Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз  қазына. 1-кітап стр 9.

Шрифт
Фон

Жылқы, сиыр, түйе өзара «Мен жүйрікпін, мен жүйрікпін» деп бәстесіп, жарысып келе жатса, алдарында шөптің арасында бірдеме жылтырап жатыр. Сөйтсе, ол Үркер екен. Бұрын жеткен жылқы Үркерді басайын десе, сиыр «Мен басамын»  деп, мүйізін шайқап, оны жолатпайды. Үркер басында он екі жұлдыз екен.

Сиыр Үркердің алтауын ғана басып қалып, қалған алтауы тұяғының арасынан шығып, аспанға ұшып кетеді. Міне қыстың алты ай, жаздың алты ай болуы сондықтан. «Алты ай қыс, алты ай жаз» деген ұғым да содан туындапты.

Егер жылқы тұяғымен басса, онда Үркер түгел жерде жатар еді де, мәңгі бақи жаз болар еді.

 Ыстықта оқыралап шауып жүргеннен де, сақылдаған сары аязда сықыр-сықыр басып жүргенім жақсы,  деп жауап беріпті Сиыр.

Халқымыз бір жылдағы он екі айды суық, ыстық мезгілдер деп шартты түрде осылайша екіге бөледі. Осы бір жыл  он екі айдың өтпелі екенін ұғындырғысы келгенде де «Алты ай қыс, алты ай жаз» деп қысқа қайырғанды жөн көреді.


АЛТЫ АЛАСЫҢ, БЕС БЕРЕСІҢ БАР


Бір кедей жігіт темір ұстасына көрікші болып жалданады. Жалақысына күн сайын үш теңге алып тұруға уәделеседі. Бұған жігіттің әке-шешесі қуанып қалады. «Әрқайсымызға күніге бір теңгеден келетін болды ғой», дейді шешесі мәз болып. «Балам, жылына бір мың сексен теңге алатын болыпсың», дейді әкесі. Жігіт ұстаханада мінсіз еңбек етеді. Көрік басумен бірге балға соғады, көмір тасиды, су әкеліп, от та жағады. Ұста жасаған ат тағаларын,

кетпені мен орағын базарға апарып сатып, ақшасын әкеліп беріп тұрады.

Ұста мекерлеу адам болып шығады. «Көріктің шанағын жардың, балғаның сабын сындырдың, көмірді күл етіп жібердің, сатқан бұйымдардың ақшасын түгел әкелмедің», деп, ол жігітті әр жолы кінәләй береді.

Жыл өтеді. Есеп айырысатын күн келеді.

 Балам, алты аласың болса, бес бересің де болады, деп, ұста көрікшіге


Запыс*  ығыры шығу.

Пәтуа*  келісім.


жарты қалта теңге беріп, арқасынан қағып, шығарып салады.

Жігіт үйге келгенде, әке-шешесі одан қанша теңге әкелгенін сұрайды.

 Ақшаның алты аласын алып, бес бересін беріп келдім, дейді.

Ұста көрікші жігітке қанша ақша төлеген?

Түсінектемесі: Ұста келісім шарттағы бір мың сексен теңгені алтыға бөліп, соның бір бөлігін ғана көрікші жігітке берген. Басқасын «бес бересі» ретінде ұстап қалған.

Жауабы: Көрікші жігіт бір жүз сексен теңге алған.

«Алты аласың, бес берешегің бар ма» деп те айтылады.

«Маған өткізіп қойғаның бар ма» деген сөзбен мәндес қанатты сөз.


АЛТЫ ШАҢЫРАҚТЫҢ ІРГЕСІ АЖЫРАМАСЫН


Ертеректе Сырым батыр бес-алты серігімен жол жүріп келе жатып, Мөңке бидің ауылының үстінен түсіпті. Мұнда той қызып жатыр екен. Кенже баласы аяқтанып, жаңа құдалар да осында болып шығады. Жекжаттарымен қатар келіп қалған құдайы қонақтарды Мөңке би өзі отырған үйге түсіреді. Астан соңғы бата беру сәтінде Сырым сөзін:

 Алты шаңырақтың іргесі ажырамасын,  деп бітіреді.

Бұған Мөңкенің құдасы түсінкіремей қалып, «алты шаңырақтың іргесі ажырамасынның» сырын сұрайды. Сонда Мөңке оған:

 Құдай қосқан екеуміз жакжат болып отырмыз. Сенің қызың маған келін болып түсті. Ол үш шаңыраққа ие болады. Біріншісі  келген жұрты, екіншісі  нағашы жұрты, үшіншісі  өз төркіні. Сол сияқты менің ұлым саған күйеу бала болады. Ол да үш шаңыраққа ие: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Екі бала қосылып, алты шаңырақты шығарып тұрған жоқ па? Осы алты шаңырақты құрап отырған алты рулы елдің аузы бір, ынтымағы берік болмай ма?  деген екен.


АЛТЫН, КҮМІС  ТАС ЕКЕН,

АРПА, БИДАЙ  АС ЕКЕН


Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бір- бірін көргісі келмейді екен.

Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.

Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болыпты. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:

 Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, дейді.

 Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, деп, жауап береді кедей.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3