Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ стр 12.

Шрифт
Фон

Анарыс  жеті ғұламаның бірі

Би мен Нар алаңдағы күрес жаттығуынан кейін үстеріндегі күрткелерін шешіп, жеңіл футболкаларын киіп алды. Екеуі орын-дыққа сұлап, әлгі киімдерін бастарына қойып жастанып, айқаса жатқан күйі алқынған демдерін, терлеп-тепшігендерін басып, біршама үнсіз дамылдады. Нар ұялы телефонына жармасып, ғалам-тор желісінен мәліметтер қарауға кіріскен. Ал, Би орындық жақтауындағы сөмкесінен жазба дәптерін алып парақтап, сондағы жазғандарын саралап оқып отырып, бір қиялға кіріп кеткенін байқамай қалды.

 Не ойлап отырсың?  деді Нар басын көтеріп.

 Ертедегі эллиндер Анарыс бабамызды  Анахарсисті айтамын, құрмет тұтқандары сондай, қабірінің басына арнайы ескерткіш белгі орнатып, тұғырына «Тіліңе, құлқыныңа және он екі мүшеңе ие бол» деп, өз сөзін ойып жазыпты. Сол ұлы бабамыз жайлы ойлап кеткен екем.

 Иә-ә, қалай еді  Нар маңдайын ұстап, бір жайды есіне түсіріп әуреленді.

 Би, олар мына өлең-жырымен бабамызды аза тұтқан екен:

Жат жерді кезген Анарыс скифтерге оралды,

Туғандарын эллинше оқытуды қолға алды.

Алайда данышпанның тіл, ақылы кесір боп,

Қауырсынды сұр жебе арқасына қадалды

Екеуі осы өлеңнің мән-мағынасын терең ұққысы келгендей біраз үнсіз жатты. Аздан соң Би:

 Со-ла-ай,  деді Нарды қоштап.  Эллиндер бабамызды әлемдегі жеті данышпанның қатарына қосып, оның айтқан қанатты сөздерін «Скиф осылай дейтін» деп ауыздарынан тастамай айтып жүргені де сол құрметтері емес пе.

 Би, сен сол жеті ғұламаны атап шыға аласың ба?

 Есімде қалса, қазір көрейін,  деді ол көзін жұмып. Ішінен қайталап, еске түсірді де,  көне замандық тарихтың атасы Геродот пен Страбон, Секст Эмпириктер өз еңбектерінде Анарыс бабамызды «Әлемдегі жеті ғұламаның» біріне жатқызыпты. Олар бабамызды Фалес, Солон, Периандр, Клеобул, Хилон, Биант, Питтактармен қатар атайды,  деді мақтанышпен.

 Анарыс бабамыздан қалған мына сөздер бүгінгі заманымызға да келеді емес пе: «Ең ақылды адам  ел билеуден аулақ болған адам», «Татымсыз мың досың болғанша, татымды бір досыңның болғаны артық», «Базар  бір-біріңді алдауға, тонауға әдейі жасалған орын», «Бір ғажабы, Элладада жарысқа өнерпаздар түседі де, оларға өнері жоқтар баға береді», «Элладада мені ақыл-парасат қорғап еді, өз елімде қызғаныш құрбаны болдым»

 Иә  ә,  деп күрсінді Би.  Бабамыздың қызғаныш құрбаны болғаны қандай қиянат!

Дәл осы кезде олардың жанына танауы делдиіп Ер келді. Ол қолындағы сөмкесін орындыққа қойды да, жейдесінің етегін ышқы-рынан шығарып, желпінді:

 Ой, мына күннің ыстығын-ай, терлеп, пысынап кеттім ғой. Ана «Сарыағашты» берші, аңқам да кеуіп кетті.

 Іздегеніңді таптың ба?  деді Нар «Сарыағаш» минералды суын Ердің қолына ұстатып жатып.

 Біз таппай қоямыз ба. Біздің үйдің үстіңгі жағында екі орамнан кейінгі көшеде тұратын Мұрат бар емес пе. Соның әкесі инкассатор ғой. Әкесінің ескі броножилеті бар екен, соны алып келдім, міне,  деп, сөмкені ашып көрсетті.

 Ой, бәрекелді!  деді Би қуанғаннан.

Үшеуі әдеттегідей жұдырықтарын түйістіріп, бір-біріне қарап жымыңдасты.

 Енді сәтін салса, ертең таңертең сапарымызға аттанайық,  деді Нар алақанын ысқылап.

 Иә, сәтін салсын.


***

Ертеңіне күн ұясынан шыға ағайындылар сауыт-саймандарын киіп, жол қапшықтарын арқаларына асынып, «Ерлік алаңына» келді.

 Біз сонда ертедегі Қара теңіздің солтүстік батысындағы Днестр өзенінің сағасынан шығуымыз керек қой?  деді Нар бауырларына қарап.

 Геродоттың жазуынша, Анарыс бабамыз өмірінің соңғы кездерінде жан-жағы ну орманды, тау-тасты Гиллея шатқалында тұрыпты ғой.

 Кәне, картаны берші,  деді Би Нарға қарап.

Нар қойын қалтасынан картаны алып, керекті бетін ашып, жазып көрсетті. Би картаға үңіліп қарады да:

 Днестрдің сағасы шамамен отызыншы бойлық пен қырық алтыншы ендіктің қиылысқан тұсында екен. Ендеше «Кеңістік сағаттарыңды» 30-ыншы бойлық пен 46-ыншы ендікке туырлай-сыңдар. Ал, уақыт көрсеткішін біздің дәуірімізге дейінгі 555 жылға белгілеңдер.

 Белгіледік,  деді бауырлары бір шамадан кейін қабаттаса.

Үшеуі келісіп алғандай оң қолдарын кеуделеріне қойып, әдеттегі ұрандарын екпінмен айтады:

Біз  Тұранның ұлдарымыз,

Ерлік  басты ұранымыз!

Жорыққа сай, дайынбыз,

Текті елдің қыранымыз! 

деп, қолдарындағы сағаттарын «сырт» еткізеді.


***

Біздің заманымызға дейінгі 555 жыл. Ағайынды үшеуі аласа бұталар сирек өскен төбесі таз биік жотаның жонынан шыға келді.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3