Бакыт Мадимова - Сөнбес сезім стр 5.

Шрифт
Фон

 Таптым! Менің ойымша шарларды тіз қатар іліп, «Әже, туған күніңмен!» деп жазайық.

 Содан соң бір шарға «60»  деген санды жазайық!  деп Талғат та мәз болды.

Сонымен, балалар өз ойларын жүзеге асыруға кірісті. Той басталар кезге бәрі дайын болды. Отырған жұрт, «жарайсыңдар, балалар!»  деп, көңілдері бір жасап қалды.

Той басталар уақытта келіп, қонақтар жиналып болды-ау дегенде, осы қаланың жұртына есімі белгілі болған асаба жігіт қолына домбырасын алып, тойды бастап жіберді. Төрдің алдына, дастарханның басына тойдың иесі болған Нүрилә апайымызды құрметтеп, асаба жігітіміз шығарып салды. Келген қонақтардың бәрі дастархан басына жайғасты. Медет ақсақал да өзіне тиісті орынға барып отырды. Ол іштей қобалжып, жүрегі лүпілдеп, жан-жағына қарап көздерімен Күлтәйді іздеді. «Ол мені таныр ма екен? Мен де бірден тани алар ма екенмін? Дегенмен де елу жылдан астам уақыт өтті ғой. Қандай болды екен менің жарығым?» деп, ой үстінде отыр. Асаба құйқылжытып ән салып, арасында тақпақтап сөйлеп, елге сөз беріп дегендейін, өз жұмысын атқарып жүр. Арасында қызықты-қызықты әзіл сықақтар айтып, елді күлдіріп қояды. Бірақ, мұның бірін де Медет ақсақал естіп отырған жоқ. Ол кісінің есіл дерті Күлтәйді бір көру еді. Өзі не ішіп, не жеп отырғанын да білмейді. Оған қарама-қарсы сәл жоғарырақ, әдеміше келген қара-торы әйел отырды. Күліп-ойнап, жанында отырғандармен жай ғана сөйлесіп, асабаның және орындарынан тұрып өздерінің тілектерін білдіріп жатқандардың сөздерін мқият тыңдап отыр. Қарақаттай екі жанары сол баяғы Күлтәйдің көздері. Бетіндегі, оң жақ көзінің маңайына орналасқан меңі, сол меңі, бәрі «мен Күлтәйіңмін» деп тұрған тәрізді, «бірақ, кімде мең жоқ дейсің,»  деп Медет ақсақал көздерін алмай қарап отыр. «Дауысын естісем танырмын» деп іштей ойлап қояды. Адам ұлғайса да дауысы өзгермейді ғой. Осылайша ойланып-толғанып отырғанда, асаба жігіттің «бата» деген сөзін естіп қалды.

 Ақсақал, мына үлкен тамаққа бата беріңіз,  деп асаба төрде отырған Нүрилә апайдың нағашыcына қолындағы микрофонды ұсынды. Бұл кісіні Медет ақсақал да танитын, ауылдан жиен қызының үйіне жиі келіп тұратын. Елдің бәрі бата естиік деп тына қалды.

От басы, ауыл-аймақ аман болсын,
Тыныштық бәрімізге заман болсын.
Табиғат таусылмастай азық беріп,
Тартулы дастарханың тағам болсын.
Осындай ойын-сауық бола берсін,
Үй іші той-думанға тола берсін.
Ағайын, туған-туыс, жекжаттарым,
Баршасы сау-саламат аман болсын.

Нүрилә, жиен қызым, айналайын,
Өзіңе ғұмыр берсін жаратушым.
Бала-шаға ортасында күліп-ойнап,
Жүре бер, бір Алладан тілейтінім!
Әумин!

Деп, сексен жасқа толған үлкен кісі бетін сипады. Мына тыңдап отырған барша жұрт «Әумин» деп беттерін сипады.

Осы батадан кейін, тойға жиналған барша қауым ас алуға кірісті. Асаба жігіт болса құттықтау сөздерін рет-ретімен сөз сөйлеушілердің аттарын атап, беріп жүр. Арасында қызықты-қызықты әзіл айтып елді риза етті. Жиналған елдің бәрі риза, бәрі көңілді. Тек Медет ағамыз ғана қайда отырғанын, не істеп отырғанын білмейтін тәрізді. Құттықтаушының бір сөзін естісе бір сөзін естімейді. Есіл дерті қарама-қарсы отырған қара-торы әдеміше келгке әйелде. Ойы сан-саққа жүгіріп, көз алдына сонау балалық шағы елестеді.

 Үзіліс, орысша айтқанда антракт жариялаймын! Ал бәріңізді биге шақырамын. Апалар, аталар сіздер де бой жазыңыздар,  деп асаба жігіт барынша тырысып жүр. «Үзіліс» деген сөзді естіп, Медет ақсақал селк ете түсті.

Музыка дегенің бүкіл аймаққа естіліп тұр. Жастар жағы күттірмейді ғой, бәрі билей ала жөнелді. Күлтәй да қалыспай билеп жүр. Қимылы жеңіл, алпыстан асса да дене бітімі қызға бергісіз. Орта бойлы, шашы қысқаша етіп қиылған. Үстіндегі сәнді көйлегі өзіне жарасып тұр, аяғында биік өкшелі туфли. Оны ешкім алпыстан асты деп ойламайды. Шеткерірек тұрған Медет ақсақал одан көзін алмай қарап тұр. Қасына келіп сөйлесуге батпайды.

 Ей, көршім, не ғып тұрсың, әншейінде билеуші едің ғой?!  деп құрдастары тисіп қояды.

 Біздің жас кезіміздегі музыка ойнасын, сонда билеймін,  деп, Медет ақсақал да беріспей тұр.

 Сіздің жастық шағыңыздың билері  чарлистон, твист, танго, вальс қой, қазір қоямыз,  деп, мұны естіп қалған асаба жігіт, музыка қойып отырған жігітке сыбыр ете қалды.

Үні ашық, көңілді әуен ауаны жарып жүйтки жөнелді. Бұл әуен ырғағы үлкеннің де, кішінің де денелерін қимылдатпай қоймады.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3

Популярные книги автора