» анықтамалығынан.


Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македон-ский) елшілері сақтарға келіп: «Біздер жеңілу дегенді білмейтін ұлы патша Александр Маке-донскийдің елшілеріміз»,  деп өздерін таныс-тырғанда, сақ елшілерінің басшысы: «Сендерде

жеңілмейтін тек патшаларың ғана, ал біздерде әрбір сақ жеңілмейді» деп қасқайып тұрып жауап беріпті.

«Түркістан» газетінен.

«Ескендір қайтқан төбеден»

Жолқапшықтарын арқаланып алған біздің үш сайыпқыран көктемнің не суық емес, не ыстық емес, мамыражай соңғы күндерінің бірінде Сарыағаш пен Дарбаза ауылының аралығындағы Дарбаза сайына жорыққа шықты. Олар сайдың екінші басындағы биік қыраттың табанына келгенде, бұжыр-бұжыр сұрғылт қой тастарға отыра қалып, аял жасады. Шаймерден үңгірі мен Ер Дәуіт төсіне зиярат етуге келгендердің бір бөлігі осы таудың басына да өрмелеп шығып қайтып жатыр екен.

 Біздің де көздеп келген мақсатымыз, осы Шаймерден төбенің басына шығу емес пе?  деді Ер күнқағары бар қалпағын шешіп алып жатып.

 Дәл солай. Бірақ сен бұл қыратты «Шаймерден төбе» деп дұрыс айтпадың,  деді Би қыраттың басына көз жіберіп тұрып.  Сендерге бір қызық айтайын ба?

 Иә, айт!

 Айтсам. Бұл биік жота Қыңырақ тауы деп аталады екен.

 Қыңырақ?!

 Иә иә! Кәдімгі Қазығұрт аңыздарының бірінде айтылатын Қыңырақ.

 Ол қандай аңыз?

 Естімесеңдер айтайын. Өздерің білесіңдер, Қазығұрт Тянь-Шань тауларының батысында жекеленіп жатқан тау. Оны мына Қыңырақтың басына шықсаңдар көрулеріңе болады. Сол Қазы-ғұрттың арғы тұсынан төбесінен қар кетсе де, мұз кетпейтін Қаржан мен Өгем тауларының шыңдары көгілдір боп мұнартып көрінеді. Ал, аңызын айтсам, ол былай: «Нұқ пайғамбардың кемесі «енді біздің төбемізге тоқтайды» деп көкіректерін керіп, масаттанып тұрған биік шыңдарға тоқтамай, Қазығұртқа келіп тоқтағанда, әлгі алып таулар Қазығұртқа қарсы соғыс жарияламақ болыпты. Осыны есіткен Қазығұрт өз маңайындағы аласа тауларға жар салады:

Ордабасы ұлыма айт,

Қызылсеңгір қызыма айт,

Еншілес інім Қаңғыраққа айт,

Сізден арғы Қараққа айт,  деп Қазығұрт батыс жағындағы кең далада нақ өзі сияқты оқшауланып тұрған таулардың бәрінің атын атап барып, ең соңында «Қайтарыңда Қыңыраққа бар да қайт» деп бітіріп, жеті тауға елші жұмсайды. Осыны есіткен әлгі соғысқұмар таулар бұлардың одағынан қаймығып, жотадан бірді-екілі жай соққы берумен шектеледі. Осылайша Қазығұрт тауының басы қағылып, жотасы қос өркешті түйеге ұқсап қалған екен дейді.

Ал әлгінде өз аты ең соңында айтылғандықтан, әрі көзге ілмегендей болып «бар да қайт» дегеніне намыстанған Қыңырақ қыңырайып, шеткерірекке барып орналасыпты дейді».

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3