Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз  қазына. 2-кітап стр 23.

Шрифт
Фон

Әзіл-қалжың сөзге әзілмен, тапқырлықпен жауап берудің орнына, қалжың айтқан кісіге ренжіп, өкпелеп, кейде жұдырығын ала жүгіретін, әзілді түсінбейтін топастау кісілер болады. Жоғарыдағы мақал сондай кісілерді әшкерелегенде қолданылады.


АУРУДЫҢ ЕМІ  САУДЫҢ СӘЛЕМІ


« Пенде шіркін асығын күнде алшы түсірсе де, басы ауырып, балтыры сыздамай тұрмайды. Ауырмайтын адам жоқ. Аурудың емі  саудың сәлемі дейді. Ең бір сауабы үлкен сәлем  сырқат адамның қолын алып сәлемдесіп, көңілін сұрау. Жаны мен тәні бірдей қиналып, әлдеқалай болам деп көңілі күпті, жүрегі қаяу тартып жатқан кісіге жылы-жылы сөз айтып, рухын көтеру ауру адамның көңіліне  медет, бойына қуат береді. Жақсы сөз  жарым ырыс деп тегін айтлымаған. Сол ауру адам, Алла емін салып жазылып кетсе, сенен жәрдем көргендей кездескен жерде ықыласы ерекше болады да жүреді. Неге десең, жайшылықтағы сәлемнен науқас кездегі сәлемнің орны ерекше, жөні бөлек сезіледі. Жаман айтпай жақсы жоқ, бұл дүниедегі татар дәмі таусылып, қазаны төңкерілсе, тірі кезінде сәлем беріп, көңілін сұрап тұрғаның үшін, тірлігінің соңғы күндерінде тілдесіп қалғаның үшін өзіңе риза боласың. Әттеген-ай, сонда неге бармадым деген өкініштің уыты жүрегіңді езбейді». (Б. Момышұлынан. 15.70-71-б.)

Аурудың көңілін сұрап, арнайы барып сәлем беру арқылы оның көңілін көтеріп, жайландырасың. Рухына дем беріп, сауығуына сенім ұялатасың деген мәнде ұғынылады.


АУЫЗДЫҒЫМЕН АЛЫСТЫ


«Ауыздығымен алысты» деп асау, бас білдірмеген, бойға үйрет-ілмеген аттарға айтылады. «Ауыздығын қарш-қарш шайнап, ауыздығымен алысып тұр» дейміз кейде». (Ж. Бабалықұлы, 24. 273-274-б.).

Аласұрып, жанын жеді, жұлқынды деген мағынада.


АУЫЗДЫҚТАУ


«Ауыздық  жүгеннің ат аузы ішінде тұратын бөлігі. Ауыздық екі бөлшек саусақтай жұмыр темірден жасалып, бір-біріне шығыршықты, үзбелі, қозғалмалы етіп түйістіріледі. Екеуі біріккенде бір сүйемдей болады. Ауыздықтың екі басы екі сулыққа бекітілген. Мұның бәрі де қозғалмалы бөлшектер. Ер-тоқым, айыл-тұрман жабдықтары ішінде ең керекті бөлігі жүген болса, ал жүгеннің барлық абырой, атағы ауыздыққа байланысты. Асау, тарпаңды ырқына көндіру ауыздықтау арқылы көндіру, тәртіпке шақыру мақсатымен адамға қатысты да айтылады». (Ж. Бабалықұлы, 24.275-б.).


АУРУҒА ЕМ, САУҒА ҚУАТ, ДӘРІ  ҚЫМЫЗ


«Жамбыл атамыз: ауруға ем, сауға қуат, дәрі  қымыз  дегендей, сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз ерекше дәмді, құнарлы, адамның жан сарайын ашып, зауқын келтіретін хош иісті және өте сіңімді сусын. Оның бұлай болу себебі, жылқы жануардың өзіне ғана тән асыл қасиетінен болса керек». (С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова, 57.71-б.).

Қымыздың ерекше қасиеттерін сипаттап, түйіндеп берген осы сөз тіркесінде қандай үлкен мән жатқанын әлі түсінбей келеміз.


АУЫЛДЫҢ АЛТЫ АУЗЫ


«Сойылған малды асаба алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп бата тілейді. Қонақтар бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше меймандарға кең дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май қойылып, қаймақтаған шай құйылады. Шайдан соң жаздыгүні болса қымыз, қыстыгүні болса езген құрт беріледі. Осы мезгілде әдетте үй иесі жағынан домбыра шертіліп, күй тартылып, ән айтылады. Бұл ауылдың алты ауыз деп аталады. Одан соң кезек меймандарға келеді. Меймандардың ән шырқап, қисса-дастан, яки ертегі айтуы керек. Егер айта алмаса, түрлі әзіл-қалжыңдар істеледі». (М. Қани, 55..385-б.)

Ән-күй тарту, өнер көрсету кезегі меймандарға берілгенде, оны «қонақкәде» деп атайды.


АУЫЛ ИТІНІҢ ҚҰЙРЫҒЫ ҚАЙҚЫ


«Қазақ ұғымында: Ит жеті ырыстың біреуі, Итті тепкен  ырысты тебеді, Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал, яғни тамақтандыр, т.б. айтылады. Итті бұлай қадірлеу мал шаруашылығымен шұғылданған көшпелі елде қажет-ақ. Өйткені, ит  адамның үйде де, түзде де сенімді серігі. Сондықтан итті иесімен қинасын деген. Ал Ауыл итінің құйрығы қайқы деген мақал әр ит өз ауылында күшті деген және басқа да астарлы ұғымды білдірген». (С. Мұқанов, 77.).

Бүгінде бұл мәтел көбіне кейбір адамдардың ерекше мінез-қасиеттерін сипаттағанда айтылады.


АЯЗ ӘЛІҢДІ БІЛ,

ҚҰМЫРСҚА ЖОЛЫҢДЫ БІЛ

(Екінші нұсқасы) *


«Аяз би өзінің зеректігі, тапқырлығы, ақылдылығы арқасында уәзір болады. Халық аузында Майқы бидің қасынан орын алған екі бидің біреуі (екіншісі  Құмырсқа) деген аңыз бар. Оның даналығын, достыққа адалдығын сертке, беріктігін, әділдігін хан да, қара да мойындаған. Хан болған Аяз би өзінің қой баққандағы жыртық шапанын хан сарайы босағасына іліп, соған көзі түскен сайын тәубесіне келген дейді. Содан халық аузында: Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл деген дана сөз қалған». (54.).

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3