Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері стр 10.

Шрифт
Фон

 Анау пешті қарашы, ұрысып жатыр,  дегені.

САҒАТ ӘЙНЕГІ

Қытай сағатын жерге түсіріп алып, әйнегі шығып кетіп еді, Гүл-мінез оны дереу ұясына салып:

 Сағаттың көзілдірігін кигізіп қойдым, мама,  деді айыбын түзеген сыңай танытып.

«МҰРНЫ ҰЗЫН МАШИНА»

Көше қиылысынан бұрыла берген автокранды көрсетіп:

 Апа, машинаның ұзын мұрнын қарашы, басқа машинаны соғып кетеді ғой,  деді үрейленіп.

ТІСІ ЖОҚ

Үш жарым жасар Гүлмінез көрші бөлмеден жүгіріп келгенде, анасы әлдиін емізіп отырған. Ол әлдиге еңкейіп:

 Әне, әпкеңді көрдің бе?  деген.  «Әпке келді» деп айтшы.

Сонда Гүлмінез:

 Ол сөйлей алмайды, аузында тісі жоқ,  деді.

АРАША СҰРАҒАНДА

Гүлмінез әлдиін бетінен сүйгелі еңкейіп еді, әлдиі шашынан ұстай алды. Сонда Гүлмінез:

 Мама, мынаны қарашы, шашымды жыртпақшы,  деп араша сұрады.

БАҚША ІШІНДЕ

Бақша ішінде ойнап жүрген Гүлмінез көк құрақтың үстіне отыра беріп, қайта шоршып тұрды:

 Ой, шөптер «кіш» етіп қойыпты,  деді құраққа қонған шық там-шыларын көрсетіп.

СУРЕТТІ ҚАЙДА ТҮСТІҢДЕР?

Суреттердің біреуінен әке-шешесінің үйлену тойы дастарқаны үс-тінде бірге отырғанын көріп:

 Мама, бұл суретті қайда түстіңдер?  деді.

 Үйлену тойымызда.

 Мені неге шақырмадыңдар?  деді сонда Гүлмінез.

ЖЕКЕМЕНШІК ТАРАҚАН

Дәлізде еден жиегінде жорғалап бара жатқан тарақанды көріп қа-лып:

 Ой, папа, біздің тарақанды қарашы,  деді қуанып.

Тұмауратқанда

Таңертең ұйқысынан тұрған Гүлмінез:

 Мама, мұрным естімей қалды,  деді, мұрны бітіп, тыныс алуы қиындап кеткенін сездіріп.

МЕКТЕПКЕ БАРСАМ

Гүлмінездің гүлдері

17 минут
читать Гүлмінездің гүлдері
Кеңес Оразбекұлы
Можно купить 280Р
Купить полную версию

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3