Бақыт Мәдімкызы - Дерт стр 4.

Шрифт
Фон

 Балалар, мен орыс мектебін бітіріп, училищеде де, институтта да орыс тілінде оқыдым.

Кейін жұмыс істегенде де орыс ұжымында қызмет атқардым. Сондықтан, дәріс беріп тұрып бір жерлерінде қателік жіберетін болсам сендер күлмеңдер, керісінше, мені түзетіп отырыңдар.

Оқушы балалар апайларының бұл ұсынысын түсіністікпен, үндемей қабылдады.

Сонымен, сараптаманы тапсырғаннан кейін дәрігер бұл кісіге «сіз тубдиспансерге барып рентгенге түсуіңіз керек, өйткені мына флюрографияңыз түсініксіздеу болып тұр» дейді. Жарайды деп, Бақыт тәте тубдиспансерден медициналық тексерістен өтеді.

 Сізге суық тиіп, тымауратып ауырдыңыз ба?  деп дәрігер әйел сұрады.

 Ия, ауырдым. 94 жылдан бастап орман шаруашылығының орталық қазаны тұрғын үйлерге жылу беруді қойды. Ал біз сол шаруашылықтың үйінде тұрамыз. Үйге біресе Құрмет қайным келіп, біресе Сәбит інім келіп пеш салып, он тоннадан көмір жақсақ та үйіміз бір жылынбады. Сонымен, екі қысты тастай суық үйде өткіздік. Содан денсаулығыма зиян тиген шығар,  деп, Бақыт тәте дәрігерге жағдайын айтты.

 Қазір де сол үйде тұрасыздар ма?  дәрігер ол кісіге таңырқана қарады.

 Жоқ, Аймен әпкемнің ұлы Серіктің көмегімен қаланың орталығынан үш бөлмелі пәтер алдық. Ал өз үйімізді інім Нұрғазыға сыйға тарттық.

 Қазір қорқатын ештеме жоқ, бірақ ем қабылдау керек. Сізге дәрілердің тізімін жазып беремін, соларды қабылдап, кейін тексерілуге келесіз. Мына қабылдайтын дәрілер мықты антибиотиктер. Тез жазылып кетесіз,  деді дәрігер дәрілердің тізімі жазылған қағазды беріп

отырып.

 Сонда мен балалармен жұмыс істеуіме болмайды ғой?  деп, Бақыт тәтенің көздері бақырайып дәрігерге қарады.

 Жоқ, қорқпаңыз. Егер емделмесеңіз, дертіңіз асқынып кетуі мумкін. Сіз дер кезінде келдіңіз. Ересек балалармен жұмысыңызды жалғастыра беріңіз, еш уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады.

 Жарайды, рахмет,  деп тәте дәрігердің кабинетінен шығып кетті.

Дертке шалдыққан адам үшін дәрігердің сөзі заң ғой. Сонымен, Бақыт тәте, дәрігер жазып берген дәрілерін үзбей қабылдап жүрді. Бірақ оның денсаулығы күннен күнге түзелер емес. Басына түскен мына жағдайға қарамастан ол кісі сабағын беріп жүре берді. Оқу орындарында қазақтың ана тілінде оқитын балалары үшін топтар ашылса да, қазақ тілінде жазылған бірде бір оқулықтар мен оқу құралдары болмады. Сондықтан, музыканың теориялық пәндеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарын қазақ тіліне аударып, Бақыт тәте өз дәрістерін ойдағыдай жүргізіп жүрді. Қазақ мектебін бітіріп келген балалар үшін бұл әрине тиімді болды. Мұнда, музыканың теориялық пәндеріне  музыка сауатының негізі, музыка теориясының негізі, гармония, полифония, музыка әдебиеттері (қазақ, шетел, орыс және кеңес дәуірінің әдебиеттері) жатады деп, жоғарыда айтып өткенмін. Былтырғы жылы, яғни 1996 жылы Бақыт тәтенің «Музыка сауатының негізі» атты оқу құралы баспадан шығып жарық көрді. Бұл Фридкиннің «Музыкальная грамота» оқу құралының аудармасы болып табылады. Мұнда ол кісі өз жанынан қажет деп санаған он тақырып енгізді, сонымен бірге, музыкалық жаттығуларына берілген мысалдарға қазақтың композиторларының шығармаларынан, қазақтың халық әндерінен және өз жанынан шығарған әндерін енгізді. Және бұл оқу құралы Құрманғазы атындағы консерваторияның ғылыми кеңесінің талқысынан өтіп, баспадан шығып жарық көрді. Бұл еңбек балалар музыка мектебінің, музыкалық колледждың, педагогикалық институтының музыка факультетінің және консерваторияның қазақ топтарында оқитын балаларға оқу құралы ретінде ұсынылды. Осы «Музыка сауатының негізі»  мен бірге Балалар музыка мектебінің 1  2 сыныптарының қазақ топтарында оқитын оқушыларға арналған «Сольфеджио» оқу құралы да жарық көрді. Мұнда, ол кісі қазақтың композиторларының шығармаларын, қазақтың халық әндерін және әлем музыкасын тиімді қолданана білді. Сонымен бірге, С. Елеманованың «Қазақ музыка әдебиеті»  нің бірінші бөлімі мен Ұ. Жұмақова және А. Кетегенованың «Қазақ музыка әдебиеті»  нің екінші бөлімін, сондай-ақ, оқу бағдарламасының талабына сай И. Дубовский бастаған бірнеше ғалымдардың «Гармония» атты оқулығын қазақ тіліне аудара бастаған еді. Өйткені, осы пәндерден дәріс беру үшін өтетін тақырыптарды орыс тілінен қазақ тіліне аударып, қарапайым жатық тілде оқушыларға түсіндіру қажет.

Сонымен, уақыт өтіп жатты, Бақыт тәтенің денсаулығы түзелер емес. Ел ішінде мынандай сөз бар «еврей халқы  аурамын-ау  деп дәрігерге барады екен, орыс халқы, жөтеліп қалса дәрігерге қаралады екен, ал біз, яғни қазақ халқы ұшып-жығылғанда ғана өліп-талып дәрігердің алдына барады екенбіз». Бұл әрине, бекер айтылмаған. Келе-келе Бақыт тәтеміз дәріс беріп отырып орнынан әзер тұратын жағдайға жетті. Бұл кезең 1997 жылдың

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3