Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары стр 3.

Шрифт
Фон

***

Қылкеңірдек Жетіқарақшы жұлдызына қарап тұрып:

 Міне, ет пісірімдей уақыт өтті, екеуінен де хабар-ошар жоқ. «Қойшы көп болса, қой арам өлер» дейді, бұлар іс тындырып жарытпас, өзім барып көрейінші, не болып жатыр екен.

Ол орнынан тұрып, жердегі қапшық пен жүгенді иығына артып, серіктерінің соңына түседі. Ол да алдынан көлденең шыға келген вагон-арбалар мен шатырларға таң қала қарап, жанына абайлап жақындайды. Вагон-арбаның біреуінің есігін ашып қараса, жан баласы жоқ. Ішке кіріп, есік түбіндегі қосқышты қосқанда, нысана көздеп ататын тир ойынының үстінен түскенін аңғарады. Қылкеңірдек: «Жүрген аяққа жөргем ілінер» деген осы»,  деп, жақтауда жатқан мылтықты алады. Көз алдында жануарлар мен аңдардың неше түрі самсап тұр. Соның біреуі  қасқырды көздеп атып қалып еді, дәл тиіп, тырапай асты. Енді аюды, түлкіні, қоянды көздеп атып, көздегенін тырапай асырып, ол да ойын қызығына беріліп кетті дейсің


***

Бөлме ішіндегі айналардың бәрін адақтап, асықпай қызықтап қарап, мауқы басылғаннан кейін Жарғақбас түкпірдегі тағы бір есікті ашады. Бөлмеге еніп, қосқышты қосып қалғаны сол, алдынан ертегідегідей таңғажайып сиқырлы әлем шыға келеді: Жапырақтары алақандай, ұзын-ұзын сабақтары иректеле бойлаған шырмауықтар мен қара қоңыр діңдері бұжыр-бұжыр алып ағаштар, үстіңе құлап кетердей төніп тұрған жылтыр, қара қошқыл тау-тастар мен жалт-жұлт еткен ұзынды-қысқалы сүңгілер  бәрі сондай әлем-жәлем және қорқынышты көрінеді. Жарғақбастың бойын үрей билеп, жан-жағына әсерлене қарап тұрғанда, кенет, қараңғы үңгір түкпірінен аузын апандай ашып, өңешінен от-жалын атқан бір алып құбыжықтың шығып келе жатқанын көреді. Ол өзіне қарай жақындап, таптап тастардай төніп келе бергенде, Жарғақбастың зәресі зәр түбіне жеткені сондай, есінен танып қала жаздады. «Астапыралла, а-а-а!» деп ақырып, безілдеп қаша жөнеледі.

Бұл кезде Шибұт та барлық жануарлардың үстіне мініп көріп, жалығып, енді басқа ойынға аңсары ауған. Ол да бір бүйірдегі есікті ашып, ішіне енгені сол, есінен тана жаздады. Көз алдындағы әлгі таңғажайып көрініске аузын ашып, қарап тұрғанда, «А-а-а!» деп, алдынан Жарғақбас безілдеп өте берді. Шибұт «О, тоба! Бұл неден қашып барады?!» деп, бір бүйіріне бұрылғанда, сонадайдан аузын керіскедей кере ашып, от-жалын атқан бір құбыжық өзіне төніп келеді екен. «Ой-ба-ай!» деп Шибұт та Жарғақбастың артынан қол-аяғын бауырына ала ілесе жөнеледі.

Бұл кезде Қылкеңірдек те жануарлардың бәрін көздеп атып тауысып, тағы не бар екен деп бөлме ішін аралап жүрген. Алдынан бір есікті көріп, тұтқасынан ашып кіре берді де, аңқиды да қалды. Алдындағы әлем-жәлем керемет көрініске есі ауа қарап тұрғаны сол еді, қалтарыстан «А-а-а!» деп ақыра қашқан Жарғақбас пен Шибұтты көреді. Қылкеңірдек: «О, жаратқан ием, бұлар неден қашып барады?!» деп, түкпірге көз салған. Аузын арандай ашқан, от-жалын атқан бір құбыжық «ал, жұтам!» дегендей төніп келеді екен. Қылкеңірдектің де құты қашып, «Сақта, құдай, а-а-а!» деп ақырып, серіктерінің артынан қояндай безе жөнелді.

Жер-дүние төңкерілгендей қатты дүрсіл мен айқай-шудан аттракцион иелері де шошып оянған. Олар вагон-арбаларынан дүрліге атып шығып, айқай-шу естілген ортадағы биік күмбез-шатырлы үйге қарай жүгірді. Күмбезді үйге кірген бойда қосқышты өшіріп, келесісін жағып қарап еді, үсті-бастары ұсқынсыз үш мишағар алды-артына қарамай: «А-а-а!» деп безілдеп шапқылап жүр екен. Олар үшеуін бас салып ұстап алды да, бақырған-шақырған күйінде жамбасқа алып, сыртқы есіктен далаға қаңбақтай лақтырып-лақтырып тастады да, есіктерін тарс жапты.

Үшеуі жатқан-жатқан жерлерінде естерін әрең жиып, «Жар бол, жасаған ием!» деп орындарынан тұрып, бір-бірін сүйемелдеп, келген жақтарына сүйретіліп кете барды.


Ай жарығындағы оқиға


Бір күні Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт үшеуі түн жамылып тағы да жорыққа шықты. Ай жарығында жықпыл-жықпылдың арасымен келе жатты.

 Ай жарығындағы ұрлығымыз сәтті болсын деп тілейік,  деді Шибұт жол бастап келе жатып.

 «Мен ұрлыққа шыққанда ай жарық болды» депті ғой біреу,  деді Қылкеңірдек ренжіп.  Ал біз ұрлыққа жиналғанда, ай жарығы еш нәрсе емес, мына Жарекеңнің жарғақ басы айға шағылысып келе жатқанын қарашы!

 Басы жылтырағанын қайтейін,  деді Шибұт.  Аяқ астымыз түк көрінбейді. Мына алдымызда терең өзекше бар сияқты еді. Абайлаңдар, түсіп кетпейік. Әй, Жареке, басыңды еңкейтші!

 Неге еңкейтеді екем?

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3