Бақыт Мәдімкызы - Дерт стр 2.

Шрифт
Фон

 Негізгі дыбысты не деп атаймыз және қандай әріппен белгілейміз?  деп оқытушы балаларға қарады да,  сен айта ғой Қайрат,  деді.

 Бұл дыбысты, бұл дыбысты  деп Қайрат күмілжіп, басын сипап тұрып қалды.

 Сен сабақты көп жібересің, оның себебі неде?  Апайлары Қайратқа қарап қатулы түрде үн қатты.

 Апай, ол ақша төлеп оқиды, сондықтан, ақша төлесем болды, диплом аламын деп ойлайды,  деді жанында отырған Дәулет.

 Қанша пұл төлесеңде, маған десең миллион төле, эмтиханды тапсыра алмасаң саған ешкім диплом бермейді балам! Ертең жақсы маман боламын десең, оқу оқы, білмеген, түсінбеген жеріңді сұра. Үндестіктер туралы тақырыпты біз бірінші курста, теория пәнінде өткенбіз. Ұмытпасам, былтыр да саған ескерткен тәрізді едім, солай ма!?

 Ия апай, түсіндім,  деп Қайрат орнына отырып, ұялғандай болып төмен қарады.

 Апай, мен айтайыншы!

 Айта ғой Қаракөз, негізгі дыбысты қалай атаймыз!?

 Тоника дейміз және ол «Т» әрібімен белгіленеді немесе бірінші сатының белгісін қоямыз  І  рим санының белгісі.

 Енді осы әуеннің сольфеджиосын әндетіп, бәріміз қосылып айтып шығайық,  деп апайлары пианиноның қасындағы орындыққа отырып, әуеннің тоникалық үшдыбыстылығын ойнап, оқушылармен бірге айтты да «ре мажор» тональдығының дыбыс қатарын төменнен жоғарыға және жоғарыдан төмен айтқызды.  Енді әр дыбыстың астына үндестік белгілерін қойыңдар да үйлестіріп, осы әуеннің екінші, үшінші, төртінші дауыстарын жазып көрсетіңдер.

Бақыт тәте оқушыларға тапсырманы берді де өзінің қара терге түсіп отығанын байқады.

Кейінгі кезде бойында әлсіздік пайда болғанын да сезініп, оған сонша мән бермеп еді. Ол

қалта орамалын алып маңдайын сүртті де орамалды кеудешесінің жағасының астына бүктеп салып қойды. «Маған не болды екен?» деп ойлап, тақтаға қарады да:

 Балалар, Мәншүк үндестіктерді дұрыс үйлестіріп жазды ма?

 Апай, мен айтайыншы!  деп Мөлдір орнынан тұрды.

 Ал тыңдайық, айта ғой!

 Бұл әуен бір сөйлемнен, екі фразадан құрылады. Әр фраза төрт тактыдан тұрады. Мәншүк бірінші фразаны тоникамен аяқтады, ал ол дыбыс тоника да, доминанта да бола

алады. Мен ол жерге доминантаны қояр едім. Дұрыс па, апай?

 Ия, дұрыс айтасың Мөлдір,  деп оқытушылары риза болды жаңағы қызға. Одан кйін балаларға қарап,  Кім айтады, неге бірінші фразаны доминанта үндестігімен аяқтаған дұрыс?

 Мен айтайыншы,  деп, Мақсат орнынан тұрды.

 Бәріміз тыңдап отырмыз, сонымен, неге?  деп, апайы сумкасынан тағы бір қол орамалын алды да маңдайын сүртті. Ол кісі өзін жайсыз сезініп отыр еді.

 Өйткені, бірінші фразаны доминантамен аяқтаса, ол әуеннің жалғасы бар деген сөз, сонымен бірге әуеннің үйлесімділік үні баи түседі. Ал әуеннің соңы тоникалық үндестікпен аяқталады да оның аяқталғанын білдіріп тұрады.

Міне, осылайша сабақ өтіп жатты. Алдынғы қатарда отырған Гүлнұр мен Назгүл апайларының өзін сонша жақсы сезініп отырмағанын байқаған еді. Олар апайларына бір түрлі жанашырлық таныта қарады. Олар «апайға суық тиіп қалған сияқты ғой» деп ойлады.

 Балалар, бірінші курста теория курсын өтіп эмтиханды бәрің ойдағыдай жақсы тапсырдыңдар. Мамандықтарың бойынша эмтихан алған мұғалімдерің маған «қазақтың балалары үшін қазақ топтары ашылғаны қандай жақсы болды» деп, сендерді мақтады. Мен де сендер үшін қуанып қалдым, жақсы болған екен. Енді міне, «Гармония» пәнін аса зейін салып оқысаңдар өздерің үшін өте жақсы болады. Менің былай деп айтып отырғаным, кейін өз жандарыңнан әуен шығаратын боларсыңдар. Сонда дыбыстарды үйлестіру арқылы сол әуенге сүйемелдеу партиясын жазып шығара аласыңдар. Сондықтан бұл пәнді жақсы меңгеріп алғандарың өздеріңе жақсы болады.

 Апай, сіз өз жаныңыздан музыка шығардыңыз ба?  деп, Нұрлан қулана қарады оқытушысына.

 Әрине, мен Қарағанды қаласындағы музыкалық училищеде оқыдым. Сонда оқып жүргенімде музыка шығаруға тырысатынмын. Бірақ ол жазғандарымды біреуге көрсетуге ұялатын едім. Бірақ, сонда да болса мемлекеттік эмтиханға өз шығармаммен шықтым. Ол шығармам «Жас бала» деп аталады. Асқар Лекеровтың өлеңіне жазылған төрт дауысты хор а капелла болды. А капелла  деп, аспаптық сүйемелдеуінсіз орындалатын шығарманы айтады. Әрине, басқа да шығарғандарым бар. Оны өздерің «Музыка сауатының негізі» және

Балалар музыка мектебіне арналған «Сольфеджио» оқу құралының музыкалық мысалдарына берілген жаттығуларынан байқаған шығарсыңдар.  Апайлары біраз үндемей отырды да,  мына есепті жақсы шығардыңдар, енді тағы бір есеп шығарайық.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3