Канат Ильич Нуров - Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер стр 7.

Шрифт
Фон

Бүгінде дүкен сөрелерінде бірінші басылымның бірде бір данасы қалмай тұрғанда және қазақ этносының һәм мемлекеттілігінің шығу тегіне арналған жаңаша көзқарастағы көптеген кітаптар шығуына байланысты оның екінші басылымының шығуы өте орынды. Мен өзімнің сыншыларыма да, және маған байланысты ма, байланысты емес пе, менің көзқарасыма жақын келген кісілерге алғыс білдіремін. Маған осы кіріспе арқылы Қазақстан тарихнамасының қазіргі жетістіктеріне және менің сыншыларымның негізгі ұстанымдарына қатынасымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Өйткені, бұл кітап еш өзгеріссіз, қосып, алусыз, атауы сәл өзгерсе де, сол күйінше басылып отыр.

Сонымен қатар, өзім көп жылдар бойы ұлттық корпорациялар деңгейінде басшылық жұмыста жүргесін, көп нәрсенің жаңа қырлары ашылғандай. Әсіресе, бұл Қазақстан саяси жүйесін жаппай вестернизациялау керек деген ғылыми дүниеден гөрі қиял-ғажайып ертегісіне ұқсайтын соңғы бөліміне қатысты. Маған енді көп нәрсе 1995 жылдағы өзім ұсынған саяси рецепттер сияқты қарапайым және оңай көрінбейді.

* * *

Ең алдымен, қазақ ұлтының қазақлық шығу тегі концепциясының жаңаша резюмесін әйгілеп, қайта басылып жатқан кітаптың негізгі проблемалары жөніндегі Қазақстан историяграфиясының қазіргі жетістіктеріне сүйеніп және, осыған байланысты, өзімнің көшпелі қазақтар этносының, мемлекеттілігінің шығу тегі, оның неге үш жүзге бөлінетіні жөніндегі түсініктеріме қандай өзгерістер енгенін көрсеткім келеді.

Қазақтар этногенезіндегі қазақлық концепциясының резюмесі

Қазақлық концепциясының жеңілдетілген жалпылама жобасы:


Орталық Азия Орта Азия емес.

Азияның географиялық орталығы Батыс Түркістанда емес, Алтайда (Тыва, Қызыл).

Орталық Қазақстан мен Монголия Алтайдың Батыс және Шығыс жағындағы Ұлы Даланың бөлігі.

Қыпшақ Даласы, ең алдымен,  Еділдің арғы жағындағы Ұлы Даланың бөлігі.

Этнос туысқандық емес, өмір дағдысы, мәдени тұрмыстық қоғамдастық.

Тіл өз этносыңды танудың қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты.

Мемлекеттілік этнос болудың жеткілікті, бірақ қажетті емес шарты.

Сактар және көне үйсіндер қазақтың арғы атасы емес.

Кейінгі ғұндар және көне түркілер қазақтың арғы атасы.

Отырар қазақ қаласы емес, оған көшпелі қазақтардың нағыз аталары өрт қойған.

Көшпелі қазақтардың нағыз аталары көне монголдар, оларды татар казактары деп те атаған.

Йемек, кимак, телеуіт, қыпшақ сияқты жергілікті тайпалар ежелгі монгол суперэтносының қазақы өмір дағдысын қабылдаған, немесе, оларда ол бұрыннан болған.

Орталық Азиядағы қазақылық ежелгі монгол суперэтносының және оның субэтносы қазақтардың ежелгі түркі монголдық өмір дағдысы.

Kaзak деген еркін жаугерлер және өз ру тайпаларынан бөлініп, өз отбасыларымен жекеше көшіп-қонып жүрген байлар.

Тайпадан тыс казактар әскери мұқтажда әрқашанда жүздік пен мыңдыққа біріккен, өздеріне рубасылар арасынан таңдап атамандар сайлаған, сөйтіп, әскері бар қолбасшылар ретінде ру-тайпаларды билеп отырған.

«Казакия» және «казак хандары» жөніндегі мәліметтер бірінші рет Х-XI ғғ. аталады.

Хан және хандардың ханы қағандар рубасылар арасынан тайпалар үстінен жоғарғы билікке сайланған әскери қолбасшылар.

Қыпшақтардың Ел бөрі және қияттардың Борджигин (Бөрі тегін) бөрітектес рулары Ашинаның ежелгі түркілер руымен және алашмыңы сияқты өзінің шығу тегін бөріге апаратын уйшин, аргын және алшиндардың kaзak одақтарымен байланыста.

Күшті, мықты деген мағынадағы түркі және монгол деп аталатын тайпалар дүниеде ешқашан болмаған.

Бұл Ашина және Шыңғысхан тұқымына бағынған тайпалардың жалпы саяси атауы ғана.

XIII ғасырда Шыңғысхан барлық далалықтарды казактарға айналдырды, ол тайпалық әскерлерді жойды, ру мен тайпаларды бір-бірімен араластырып жіберді, оларды тұтас және маманданған әскер-ұлттың, орданың жүздік пен мыңдықтарына бөлді.

Осы жүздіктер мен мыңдықтар арқылы өздерінің әскербасылары ру-тайпаларының ежелгі түркі-монголдық атауларын сақтаған мүлде жаңа, саяси тайпалар пайда болды.

Өзінің үлкен ұлы Жошыға Шыңғысхан Қазақстанда ұлыс бөлді.

Жошы өлгесін Жошы ұлысының басшысы қылып Шыңғысхан Жошының бірінші ұлы Ордуды емес, оның екінші ұлы Батуды қойды.

Батухан Жошы ұлысының шекарасын Европа мен Литваға шейін жеткізді.

Еділ бойындағы Сарай қаласында Батухан Жошы ұлысының (Ақ Орда) астанасын салды және, Еділге қарағанда, оның оң жағындағы бөлігіне билік етті.

Ваша оценка очень важна

0
Шрифт
Фон

Помогите Вашим друзьям узнать о библиотеке

Скачать книгу

Если нет возможности читать онлайн, скачайте книгу файлом для электронной книжки и читайте офлайн.

fb2.zip txt txt.zip rtf.zip a4.pdf a6.pdf mobi.prc epub ios.epub fb3