Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері стр 8.

Шрифт
Фон

Оқу жылының басында, шопандарға су таситын Қайыржан көкесінің машинасымен қойлы ауылға тартып отырған. Сол күні ол сабағынан да қалып еді

 Егер көңіл қошың болмаса, кітаптарыңыды жиыстырып, үйі-ңе қайта ғой.

Гүлмінез басын шайқады:

 Жоқ, мен «Қысты» айтам.

 Өте жақсы. Онда біраздан кейін өзіңе келгенде шығарамын. Жа-рай ма?

Ол басын изеді. Сабақ әрі жалғасты. Өзінің кезегі келгенше, тере-зеге қарамауға тырысты. Аты-жөні аталғанда, орнынан тұрып, тақтаға беттеді. Өлеңді айтуға оқталып, тамағын кенеді де, тұрып қалды.

 Жамал апай,  деді кенет даусы өзгеріп.  «Қыстың» орны-на Абай атамның «Жазғытұрын» айтайыншы.

Жамал апай жымиды. Түсінді, әрине.

 Жарайсың, Гүлмінез. Алдағы тапсырмаға күні бұрын дайын-далған көрінесің. Сол үшін «Жазғытұрын» айтуға рұқсат берем.

Гүлмінездің жүзі жайнап кетті. Өлеңді мәнерлеп, шабыттана оқыды:

«Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.»

Оның көңілінде қырмызы гүлді жасыл жайлау суреті көлбеп тұра қалды. Құлан таза сауыққан атасы көк жонның үстінде, ақ боз атты жетегіне алып, мұны күтіп тұр екен дейді

ЖАЙЛАУ ТАҢЫ ЖЫР ТӨГЕР

Гүлмінезді мамырдың саумал желі оятты. Көрпесі ашылып кеткен. Киіз үйдің іргесінен уілдеп тұр екен. Сырттан қой мен қозылардың жамырай маңыраған, атасының қой қайырған даусы естілді. Боз-торғайдың мың құбылған үні тіпті әсерлі.

Денесі сергіп қалыпты. Салмақсыз шардай, орнынан жеңіл тұрды. Киіз үйдің қос жармалы есігін айқара ашып, сыртқа елегізген күймен шықты.

Күткеніндей-ақ алдынан керемет көрініс ақ жарылып қоя берді. Төңірегі бел-белес жасыл әлем. Оларды көкпеңбек, кіршіксіз аспан күмбезі бауырына алыпты. Сонау, көлбей сұлаған жотаны қиялап қой-лар өріп барады. Енелерінің соңындағы жас төлдер  бейні ақ мар-жандай көз қуантады. Ал сай табанындағы құла биенің мүсінді құлынын, қозы  маржандармен салыстырғанда, ақ жұмыртқа дерсің.

Өркештенген көкжиектен жалт етіп көрінген алау-от Гүлмінезді айрықша баурап алды. Күн бейне бір сахнаға көтерілген табиғат ор-кестрінің дерижеріне ұқсайды. Айнала-төңірек кенеттен құлпырып, көңілді, салтанатты ырғаққа толып кеткендей. Оның алтын сәуле-таяқшасынан тараған нұр  қыздың жан қалтарысын себездеп қана қытықтап өтті. Бойындағы болмашы ғана діріл бүкіл денесіне тарады. Күлімсіреген күйі сезімге бөленіп, отты дирижер  күнге қарап көзі ұялды. Жанары мөлтілдеген шаттыққа кенелді.

 Шырағым-ау! Ерте тұрғансың ба?  деген дауыс оның ойын ке-неттен бөліп жіберді. Гүлмінез жалт бұрылса, жанында әжесі тұр. Оның әжімді, момақан жүзі өте сүйкімді көрінді. Бұрынғы бұйығы, қара-пайымдылығынан түйір дақ қалмағандай.

 Әже,  деді ол, әжесінің тарамыстай қолын алақанымен айма-лай сипап.  Жайлау таңы қандай әсем. Неткен ғажайып күй ырғақ-тарына толы

Оның танауына жаңа сауған сүттің иісі келді. Әжесінің бал тамған саусақтарына сіңген сүт қой бұл. Ол осы қамқор саусақтарды сығым-дай ұстап, жүзіне жақындатты.

 Иә, жаным,  деді әжесі.  Жайлау таңын көрген де арманда, көрмеген де арманда. Бар берекенің басы осы сылқым таңмен еріп келеді. Ерте тұрып әдеттенген адамға ырысын үйіп береді. Сен де сондай сергек жандардың бірінен бол, қарағым,  деп шешілді.

 Айтқаныңыз келсін!  деді Гүлмінез ересек адамдарша. Артынша:

 Ой, әже,  деді ойына бір нәрсе түскендей ырши секіріп.  Менің қағаз-қаламдарым қайда?  деп жүгірген күйі үйге сүңгіп кетті. Үйге қалай кірсе, солай жылдам шықты. Қолтығына қағазын, уысына қаламдарын қысқан күйі, үй артындағы биік дөңге тұра жүгірді. Мөлдіреген шық тамшыларын да елемей, көк шалғынға апыл-ғұпыл тізе бүкті. Содан, алаулаған күнге бетін бұрып, тапжылмастан көп отырды.

Қария қойларын өргізіп жіберіп, сәресісін ішуге қайтып келген. Немересінің бос төсегін көріп:

 Гүлмінез қайда?  деп сұрап еді, кемпірі иегімен дөң жақты нұс-қады. Қария үй сыртын көлегейлеген биік жонды тасадан шығып барып қарады. Немересінің қағазға шұқшиып отырғанын көріп, көңілі орнына түсті.

Бұл кезде кемпірі үй алдындағы ошаққа от жағып, түтін түтетті. Сүт пісіріп, шай қамдауға кірісті.

Үй ортасындағы жайдақ үстелге дастарқан жайып, шалы екеуі енді жайғаса бергенде, Гүлмінез де кіріп келді. Жүзі бал-бұл жанып, қария-лараға жайнаңдай қарады.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3