Нариман Абылайулы - Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный) стр 4.

Шрифт
Фон

Ал енді сендерге философия пәнімен танысқаннан кейінгі ойыма келген ойымды ортаға салайын. Кинода Гарри Поттердің және басқа оқушылардың даналыққа, білімге деген құштарлығын көруге болатынын енді түсіндім. Ал бала философияны оқып, философиялық ойларды миына тоқыса, онда ол өмірдегі қиыншылықтардан қашатын бір -ақ жол, ол «өлім» деген ойдан арылады деп ойлаймын. Ал енді менің соңғы сөзім, қазақ халқымыз текке айтпайды ғой, «ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», немесе орыс халқы оны былай пайымдайды «думай, прежде чем говорить» дегендей, философияның және басқа да ғылымның салаларына деген көзқарасыңызды білдіріп айтар кезде ойланыңыз, және олардың біз үшін өмірде маңызы бар ма жоқ па?!

Философия -бұл дүниенің пайда болуын үш негізде түсіндіреді, яғни пайда болу себептері ретінде аңыз, философия және дінді негізге ала отырады. Философия дегеніміз бұл білімге құштарлық, махаббат, яғни бірнәрсені жаттап айтып беру емес, түсіне білу, дұрыс қабылдау болып табылады. Мысалы ретінде Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындалатын оқушыларды алсақ, олардың тестілеу алдында дайындалып жинаған 125 ұпай болса немесе төмен болса да, бұл оқушылардың білімінің деңгейін анықтап көрсете алмайды, себебі жаттап дайындалғанында. Тек оқушылар ғана емес, студенттердің жинаған жалпы ұпайлары олардың білімін көрсетпейді. Нағыз білім деп адамның кез  келген уақытта сол сұраққа жауап бере алу қабілеті. Ал бірнәрсені білу, я болмаса бір жұмбақтың сырын ашу, іздену бұл білімге деген құштарлық, яғни философия. Ал философия кәсіпорын немесе жалпы атау ретінде ұйым секілді алдына мақсат қойып, соған жетуге тырысады, және ол кез-келген ұйым сияқты ішкі және сыртқы факторларды қарастырып, ескереді. Сіз де өмірде де, бизнес те де, дін мәселесінде ақпаратты алған кезде, оны қорыта біліп басқа да факторларды ескере отырып қабылдап, керек кезінде оны дұрыс пайдалана білу. Себебі көп білімнен не пайда, пайдасыз іске немесе мүлдем қолданбаса? Бизнесті қалай істеу керектігін үйрететіндер көп, алайда шынымен тәжірибе жүзінде алған білі бар бизнесмендер аз.

Осы философиядағы гуманизм бағыты өз алдына екі ғылымның ажырамас бөліктеріне айналған, яғни әдебиет те, мәдениет те қарастырылады. Әлде мен қателесіп тұрмын ба?!Осы гуманиз, яғни адамның қасиеттеріне тоқталсам деймін. Адам дүниеге келгеннен кейін осы өмірде өз орнын тапқысы келеді, алайда адамзат баласы қанағат сөзін өмірі естімегендей, естісе де түп мағынасын білмейтіндей болады. Осы дүниенің немесе тіршіліктің иесі деп санайды, ал осы дүниеде тіршілік етіп жатқан тірі ағзаларды ығыстырады. Сонда біздің философиямыз қандай, мәдениетіміз, ал экология мен биологияны неге оқып оны зерттеп жатырмыз?!Мысалы құрбақаны алсақ, ол жануардан қандай пайда?!Пайдасы жоқ бір жануар дейміз, алайда оның терісі медицина ғылымында вич ауруынан алдын алу мақсатында профилактика ретінде қолданады, енді осыны дамытып, яғни зерттесек, түрлі-түрлі аурулардың емін табуға болады. Осы жерде еске түсірелік бір нәрсе, философия да дінді және діни факторларды ескере отырып, теориясын құрайды. Естеріңізде болса мақаламның басында айтқам болатынмын. Енді осы дінді ғылым ретінде қарастырсақ, ол ғылымда Алла Тағалла жайлы айтылған. Осы әлемді жаратқан жаратушы бір Алла, ал бұл әлемді жаратқаннан кейін түрлі-түрлі жануарларды жаратты. Сонда тектен текке жаратты ма, әлде адамға бәсеке болсын деп жаратты ма?!Мысалы тіпті жыланның уынан пайда бар. Бірақ Алла Тағалла дүниедегі бар жан-жануарларды бізге қызмет етсін деп жаратқан жоқ.

Осы орайда ескеретін нәрсе сіздің алдыңызда бірде-бір адам міндетті емес, сіз өз болашағыңызды өзіңіздің іс-әрекетімізбен бір Алла деп тіршілік етуіңіз шарт. Қоғамдағы байлар мен мемлекет сіздің алдыңызда қарыздар емес. Эндрю Карнеги айтқандай «Негізгі мақсатың өзіңе көмектесу болуы шарт. Жеке тұлғалар да, халықта зекеттен жақсармайды».

Ғылым дамыған сайын, әсіресе физикамен байланысты біз Алла Тағаланы жоққа шығара бастаймыз, алайда осы өмірдегі құбылыстар мен тіпті адамдардың тіршілігі мен олардың қасиеттерін Алланың өзі ұйымдастырған шығар?! Сол жағын ойлаңыз.

Бізді сынаққа салған шығар, егерде адамға жақсылық пен жамандық қасиеттерін бойларына беріп, олардың қай қасиетін таңдар екен?!Періштені таңдай ма, әлде шайтан жолын ба? Бірақ біз білмейміз шын мәнісінде шайтан менен періште бар ма, мүмкін Алла Тағалланың өзі шығар бізді сынаққа салған?!Бұның бәрі жұмбақ, алайда бір тылсым күштің бар екені анық.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3